10 саны мен цифры

 10 саны мен цифры

а) Білімділік: Оқушыларға 10 саны және цифрымен таныстыра отырып, 10 санының құрамы мен ерекшеліктерін білдіру. 10 көлеміндегі сандарды қосып азайтуға үйрету;
б) Дамытушылық: оқушылардың ой – қиялын, математикалық тілін, дүниетанымын дамыту. Логикалық ойын ұштау. Саусақтың ұсақ моторикасын жетілдіру:
в) Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға, жұптық, жеке жұмыстарға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: көрнекілік, әңгімелеу, көркем сөз, ойын, топтық, жұптық, жеке жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, айналамен танысу, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқу – құралдарын алдыру;
2. Психологиялық дайындық;
Балалар: - Жарқын болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Қазақстан еліміз!
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
Мұғалім: - Иә, балалар, сіздер еліміздің болашағысыздар. Егеменді еліміздің туын берік ұстау үшін біз қандай болуымыз керек?
Балалар: - Әдепті, ақылды, сабырлы, білімді болуымыз керек.
Мұғалім: - Ендеше, математикалық білімімізді толықтыру үшін математика сабағымызды бастайық.
- Математика сабағында нелерді үйренеміз?
Балалар: - Санауды, сандарды, есеп шығаруды.
Мұғалім: - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі біздің білімімізді көруге қонақтар келіп отыр және біз тек сандармен танысып қана қоймай, еліміздің астанасындағы әсем ғимаратқа саяхат жасаймыз. Өйткені алда қандай мереке келе жатыр?
Хормен: - 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Мұғалім: - Тәуелсіздік деп атайтын себебеіміз осы күннен бастап өз туымыз, өз елтаңбамыз, әнұранымыздың шырқап, өз елбасымыз бен өз тіліміз, өз дініміз қайта оралған күн! Осындай егеменді еліміздің астанасы қай қала?
Балалар: - Астана қаласы.
Мұғалім: - Астанаға немен барамыз?
Хормен: - Пойызбен барамыз.
Мұғалім: - Ендеше міне, пойыз. Пойызға мініп, әр вагондағы тапсырмаларды орындасақ.
ІІ Өткен материалды қайталау
1. «Пойыз құрастыр» ойыны .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру