К дыбысы және әрпі

 К дыбысы және әрпі

Мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: К дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер. Экранды тақта, компьютер
Билингвизм: көктем – весна – spring, көкек – кукушка – april, көгершін – голубь – dove.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі:
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, 3 тілде амандасады. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Балалар осы шеңберде ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше «Кім зерек» ойынын ойнайық, мен сіздерге сұрақ қоямын, сұрағыма дұрыс жауап берулеріңіз керек.
Сауат ашу сабағында не үйренеміз?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Қандай дыбыстар бар?
Дауысты дыбыстың түсі қандай?
Дауыссыз дыбыстың түсі қандай?
Дауысты дыбыс қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
Әріптерді не істейміз?
Дыбыстарды не істейміз?
Арыстан сөзін буынға бөлші?
Неліктен 3 буын?

Жарайсыңдар! Өз орнымызды тауып отыра қойайық. Біз ойын ойнап жатырған кезде үкі ұстаз қонаққа келіпті.
Салематсіздар ма, балалар! Мен сендерді тексеріп көргім келеді, сендерге қояр сұрағым бар, жақсы жауап берсеңдер сыйлығым бар!
Мен көрсеткен әріпті айтып, сөз тауып, 3 тілде аудармасын айтыныздар.
Бұл қандай әріп?
Мынау қандай әріп?
Ал мынау ше?
Мынау қандай әріп?
Ал, мынау қандай әріп?
Ң әріпі неліктен жалғыз?
Жарайсыңдар! кездескенше.

Ал, балалар менің жұмбағым бар, жұмбақ шешкенді ұнатамыз ба?
1. Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай, салаға толады.
Жап жасыл боп, бүршік жарып,
Гүл, бәйшешек толады. «көктем»
2. Бейбітшілік құсы деп,
Айтады оны барша жұрт. «көгершін»
3. Қайталаймын атымды,
Көктемде ән салып,
Кез келген ұяға
Жұмыртқамды саламын. «көкек»
Тақтада ненің суретін көріп тұрмыз?
Бұл сөздердің барлығында бірінші қандай дыбыс естіледі?
Қайталап айтып көрейік. К К К К К К К К
Экран тақтаға қарап, бейне жазбаны көрейік.
К әрпінің жазылуын және неше элементтен тұратынын көрейік. 3 элементтен тұрады екен. Осы әріпті ауада жазып алайық.
Сергіту сәті:
Орнымызға отырып, өз орталықтарымыз бойынша жұмыс жасайық.
Оқу орталыңғы: Конверттен сурет алып шығу, оны текшемен жаздырту. «Кеме»
Жазу орталығы: Алдарында тұрған дәптерге К әріпін әдемілеп жазамыз.
Шығармашылық орталығы:
1. Көп сурет арасынан К дыбысы естілетін сурет болса, тек соны, ғана бойаймыз.
2. Плакатқа мына әдемі күлте гүлдерді жапсырамыз және тақтаға ілеміз.
3. Ермексаз көмегімен 3 элементін жасап К әріпінің мүсінін құрастырамыз.

Әр бала өз орталықтарында жұмыс жасап, 5 минут сайын басқа орталықтармен аласып отырады. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру