Happy birthday

 Happy birthday

Мақсаты: «Happy birthday» тақырыбындағы жаңа лексикамен, жаңа 6, 7 цифрларымен таныстыру.
Міндеттері: жаңа: six, seven, candle, cake, balloon, present, hat лексикалық бірліктерін үйрену. Жаңа 6, 7 цифрларын үйрену. Өзінің жасын айта білу (I`m 6) Сұраулы «How many...»? сөз тіркесін қолдануды және оған жауап беруді үйрету. «Туған күн» тақырыбында таңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту. Тілге деген қызығушылықты және достарға деген мейірімділікті тәрбиелеу.
Білімділігі: Балалрдың тілге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: «Туған күн» тақырыбында тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Тілге деген қызығушылықты және достарға деген мейірімділікке тәрбиелеу.
Қажетті материалдар мен құрал - жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, 7 – ге дейінгі цфрлар және ойыншықтыр бейнеленген карточкалар, CD плеер, аудиодиск.
Оқу іс - әрекетінің белсенді лексикасы:: six, seven, cake, balloon, hat, present, happy
birthday.
Билингвальді компонент: six – алты – шесть, seven – жеті – семь, cake – тәтті нан – торт, candle – балауыз шам – свеча, balloon – шар – шары, hat – қалпақ – шапка, present – сыйлық – подарк, Happy birthday – Туған күніңмен! – С днем рождения!

Мотивациялық қозғаушы
Педагог балалармен мандасады: Hello, children. Бүгін біз Foxy - дің туған күніне барамыз. Оны туған күнімен құттықтауға асығайық: «Happy birthday!»

Іздену ұйымдастырушы
Педагог балалардан жастары нешеде екенін сұрайды.
How old are you? Бұл сұрақ белсенді сөз құрылымы болып есептелмейді. Бірақ балалар оның мәні мен оған жауап бере білулері үшін педагог оны оқу іс - әрекетінде қолданады.

1 - жаттығу.
Сендердің жастарыңды айту үшін алдымен цифрларды жаттап алайық six – алты, seven – жеті.
(Педагог флипчарт түрінде дайындаған сандарды тыңдатады. Сандар сөйлейді).
Сұраққа жауап беру үшін балалар міндетті түрде I`m сөз тіркесін қолданамыз. Содан соң қанша жаста екендеріңді санды қою арқылы жауап бересіңдер.
Педагог «How old are you?» сұрағын әр балаға қояды.

2 - тапсырма.
Педагог балалардан туған күн кезінде қандай заттардың керек екендігін сұрайды.

Педагог жаңа сөздер атауларын алдын ала дайындаған флипчарт батырмасының үстінен басу арқылы әр бір жаңа сөздермен таныстырады.
Суретте ненің бейнеленгенін сұрап, жаңа сөздерді үйретеді: cake – тәтті нан – торт, candle – балауыз шам – свеча, balloon – шар – шары, hat – қалпақ – шапка, present – сыйлық – подарк, Happy birthday – Туған күніңмен! – С днем рождения!

Педагог балаларға мына сұрақтарды қояды:
- How many candles?
- How many balloons?
- How many presents?
- How many children?

3 – тапсырма.
Педагог туған күн иелері неше жасқа толғанын балауыз шамдардың саны бойынша анықтауларын сұрайды.
(Дайындалған флипчарт бағдарламасы арқылы балаларға тапсырма беріледі).

Сергіту сәті.
Педагог балаларға видео көріністен сергіту сәтін көрсетеді.

4 - тапсырма.
Дидактикалық ойын: «What is it?»
Жүргізілу барысы: Жасырынған суреттер арқылы жаңа сөздер атауларын табу.

5 – тапсырма.
Педагог барлық ағылшын тілді адамдар туған күні айтатын әнмен таныстырады.
Track 10.
Happy birthday to you.
Happy birthday to you.
Happy birthday, dear Foxy!
Happy birthday to you!

Рефлексивті коррекциялаушы
Педагог оқу іс – әрекетін қорытындылап, оқу іс – әрекетінде үйренген жаңа сөздерді еске түсіруді ұсынады. Жақсы қатынасқан балаларға үлестірмелі бағалар таратып, балаларды мадақтайды. Үйге тапсырма «Happy birthday to you» әнін жаттап келуді ұсынады......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру