Гүл
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
Әр жердің жынысы басқа.
Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
Бір гүл солып ашылады.
Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.
Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.
Гүл қайда болса көбелек сонда.
Гүл өмір қызығы.
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.
Қыз өссе елдің көркі.
Гүл сабағымен қадірлі,
Ас табағымен қадірлі.
Ас табағымен қадірлі.
Гүлсіз болса жер мұнды,
Күлкісіз болса ел мұңды.
Күлкісіз болса ел мұңды.
Гүлсіз бұлбұл үнсіз.
Гүлсіз жапырақ тұл,
Көксіз топырақ тұл.
Көксіз топырақ тұл.
Гүл табылады, мал сатылады.
Гүлші бір гүл өсіргенше жүз тікеннің уын жұтады.
Дала көркі — гүл,
Ана көркі — ұл.
Ана көркі — ұл.
Дала гүлімен қадірлі,
Әйел ұлымен қадірлі.
Әйел ұлымен қадірлі.
Көбелек гүлді сағынар.
Қыз халықтың гүлі,
Өлең сауықтың гүлі.
Өлең сауықтың гүлі.
Сұлу гүлдің сарғайып солар кезі болады,
Сұлу қыздың әр тайып оңар кезі болады.
Сұлу қыздың әр тайып оңар кезі болады.
Тікен кірсе жаныңа
тілмен сылап аларсың.
Тікенектің зардабын гүлмен бұлап жазарсың.
тілмен сылап аларсың.
Тікенектің зардабын гүлмен бұлап жазарсың.
Тікеннен — гүл, заһардан — бал.
Үкісіз қыз болмас,
Тікенсіз гүл болмас.
Тікенсіз гүл болмас.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Мақал-мәтелдер Пословицы на казахском языке Гүл туралы О цветах, Мақал-мәтелдер Гүл туралы, Пословицы на казахском языке О цветах, Қазақша Мақал - Мәтел: Гүл, Қазақша Мақал - Мәтел, Гүл казакша макал мател