Бала тілі – бал
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды байқампаздыққа, тапқырлыққа, ұтымды түрде жауап беруге баулу. Тілге, пәнге деген қызығушылығын ояту, білім қорын арттыру.
Дамытушылық: Балалардың шапшаң, тез ойлау, ізденіс қабілеттерін дамыту. Тест сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: зейінділікке, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтікі тақта, бейнесюжет, үнтаспа.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу әдебі: Балалармен сәлемдесу.
ә) сабаққа қатысуын бақылау: Түгендеу.
Балаларды шеңберге тұрғызып: -«Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір - бірімізге қуаныш сыйлап көрейікші. Ол үшін бір - бірімізге қарама қарсы тұрайық! Шын жүректен бір -
бірімізге күлкі сыйлайық».
- Балалар, мейірімді шаттық тілектеріңе рақмет сендерге!
- Балалар, бір - біріне күлкі сыйлап, Ө. Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін бірігіп орындайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
«Бала тілі – бал» атты сайысымызға үш топ қатысқалы отыр. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар»- дегендей үш сайыскер тобымызды таныстырып алсақ.
1 - ші «Барыс» тобы,
2 - ші «Құлагер» тобы,
3 - ші «Сұңқар» тобы.
Ең алдымен, бүгінгі біздің сайыс ережесімен таныстырайын.
Сайыс 4 бөлімнен тұрады:
1. Ширату.
2. Ойлан, тап!
3. Бұл қай кейіпкер?
4. Ертегілер елінде, - деп аталады.
- Балақайлар, әрбір дұрыс жауап үшін, жұлдызшалармен бағалап
отырамын.
- Төрт құбыламыз тең болған сияқты, олай болса сайысымызды бастайық.
- Ендеше, 1 - ші бөлімге кезек берейік: «Ширату».
Ойынның шарты: Мен сендерге суретті тест сұрақтарын жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен оқу іс - әрекеттеріндегі тақырыптарға байланысты болмақ. Сұраққа бірінші жауап беру үшін, алдарыңызда тұрған көк жалаушаны көтеру қажет. Дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі, жауап бермеген жағдайда жұлдызша берілмейді. Ойынның соңында қай топтың жұлдызшалары көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.
- Балалар, сайысқа дайынбыз ба?
1сұрақ: Не ұшады?
1) Кеме
2) Қарға
3) Машина
2 сұрақ: Не жүзеді?
1) Ұшақ
2) мысық
3) Қайық
3 сұрақ: Доп қай геометриялық пішінге ұқсайды?
1) үшбұрыш
2) шаршы
3) шеңбер
4 сұрақ: Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?
1) көк
2) қызы
3) сары
5 сұрақ: Үй жануарын тап?
1) қасқыр
2) сиыр
3) қоян
6 сұрақ: Жабайы жануарды тап?
1) Аю
2) жылқы
3) қой
- Бірінші бөлімнің жұлдызшаларын санау.
- Кезекті «Ойлан, тап!» бөліміне берсек. Балақайлар, мен сендерге ойынның ережесін түсіндіріп өтейін. Сендерге теледидардан кішкентай бүлдіршіндер бір зат атаулысын суреттеп, сипаттап айтып береді, сендер соның қандай зат екенін табуларын керек. Ойынның шарты түсінікті ме?
1 - ші бейне сұрақ: Ол әр түрлі түсті болады. Әсіресе ол бізді күн бұлттанғанда қорғайды. Оны адамдар ғана пайдаланады. (Теледидар)
2 - ші сұрақ: Ол қазір көптеген үйлерде бар. Ол төртбұрышты. Теледидарға ұқсайды. Біз оған заттарымызды саламыз, таза болып шығуы үшін, өзіне арналған арнайы заттарын құямыз. Ол біздің уақытымызды тиімді пайдалануға да көмегін тигізеді. (Кір жуғыш машинасы)
3 - ші сұрақ: Ол байланыс қызметі, алысты жақын етеді. Бәріміздің үйімізде бар. Ол дыбысын шығарса болды, дереу көтереміз. Оны арқылы ағайындармен, достармен сөйлесеміз. (Телефон)
4 - ші сұрақ: Ол жүреді. Оны біздің папаларымыз жүргізеді. Ол жанармай арқылы жүреді. Оның төрт дөңгелегі бар. Түстері әртүрлі. Бір жерге барсақ соған мініп барамыз. (Машина)
- Ұпай сандарын анықтау.
- Балақайлар, көзді ашып жұмғанша 3 - ші бөлімге де келіп жеттік. Үшінші бөлім: «Бұл қай кейіпкер?»
Ойынның шарты мынадай: Мен сендерге ертегі кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар қоямын. Соған жауап берулерің керек.
1сұрақ: «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерді тап?
1) қарға
2) түлкі
3) ит
2 - ші сұрақ: «Мақтақыз бен мысық» ертегісіне қай кейіпкер қатыспайды?
1) Қоян
2) сиыр
3) терек
3сұрақ: «Жеті лақ» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкерді тап?
1) ешкі
2) лақ
3) қасқыр
Үшінші бөлімді де аяқтадық, енді ұпай сандарымен таныс болайық.
- Балақайлар, соңғы әрі ақтық бөлімге де жетіп жеттік. Олай болса, 4 - ші айналым «Ертегілер елінде».
Ойынның шартын түсіндірейін: Үнтаспадан ертегіден үзінді тыңдатамын, сендер оның қай ертегі екенін табасыңдар. Ойынның шартын түсіндіңдер ме?
1ші ертегі: «Қарға мен түлкі»
2ші ертегі: «Піл мен маймыл»
3ші ертегі: «Түлкі мен ешкі»
- Жарайсыңдар балақайлар, қандай тапқыр едіңдер! Төрт бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп шықтыңдар. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы тиіс.
- Сонымен, «Бала тілі – бал» атты сайыстағы мәреге жеткен топты анықтайық. Ол үшін жинаған жұлдызшаларыңды санайық.
- Жеңіске жеткен топты анықтап, мадақтау.
- Үш топқа да сыйлықтар тарату.
Осымен «Бала тілі - бал» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мектепалды Бала тілі – бал дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Бала тілі – бал