Біздің үй
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Біздің үй
Мақсаты:
1. Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.
2. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесіне және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту.
3. Граматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
4. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жиһаздарының суреті, үйдің сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе.
Жаңа сөздер жиһаз, жатынжай, мансард
Оқу іс – әрекетінің барысы:
І. Шаттық шеңбері
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл – ойларың,
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз.
ІІ. Кіріспе әңгіме
Педагог бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Сұрақ – жауап әдісі арқылы кіріспе әңгіме өткізеді
1. Балалар сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар
2. Сендер өздеріңнің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесің - дер ме
3. Үйде қандай бөлме түрлері болады
ІІІ. Негізгі бөлім
а) дәптермен жұмыс
– Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ерте - де өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы бірнеше қабатты екі, үш, төрт, т. б. тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі – үш қабатты үй. Көп қабатты үйде пәтерлер өте көп болады. Оның пәтерінде тұрғындар тұрады.
ә) Сөздік жұмыс
Коттедж – жеке ауласы бар сәнді салынған 2 - 3 қабатты үй.
Мансард – шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме.
Жиһаз – үй бұйымы, мүлік.
Жатынжай – ұйықтайтын бөлме.
Дәптердегі көп қабатты үй мен коттедждің айырмашылығын әңгімелету. – Көк қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке – жеке отбасылар тұрады. Олардың ауласы – бәріне ортақ бір аула. Ал коттеджде бір ғана отбасы мүшелері тұрады.
б) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерімен сөйлем құрату
– Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Олар асүй, зал, балалар бөлмесі және жатын - жай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар болады. Қандай жиһаздар болады? – Әдемі жиһаз, ағаштан жасалатын жиһаздар болады?
– Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?
– Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф, т. б.
- Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?
г) « Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрау
Балалар өздері тұратын үй, оның бөлмелері және үйдегі жиһаздар туралы әңгімелейді.
ғ) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны
Шарты: бөлмені атап, ондағы тұратын заттарды атау.
Оқу іс – әрекетінің қорытындылау.
1. Біз қандай тақырыпта әңгіме құрадық?
2. Қандай үйлер бар Олар туралы әңгімелеңдер? .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мектепалды Біздің үй дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Біздің үй