Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Қ әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Қ әрпі бойынша ат қою)

ҚАЗИЗА - (қараңыз: Ғазиза).

ҚАЗИЛА - араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.

ҚАЗЫНА - араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.

ҚАЛАМҚАС - жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.

ҚАЛБИБІ - (қараңыз: Аққал).

ҚАЛИЯ - (қараңыз: Әлия).

ҚАЛУА - (қараңыз: Алуа).

ҚАЛУАН - (қараңыз: Алуа).

ҚАЛТҰРҒАН - (қараңыз: Аққал).

ҚАМАРИЯ - араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.

ҚАМҚА - қытай жібегі, жұқа жібек матаның түрі.

ҚАПИЗА - араб тілінен алынған хафез білгір, білімпаз, оқымысты.

ҚАРАГӨЗ - мөлдір, әдемі, нәркес көз.

ҚАРЛЫҒАШ - құс атауынан қойылған есім.

ҚАТИРА - араб тілінен алынған хатирә — пікір, сана, идея.

ҚОРЛАН - араб тілінен — хор сұлуы, хор қызы.

ҚҰНДЫЗ - терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.

ҚҰРАЛАЙ - киіктің лағы; уақыт мезгілі (15—20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.

ҚЫЗҒАЛДАҚ - қырмызы қызыл гүл атынан қойылған есім.

ҚЫМБАТ - аса бағалы, құнды, нарқы артық.

ҚЫРМЫЗЫ — шымқай қызыл, алқызыл, қызыл жібек; нұрлы, әрлі.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру