Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою)

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою)

ТАБАР – қазақ сөзіне тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болып дүниенің сырын ашсын, жаңалық тапсын деген тілекпен қойылған есім.

ТАБЫЛҒАН - баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.

ТАҒАЙ - араб тілінен - нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.

ТАЗАБЕК - нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.

ТАЙБЕК - тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі -Тайжан.

ТАЙЛАҚ - ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.

ТАЙМАС - өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас бала.

ТАЙШЫҚ – тибет тілінен бұл есім көне түркі тілдерінде дәреже ретінде қолданылған тибеттің тайши сөзінін өзгерген түрі. Демек, тайши — аға тәрбиеші, ұстаз; атақты, әйгілі адам.

ТАЙЫР - араб тілінен алынған таир - жоғарыға ұшушы; құс.

ТАҚЫР - араб тілінен алынған тахир — таза, бүлінбеген, бұзылмаған. Дыбыстық өзгерту түрі — Такир, Тахир.

ТАЛАП - араб тілінен алынған талаб - іздену, талап ету, өтініш, тілек.

ТАЛҒАТ - араб тілінен алынған - өң, түр, келбет, рең, жүз, әдемілік, сұлулык.

ТАЛҚА - араб тілінен алынған — таңдаулы, тамаша.

ТАЛМАС - арымас, шаршамас (адам).

ТАНАБАЙ – қазақтың сөзі тана — екі жасар баспақ + бай. Сиыр малы атауынан қойылған есімдер көп болған. Синонимдері — Бұка, Бұқабай, Өгізбай, Сиырбай, Бұзаушы және т. б.

ТАҢАТ - таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.

ТАҢБОЛ - ата-ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.

ТАҢСЫҚБАЙ - ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.

ТАРҒЫН - көне түркі тілінен— ашулы, зілді. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.

ТАСБОЛАТ - тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТАСЕМЕН - тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ТАСҚЫН - бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.

ТАСТАЙ - бала тас сияқты мықты, мәңгілік болсын деп қойылған есім.

ТАСТЕМІР - ата-ана тарапынан баланың өмірлі болуын, тас пен темірдей мықты, берік болуын тілеп қойылған есім.

ТАСТҮЛЕК - мықты ұрпақ, жеткіншек.

ТАТУБАЙ - бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).

ТАУ - шың, асқар, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Таубай, Таужан, Тауман. Қысқартып айту түрі - Тауан.

ТАУАСАТ - өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.

ТАУФИХ - араб тілінен алынған тавфих — табыс, жетістік, бақыт; әрекет, көмек.

ТАХАУИ - араб тілінен алынған — тұкым; ұрпақ.

ТӘЖІ - иран тілінен алынған тадж. Біріккен тұлғалы есімдер — Тәжібай, Тәжімұрат және т. б.

ТӘКІМ - араб тілінен алынған таһим — нығаю, бекіну, бекініс.

ТӘЛІП - араб тілінен алынған таалип — талапкер, талап етуші, білім ізденуші; сұраушы.

ТӘҢІРБАЙ - (қараңыз: Көкбай).

ТӘТТІБАЙ - тәтті, ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.

ТӘУЕКЕЛ - тәуек + кәл — батылдың, бел байлағандық.

ТӘУІР - жақсы, оңды.

ТЕГЕРАН – парсы тілінен - «тех» - түп, «ран» - баурай, яғни тау баурайының етегі деген мағынаны білдіреді. Иран астанысы Тегеран тау баурайынынң етегінде орналасқан. Оған қоса тегеран сөзі «жайлы жер» дегенді білдіреді. Менің ағамның есімі Тегеран (admin ескертуі)

ТЕМІР - бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған есім. Синонимі — Тимур.

ТЕМІРБОЛАТ - бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.

ТЕМІРБЕК - (қараңыз: Бектемір).

ТЕМІРҒАЛИ, ТЕМІРӘЛІ – қазақтың сөзі темір + араб тілінен алынған ғали; мықты Ғали.

ТЕМІРҚАН - темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.

ТЕМІРЛАН - темір + қосымша лан
.
ТЕМІРТАС - темір мен тастай мықты, берік.

ТЕМІРТҮЛЕК - темір + түлек. Синонимі — Тастүлек, яғни жеткіншек, өспірім.

ТЕҢІЗБАЙ - байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.

ТИЕС - тиісті, тиесілі, қатысты.

ТИЯНАҚ - тірек, тұрақ, табандылық.

ТОҒЫЗАҚ - әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата-аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.

ТОҒЫЗБАЙ - бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.

ТОҚАН - көне түркі— сұңқар.

ТОҚСАНБАЙ - тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.

ТОҚТАР - ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т.б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.

ТОҚТЫБАЙ - ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.

ТОҚЫР - араб тілінен алынған - қайырымды, кішіпейіл, ұяң мінезді.

ТОЛАҒАЙ - дәу, алып, қара күші мол болсын деп қойылған есім.

ТОЛЫБЕК - үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТОЛЫС - жетіле, өсе түс, ер жет.

ТОМАН - моңғол тілінен тумэн — он мың; бір нәрсенің шексіз көптігін білдіретін сан. Түрлері - Түмен, Туменбай.

ТӨБЕЙ - үлкен, зор.

ТӨЛБАЙ - үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.

ТӨЛЕБАЙ - бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.

ТӨЛҒОЖА - тұнғыш бала өзінен кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.

ТӨРЕБЕК - көне түркі тілінен - төре — тәртіп, ереже, заң; әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.

ТУҒАНБАЙ - туған + бай. Бай болып туған.

ТҰРҒАНБЕК - (қараңыз: Бектұрған).

ТҰРДЫБЕК - бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.

ТҰРМАНЖАН - ертеде көшпелі тұрмыста ер-тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.

ТҰРСЫН - баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.

ТҰРСЫНБАЙ - яғни көп, ұзақ жасасын.

ТҰРСЫНБЕК - яғни өмірі берік болсын.

ТҰРСЫНЖАН - жаны аман болсын, көп жасасын.

ТҰРЫМТАЙ - қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.

ТҰЯҚБАЙ - тұяқ — уақ мал, қой-ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.

ТҮГЕЛБАЙ - бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.

ТҮЛЕК - жас өспірім, жеткіншек.

ТҮЛКІБАЙ - балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.

ТҮМЕН - (қараңыз: Томан).

ТҮРГЕНБАЙ - түһген — жылдам, тез + бай.

ТҮСІП, ТҮСҮП - (қараңыз: Жұсіп).

ТЫНАЛЫ - тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.

ТЫНЫС - дем; үзіліс, дамыл, тыным.

ТЫНЫСТАН - дем алу, дамылдау.

ТЫНЫШТЫҚ - (қараңыз: Еламан).

ТЫНЫШТЫҚБЕК - (қараңыз: Бейбітбек).

ТІЛЕГЕН - тілеп, сұрап алған бала.

ТІЛЕК - мақсат, арман, ниет, ой. Бұл есім көбіне ұл баланың бөлуын армандап жүрген ата-аналар тарапынан қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Тілебалды, Тілепберген, Тілепберді, Тілекбай, Тілеубай, Тілекмет.

ТІЛЕМІС - тіле — сұрау, қалау міс — көнежұрнақ, казіргі кездегі ған=ген жұрнағына сәйкес. Тілеп алған, сұрап алған деген мағынаны білдіреді.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру