Қош бол даярлығым

 Қош бол даярлығым

Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт - сапар тілей отырып, «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
(Балалар ортаға шармен шығып билейді)
1. Мейрамбек:
Сізді біз сирек көреміз,
Құрметтеп сізді жүреміз.
Сыртымыздан жағдайды
Жасап жүр деп сенеміз (бәрі бірге: Ұлпаш Бисенқызына рақмет! Гүл шоғын береді)
2. Аяулым
Сыныбымыз сәнді кең,
Болды ыңғайлы жай нағыз.
Бәрі үшін алдымен,
Сізге алғыс айтамыз.( бәрі бірге: Найла Хамзинқызына рахмет! Гүл шоғын табыстайды)
3. Маулен
Тәрбие мен тәртіпті
Қатар алып жүресіз
Сізден өнеге алып біз
Тура жолмен келеміз (бәрі бірге: Нүргүл Қайыржанқызынада рақмет! Гүл шоғын табыстайды)
Жүргізуші:
Осындай әсем, жарқыраған даярлық топтарының ашылуына, үлкен үлесін қосқан, жас ұрпақ жан ашыры мектебіміздің директоры Ұлпа Бисенқызына алғысымызды білдіре отырып, қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырамын.

Балалардың сабақтарының дұрыс өтуін, күнделікті келулерін бақылап жүретін біздің жанашырымыз оқу ісінің меңгерушісі Н. Хамзинқызын ортаға қошеметпен қарсы алайық.

Біздің балаларымыздың болашағынан көп үміт күтіп, бірге қуанып, бірге күліп жүретін, қолы тимей жатса да, бар шаруасын тастап жүгіріп жүретін мектебіміздің оқу - тәрбие ісінің меңгерушісі Нүргүл Қайыржанқызын ортаға қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл - ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

- Балалардың осы мерекеге арнап жаттаған өлең жолдарын тыңдаңыздар.
(Балалар жаттаған өлең жолдарын айтады)

Жүргізуші:: Алып келді жетелеп
Мына нұрлы сарайға
Білім құйған бұл мектеп
Білім берген талайға
- деп енді балаларымыздың білімдерін тексеріп көрейік.
1 - тапсырма «Дымбілмеске көмектес» (сұрақ - жауап)
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- ҚР - ның елбасы кім?
- ҚР - ның рәміздерін атаңдар?
- Біздің елордамыз қалай аталады?
- Сіздер қандай қалада тұрасыңдар?
- Біз қандай тілде сөйлейміз?
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? Атап беріңдер.
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі және өлі табиғатқа не жатады?
- Орыс, ағылшын тілінде әндер білесіңдер ме?
Орыс әнін хормен.
Ағылшын әнін Батыргалиев Акмади орындайды.
2 - тапсырма «Кім білгір»
- Қазақ тілінде қанша әріп бар?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды ше? Дыбыстарды атап шығыңдар
- Мына сөздерді кім оқып береді?
- Осы сөздерді буынға бөліп бер?
- Қандай сергіту сәтін білеміз?
- 1 - ден 20 - ға дейін тура және кері сана
- Көршілерін ата
- Геометриялық пішіндерді ата
- Жетіспейтін пішінді тап
- Есептерді шығар?
Жүргізуші: Сегіз қырлы, бір сырлы ұлдарымыз,
Сымбатты, сұлу әсем қыздарымыз.
Даярлықтан алыстап кетсеңдер де,
Күтіп тұр білім теңіз шыңдарыңыз.

Ән: «Үйретеді мектебім» орындайтын хор

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Мың бұралған биімен
Балалар қарап тұрмасын деп кезекті «Испан» биіне беремін
Орындайтындар: Інжу - Оралбек, Аяулым - Г. Бекзат, Аруна - Мақсат, Асем - Мансур қыздарымыз бен ұлдарымызды қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Міне мен де үлкен болдым
Жасым толды алтыға
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен – дей келе балалардың орындауында «Сәруар» ертегісінің қойылымын тамашалаңыздар.
Сәруар - Бақтияр, Аю – Мейрамбек, Түлкі - Ернұр, Қасқыр - Рахман, Қоян - Акмади, Орман – Мансур, Тау - Г. Бекзат, Теңіз - Оралбек, Үй - Мақсат, Күшік - Б. Санжар, Мысық - Ш. Бекзат, Ата - анасы Маулен – Салтанат.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай кезекті әсем әнге беремін.

Ән: «Ұстазым» орындайтын Әлібек Аяулым қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл – қызын.
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін!
Әп - әсем киініп, құлпырып келуіне бар үлесін қосып, түн ұйқысын төрт бөліп өсірген аналарымызға барлығы РАХМЕТ!

Ән: «Апам үшін»
(қыздар үнді биіне дайындалады)

«Үнді» биі»
Орындайтындар: ( Салтанат, Асем, Анель, Аделя қыздарымыз)

«Фексики» биі
Орындайтындар: тобымыздың ер балалары.
(осы кезде Папури биін билейтіндер дайындалады)

«Папури» биі
Орындайтындар: (қазақ: Елсултан - Мирхат, орыс: Аделья - Інжу, өзбек: Адия - Камилла, татар: Мүсілім - Аяжан, корей: Асем - Аруна, украин: Ш. Бекзат - Дильназ, грузин: Қ. Санжар - Аиша)

Жүргізуші: Ән көңілдің ажары,
Би өмірдің базары – деп кезекті әсем әнге беремін.
Ән: «Мектебім»
Орындайтын: Баймұқан Салтанат.

Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
( Балаларға дипломдар тапсыру.)

Қорытынды
- Құрметті осы мерекеге жиналған ата - аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата – аналар сіздерден ақ бата сұраймыз......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру