А дыбысы мен әріпі

 А дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Өткен тақырыпты еске түсіре отырып, а дыбысы және әрпімен танысу.
Балаларға а дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Дамытушылығы: Балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой - өрісін дамыту және жетілдіру. Сөздік қарым - қатынастарын байыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, жеке суреттер, киіз үй.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, оқу, жазу, ойын, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызу..
Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Ынталандыру,
Сезімдерін ояту. - Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіміз, сауат ашу сабағына қонақтар келіпті. Шаттық шеңберіне шығып сәлемдесейік.

Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің
бойыңда.

Ұйымдастыру, іздену.
- Өте жақсы, балалар! Бүгін класта кезекші кім?
- Бүгін сабақта барлығы түгел ма?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жақсы отыра ғой.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің ерекшелігін айта қояйық..
- Балалар 1жылда неше ай бар12
- Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? 4 - ке
- Күз айларын атайық.
- Қыс айларын атайық.
- Көктем айларын айтамыз.
- Жаз айларын айтамыз.
- Балалар 1аптада неше күн бар? 7күн.
- Қане айта қояйық.
- Біз неше күн оқып, неше күн демаламыз.
- Балалар біз осы уақытқа дейін сауат ашу сабағынан не үйрендік.
- Сөзбен таныстық, сөйлем құрап үйрендік. Дыбыс пен әріпті, дауысты және дауыссыз дыбысты үйрендік.

- Балалар дыбыс дегеніміз не? Дыбысты айтамыз естиміз.
- Әріп деген не? Әріпті жазамыз, көреміз.
- Сөз дегеніміз не? Сөз неден құралады? Оқимыз. Сөз дыбыстан құралады
- Ал буын деген не? Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 - ге
- Қандай, қандай? Дауысты және дауыссыз.
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Созылып еркін айтылады.
- Ал дауыссыз дыбыстар ше? Кедергіге ұшырайды.
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Қызыл.
- Ал дауыссыз дыбыстарды ше? Көк текшемен белгілейміз.

Қане балалар, олай болса мен сіздерге дыбыстар қандай өмір сүреді екен, сол туралы ертегі айтып берейін.(Ертегі оқып беру)
Әлдеқандай патшалықта емес, мемлекетте емес, өзіміздің аузымызда дыбыстар өмір сүріпті. Олардың үйі осы аузымыз болыпты. Үйдің төбесі қандай, едені төменгі таңдай, үйдің екі қабырғасы екі жағымыз болыпты. Ал үйдің есігі екі ерін, оның ішінде есік мықты болу үшін қойылған сүйек шарбақтары бар екен, олар тістер болыпты. Бір күні осы үйге барлығын басқаратын бастық пайда болыпты. Ол тіл екен. Оның көңіл – күйі жақсы болса дыбыстарды емін еркін өткізіп жібереді екен.
Мысалы былай: А, О, Е, И, Ы, У. Бұл дыбыстар үстіне қызыл көйлек киіп, есіктен емін еркін кіріп - шығып жүреді екен. Ал, кейбір дыбыстарға кедергі жасап, шығуына бөгет болады екен немесе есікті жауып қояды екен. Мысалы былай: М - м - м, Н - н - н Т дыбысы шығар кезде тіпті таңдайға жабысып қалады екен.

Қане, бәріміз дыбыстарды қайталап айтайықшы, олар сыртқа шыға алмай тұр.
Сөйтіп бәрін басқаратын тіл дыбыстарды
ысылдауға, қырылдауға мәжбүр етеді екен.
Бұл дыбыстар ауыздан емін еркін шыға алмай, олар көк көйлек киіп шығады екен. Сонымен емін еркін шыққан дыбыстар дауысты, қысылып шыққан дыбыстар дауыссыз болып екіге бөлініпті. Содан оларды жекелей ешкім түсінбегендіктен олар бәрі бірігіп буын құрайды, жеке буын да түсініксіз болған соң сөз құрайды, жалғыз сөздің де мәні болмаған соң, бәрі ақылдасып сөзден бір ойды білдіретін сөйлем жасайды. Міне сонан бері балалар, дыбыстардың адамға пайдасы тиіп, әлі күнге дейін тіл құралы болып келе жатыр екен.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма
- Ертегі не жайында айтылған? Дыбыстар, сөз, тіл, сөйлем туралы айтылған.
- Балалар осы ертегіге байланысты жұмбақ шешейік. Жұмбақ:
Бірде төмен, бірде шығып жоғары,
Сөз сөйлесең қозғалыста болады.
(тіл)

