Өмір гүлі - аналар
Мақсаты: Көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі жөнінде түсінік беру. Балаларды аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, суретті плакаттар.
Жүрісі:
Тәрбиеші:
- Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, сіздердің алдарыңызда мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілері өздері дайындаған билерін билеп, әндерін шырқап, тақпақтарын айтпақшы.
Көктемнің алғашқы айындағы ең алғашқы мереке – 8 наурыз – аналар мерекесі де келіп жетті. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған, ортамыздағы асыл әжелеріміз де, аналарымыз да аман болсын! Осы мерекеге орай «Өмір гүлі – аналар» тақырыбындағы мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Мәдина:
Жиналыппыз бүгін, міне, бәріміз,
Үлкен - кіші жасымыз, кәріміз де.
Қош келдіңіз, қадірменді аналар,
Гүл - гүл жайнап біздің мынау кешімізге!
Тоғай:
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар.
Ана деп бас иеді күллі халық!
Би: «Қыздар мерекесі». Орындайтындар: Ахмедияр - Нұрша, Нұралы - Мәдина, Тоғай - Жаннұр.
Аяулым:
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың.
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген - өмірдегі қамқорың.
Ана деген – сүйенерің, жан құрбым.
Алтынай:
Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті Аналар!
Нұрша:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың,
Сен жомартсың, данасың!
Миржан:
Асыл анам - алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың.
О, анашым, бір өзіңсің сая бағым!
«Мысық» биі. Орындайтын: Габитова Асылай. (- Мен әдемі мысықпын мяу - мяу - мяу, тез жүгіре аламын, жылы жерде ұйықтағанды жақсы көремін. Менен тышқандар қорқады. Мяу - мяу - мяу)
Мирас:
Өмірде қымбат екен ана деген,
Өмірі гүл жаратын баламенен,
Біздерді ақ гүліндей аялаған,
Мен оның жалғасы боп қала берем.
Альбина:
Ана - бала, бала - ана бір ұғым,
Бір - біріңсіз жоқ олардың бақыты.
Ана - бала, бала - ана әрдайым,
Бірге жүрсін, бірге көрсін шаттықты.
Ақырыс:
Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер, Анашым!
Надира:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді сәбиі де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ!
«Үнді» биі. Орындайтын: Жардемова Надира.
Дәулет:
Ұмытпаңдар аналардың әлдиін,
Сол әлдиден басталады ән - күйің.
Суытпаңдар елжіреген жан күйін,
Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!
Жаннұр:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін.
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Асылай:
Ана деген - асылы ғой даланың,
Ана деген - сағынышы баланың.
Бұл өмірге қуанышпен нұр төккен,
Бас иеміз алдында біз ананың!
Сағыныш:
Сүрінсем сүйеп, болатын тірек,
Сол үлкен жүрек.
Сен екен жалғыз, Жан - Ана!
Барлығы (хормен):
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
«Ана туралы бірер сөз». Сөз кезегі балаларға беріледі.
Мәдина: Ақ тілеулі, кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Аналар біздің басты байлығымыз. Ана - адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жан.
Дәулет: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
Алтынай: Адам ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғының керегі жоқ.
Асылай: Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.
Дильназ: Адам үшін ең аяулы, қастерлі жан - ана. Ол бала дүниеге келгеннен бастап, өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді.
Есенкелді: Менің анам - ең құрметті жан. Ол өте әдемі, мейірімді, қайырымды. Ол маған өмір сыйлады. Рахмет, саған анашым!
«Үнді» биі. Орындайтын: Қуанғали Мәдина.
Сағыныш:
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі аналардан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма, аналар?!
Есенкелді:
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар оған тек Отан ғана.
Әйгерім:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын
Ана – бақыт, ана – жыр.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Әйгерім:
Ақыл құйған санама
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.
«Көңілді балалар» биі. Орындайтындар: бір топ тәрбиеленушілер.
Нұралы:
Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным - өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!
Ахмедияр:
Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың.
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.
Бекұлан:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым!
Тәрбиеші:
- Осымен «Өмір гүлі - аналар» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қымбатты аналар, жер бетіне жақсылық нұрын сеуіп, араларымызда аман - есен жүре беріңіздер демекпін......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мектепалды Өмір гүлі - аналар дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Өмір гүлі - аналар