Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Н әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Н әрпі бойынша ат қою)

НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем.

НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.

НАЗГҮЛ - (қараңыз Гүлназ).

НАЙРА - араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын.

НАРША - нардай мықты, қайратты, жігерлі.

НАУАТ - араб тілінен алынған набит — өсімдік, шөп; мұз түстес, мөлдір, жылтыр, тәтті қант.

НАУША - иран тілінен алынған ноуче — жаңа келген; балаң, жас.

НӘБИРА - араб тілінен алынған нәбирә — немере ұл, немере қыз.

НӘДИРА - араб тілінен алынған надыр — сирек, тандаулы.

НӘЗИПА - араб тілінен алынған назифъ — таза, мұнтаздай, пәк.

НӘЙЛА - араб тілінен алынған нәйль — жетістік, тілекке, арманға, табысқа жету; сый, сыйлық.

НӘРГҮЛ - иран тілінен алынған нәр - анар сөзінің қысқарып, өзгерген түрі + гүл. Анардың гүліндей сұлу, әдемі деген мағынаны білдіреді.

НӘРЗӘН, НАРЗАН - минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді.

НӘРИМА - араб тілінен алынған найри — батыл, ер жүрек, қызба жан.

НӘСИМА - араб тілінен алынған нәсимә — самал; лебіз, леп.

НӘФИСА - араб тілінен алынған нафиса — сұлу, көркем, әдемі; нәзік, биязы.

НЕСІПЖАН - араб тілінен алынған насиб - үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.

НҰРАЙ - көркі, нұры айдай, сұлу, көркем.

НҰРАЙША - араб тілінен алынған нұр + айша, нұры, көркі айша жарқыраған сұлу. Түрі — Нұрғайша.

НҰРБАҒИЛА - көркі, әрі, сұлулығы мәңгілік, өмірлік, мәңгі сұлу.

НҰРБИБІ - араб тілінен алынған бибі - нұрлы, көрікті, ажарлы қыз бала.

НҰРЖАМАЛ - араб тілінен - сұлулық, көркемдік сәулесі.

НҰРЖӘМИЛА - араб тілінен - аса сұлу, әдемі, көрікті; өте сүйкімді, ажарлы.

НҰРЗИЛА - араб тілінен алынған — ашық жарқын жүзді.

НҮРЗИЯ - араб тілінен алынған нүр + зия — жарық, сәуле шұғыла. Нұры, ажары жайнаған сұлу.

НҰРИКАМАЛ - араб тілінен - кемеліне келген, толысқан сұлу.

НҰРИЛА - араб тілінен — жарық жүзді, ажарлы, көрікті.

НҰРИПА - араб тілінен - нұрлы, ажарлы, көркем.

НҰРИЯ - араб тілінен —жарқын, ашық, нұрлы, керкем, әдемі қыз.

НҰРЛЫҚҰЛ - араб тілінен — ажары, көркі, реңі, гүлдей, сұлу қыз.

НҰРСҰЛУ - араб тілінен алынған нұр — қазақтың сөзі сулу. Қыз бала өте әдемі, нұрлы, әрлі, көркем әрлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

НҰРХАН - араб тілінен — ажарлы, әрлі, көрікті, сұлу ханым.

НҰРША - араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған ажарлы, нұрлы, көрікті.

НҰРШАЙЫМ - араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған, ажарлы, нұрлы, көрікті.

НҰРШАРА - нұрлы, әрлі, сұлу Шара.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Таншолпан
    0 + 0 -
    Дурыс есим жоккой адеми кулакка жагымды есимдер барма Нагыма Нуржамал естип журген есимдер барма
    1. zharar2022
      zharar2022 26.02.2023 14:44
      0 + 0 -
      Н-әрпінен басталатын қыз бала есімдері/ қызға қандай есім қоюға болады?