Енді алдарыңызда сандықша тұр.
Осы сандықты кілт ашады
Кілт ашпаса тіл ашады.
Енді бұл сандықтың кілтін әжеміз жоғалтып алған екен, сандықты ашу үшін тіл туралы таппақ, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш айтуға болады. Кім айтады.

Ана - тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл!
Өз тіліңді құрметте!
Жақсы енді сандығымыз ашылды.
Сандықтың ішінде не бар екен. Жақсы, бұл сандықта жұмбақ жасырулы жатыр екен. Қане шешіп көрейік.

Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды әні екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап атпаған.
(аққу)
Жұмбақтың шешуі аққу екен. Олай болса Аққу деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр А дыбысынан басталып тұр. Жақсы балар бүгін біздер А дыбысымен әрпімен танысамыз. Қазақ тілінде 42 әріп бар. 40 дыбыс 2 белгі. А - а - а деп айтып көрейікші, қалай айтылады. Созылып еркін.
- Мынау ненің суреті? Алма.
- Алма деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр?
- А дыбысынан басталады. А дыбысы басында және соңында келіп тұр.
- Алмұрт, ананас, ата, ат барлығы да а дыбысынан басталып тұр.
- А дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Неліктен дауысты дыбыс?
- Созылып, еркін айтылады, кедергіге ұшырамайды. Үстелді, стаканды түрту. Дыбыстар ұқсай ма? Сол сиқты дыбыстар, әріптерде әр түрлі болады.
- А дыбысының баспа түрін көрсетіп, үйретейін.
- А дыбысын ауада жазып көрсету.
- Ережені еске түсірейін, әріп дегеніміз не?
- Мынау А әрпінің таңбасы, бас әріпі 3элементтен тұрады, 3 таяқшадан тұрады.
- Ал мынау кіші әріпі а 2 элементтен тұрады.
Кім тапқыр? дидактикалық ойын ойнату.
Шарты: а дыбысынан келетін сөздерге мысал келтіру.
А дыбысы кездесетін сөздерді алақанмен шапалақ ұру арқылы буынға бөлгізу. Алаша, алақан, ата, алма т. б.

Сергіту сәті. Аю деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр. А дыбысынан олай болса шаршаған шығармыз. Аю туралы сергіту сәтін өткізейік.
Орманда аю, қонжық ұялардан бал іздеді,
Мойындарын оңға бұрды, солға бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді,
Оңға бір, солға бір ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді,
Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.
а) Сурет бойынша дыбыстық талдау жасату. Аю, ата, бала. А дыбысының сөздің басында ортасында, аяғында келетінін түсіндіру, А дыбысын есте үшін алма, ат, ананас т. б суреттерді көрсету.
ә) Суретті ребустың шешуі: Айгүл. Дыбыстық талдау жасату.
Б) Асқабақ,, алмұрт сөздеріне дыбыстық талдау жасатып а дыбысын айтқызу.
Тілдің қатысына қарай жаңылтпаш:
А - жуан дауысты дыбыс 1. Піскен алма топ - топ түсті

2. Топ - топ түсті, көптеп түсті.
- Балалар біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- А дыбысы қандай дыбыс екен?
- Дауысты дыбыс.
- Қандай текшемен белгілейміз? қызыл
- Қалай айтылады? созылып, еркін, деміміз жеткенше.
- Сонымен әріп деген не? дыбыстарды таңбалау екен.

Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Олай болса бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларға жұлдызша таратылады.
Әрқашан сабақты жақсы оқиық.
Қане шаттық шеңберге шығайық
Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Апайларды қоштасып шығарып салайық. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру