file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Даярлық тобының сабақ жоспарлары

 Даярлық тобының сабақ жоспарлары

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Биік. Аласа. Кең. Тар. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа
Мақсат - міндеттері: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік - аласа, кең - тар, үлкен - кіші, ұзын - қысқа ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір - бірінен ажыратуға баулу. Ойын - тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе - дәптер, салыстыруға арналған құралдар

Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру
Балалардың назарын сабаққа аудару.
а) Балаларды қарапайым математикалық түсінік беру пәнімен таныстыру;
ә) Пәнді оқытудың мақсаты — міндеттерін ұғындыру.
Негізгі а) Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, он дағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең).
Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т. с. с.
ә) Оқулықпен жұмыс.
1. Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінен биігірек, болмаса аласа т. б.
2. Оқулық дәптердегі суретте көлік жүретін үлкен көше мен тротуардың ені, ұзындығы қарастырылды. Көше кең. Тротуар тар.
3. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. Олардың бірі — үлкен, екіншісі — кіші. Үлкенінің бойы — кішісінен (немесе інісінен) биік, інісінің бойы — аласа. Ағасының киімі інісіне кең, інісінікі ағасына тар болатынын сұрақ - жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы — үлкен доппен, інісі кіші доппен ойнайды. Үлкен доп — футбол, волейбол, баскетбол ойнау үшін қажеттігі айтылады.
Доптар бір - бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай - ақ, киімдердің ұзын - қысқалығы, кең - тарлығы, үлкен - кішілігі айтылады. Қылқалам қарындаштардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады.
б) Ойындар.
Бұл сабақта "Өз үйіңді тап", "Үй тұрғызайық", "Сипаттамасы бойынша тап" деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады.
в) Дәптермен жұмыс.
Өтілген ұғымдарға сәйкес оқулық дәптерде берілген тапсырмалар орындалады. .....



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру