3 саны

 3 саны

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 3 саны, цифры..
Мақсаты: Балаларға 3 санын, цифрын таныстыру, Қағаз бетіне, ауада жаздырып үйрету. Логикалық есептерді шығара отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру. Жолдастыққа, достыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сандар, үлгі суреттер, ойыншықтар. т. б.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне дайындық
Шаттық шеңбері:
- Шеңбер жасап тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық. Таза ауаны жұтайық. Жүрекке жүрек сыйлайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға сыйлайық.
Жылы тілектер:
- Аспанымыз ашық болсын! - Күніміз жарқын болсын! - Нанымыз мол болсын! - Достарымыз көп болсын! - Деніміз сау болсын! - Бейбітшілік болсын!

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің өткізілуі
Күтпеген сәт:
Ішке Жалқаубек кіреді. (Үсті - басы лас ) –
Тәрбиеші: - Балалар, бізге Жалқаубек келіп тұр екен. - Беті - қолыңды неге жумағансың?
Жалқаубек: - Балалар, мен сендер сияқты сандарды, тақпақтарды білмеймін. – Енді оқығым келеді, сандарды, тақпақтарды жаттағым келеді. - Бәрі де қиын шығар? Солай ма?
Тәрбиеші: - Қане, балалар, Жалқаубекке көмектесеміз бе? (Жалқаубек отырады)
- Балалар, қазір қай мезгіл? - Көктем айларын атаңдар? - Көктемде табиғат қалай өзгереді?

-«Көктем» туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

- Қане, балалар, барлық сандарды бастап тұратын қай сан? - Қане, көрсетейік, 1 саны қайда екен?
- 1 - ден соң қай сан тұрады?
- Балалар, бүгін біз 3 санымен таныс боламыз. – Қане, бәріміз 3 деп айтайық.
- 3 саны 3 бірліктен тұрады. Ауада жазып көрейікші. Сергіту сәті. – Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
- Балалар, енді санамақтарды айтайық.

- Жалқаубек: - Балалар, сендер қандай тамаша балаларсыңдар. Мен де сандар туралы біраз мағлұматтар алдым. Енді мен де сендер сияқты мектепке барамын. Сандарды, тақпақтарды жаттаймын. – Рахмет, сендерге, балалар! – Тәрбиеші: - Сонымен балалар, бүгін біз қандай санмен таныс болдық? - 3 саны неше бірліктен тұрады?
- 3 саны қай санның көршісі?
Д/ойын.
«Қай сан жоқ?»

Жалқаубек: - Жуынғым келмейді.

Балалардың жауаптары.
Балалардың жауаптары.
Балалар: - Көктем. – Наурыз, сәуір, мамыр. – Күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жаққа қайта оралады.
Күмісай: - Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде. Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз.
- 1 саны.
. Балалар 1 санын көрсетеді. - 2 саны тұрады. Балалар 2 санын көрсетеді.
Балалар 3 санын хормен айтады. Балалар ауада 3 санын жазады. 333333333
Балалар сергіту сәтін жасайды.

Санамақтар. 1 - дегенім - бүркіт, Қалады аңдар үркіп. 2 - дегенім - есек, Білмейді ол есеп. 3 - дегенім - үкі, Ұстап жейді түлкі. 4 - дегенім - тиын, Сан білмеген қиын. 5 - дегенім - бұлбұл, Сайрағанда дүлдүл. Балалардың жауаптары

Балалар Жалқаубектің сыйлығын алады.
- 3 санымен таныс болдық.
- 3 бірліктен тұрады.
- 2 - нің көршісі.
Балалар ойынға белсене қатысады.
Қиыншылық тудырған балалармен жекелей жұмыстар жүргізілді.
Қорытынды
Әрекетіне және ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтадым.
Балалар 3 санымен таныс болды, ауада, қағаз бетіне салды.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: 3 санын.
Үйренеді: 3 санын, цифрын ауада, қағаз бетіне жазуды.
Игереді: Тапқырлықты, жылдамдықты. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру