Қағаздан бұйымдар жасау

 Қағаздан бұйымдар жасау

Сабақтың мақсаты: қағаздан бұйымдар жасау туралы мәлімет беру.
Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: адам мен тірі табиғат арасындағы байланыс туралы мағлұмат бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, желім, қайшы, торғайлар, көбелектер, бейнесөз, жұмбақ.
Пән аралық байланыс: еңбек, дүниетану, тіл сабағы

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
а) назарын сабаққа аудару
ә) сабаққа қажетті құралдарын дайындау
Психологиялық дайындық.
«Қызғалдақтар» тобы
Келіпті көктем
Көрікті неткен!
Қызғалдақ гүлдеп,
Күн нұрын төккен.
«Көбелектер» тобы
Іздеп - іздеп не керек,
Таптым бір гүл керемет.
Гүл дегенім бірақ та,
Болып шықты көбелек.
«Құстар» тобы
Дала гүлге бөленді
Қуанышқа кенелді
Орман, тоғай, бақтарда
Құстар сайрай жөнелді.
Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Жұмбақ шешу.
Аппақ ұлпа бетіне,
Әсем бейне саламыз.
Сөз, сөйлемді, мәтінді,
Қаламмен көркем жазамыз. (қағаз)
Бейнесөз шешу (слайдтан көрсету
Балалар қандай сөз шықты? (оқушылар жауабы)
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағаздан бұйымдар жасау. (слайдпен көрсету)
«Кубизм» әдісі арқылы ауызша сұрау.
«Қызғалдақтар» тобына қағаздың шығу тарихы туралы айту.
«Көбелектер» тобына қағаздың қасиеттер туралы айту.
«Құстар» тобына қағаздың қажеттілігі туралы айту.

Кіріспе.
Жалпы қағазды кітап шығаруға қолданумен қатар ұлы суретшілер оны сурет салуға пайдаланады. Кейін келе суретші конструктор, дизайнерлер түрлі қағаздан әдемі заттар мен бұйымдар жасауды ойлап тапты. Жапон елінде қағаз пластикасы пайда болды, ол «оригам» деп аталады.
Қағаз пластикасымен жұмыс істеу үшін ең алдымен қағазды дұрыс бүктеу, қаттау және ию тәсілдерін меңгеру керек. Жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі түсті қағаздарды пайдаланған жөн.
Қағаздан әр түрлі бұйымдар жасауды сендер 1 - сыныптан бастап үйреніп келесіңдер. Қағаздан жеке - дара қарапайым жәндіктер мен құстардың бейнесін жасап үйрендіңдер. Енді солардың күрделі түрлеріне көшеміз.
Мұнда сендер қағазбен жұмыс істеудің күрделі түрімен танысасыңдар. Қағазды бүктеу, орау, июдің бірнеше қайталанып келетін түрлерін көреміз. Жұмыс істеу кезінде өте ұқыпты, мұқият болмасаңдар, шатасып қалуларың мүмкін. Сондықтан әрдайым бүктейтін орындар мен қағаз орамдарды белгілеп отырған дұрыс. Қағаздан жасалатын бұйымның көлемдік жағына байланысты қағаз бері ішке қарай немесе кері бүктелуі мүмкін. Ал кейде қағаз орамы бірнеше рет қайталанып келуі де ықтимал. Сондықтан бүктеу тәсілдерінен шатыспау үшін оны қарындашпен үзік сызықтар арқылы белгілеген орынды.
Қағаз пластикасымен жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі түсті қағаздарды пайдаланады.
Балалар, қандай мезгіл? (оқушылар жауабы)
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Сурет ілу.
Сарамандық жұмыс.
Слайдпен көрсету, түсіндіру.
Оқушылардың жұмысын суретке ілу, қорғау.
Рөл
Аудитория
Форма
Тақырып
Көктем көрінісін суреттейтін өлеңді аяқтау.
........................................................... көңілді,
........................................................... төгілді.
........................................................... ашылып.
........................................................... көрінді.
Бағалау (өзін - өзі бағалау).
Тыңдағандарыңызға рахмет! .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру