Қайталанбас махаббат хикаясы
Осыдан жеті жыл бұрын. Маусым айының он жетісі. Жайма шуақ күннің елесі де көрінбейді. Аспан қара-сұр түске боялып, жаңбыр тоқтамастан нөсерлетіп, құйып жатыр. Мен бар жоғы тоғыз жаста едім. Біздің үйіміздің дәл жанында орналасқан 304-пәтердің арғы жағындағы ащы зар қатты әсер еткен болуы керек, әлі күнге дейін есімнен кетер емес. Бұл үйде ұзын бойлы, қолы ашық, жүрегі таза еркек, иманды, өзгелерге тек жақсылық ойлайтын, күннің сәулесіндей шуағын шашып жүретін қамқор әрі мейірімді әйел, тәрбиелі, үріп ауызға салғандай сұлу, ақылы көркіне сай қыздары - Айманмен үшеуі тұрушы еді. Міне, бүгін ошақтың ұйытқысы болып отырған – аяулы жар, қамқор ана о дүниеге аттанды.
Содан бері үш жыл өтті. Айман екеуміздің арамыз жеті жас болса да құрбы едік. Қазір оның көзінен бұрынғыдай ұшқынды, бойынан бұрынғыдай сенімділікті байқай алмайсың. Анасының қазасынан кейін ашылып та сөйлемейді, үйінен де көп шықпайды. Жер басып жүруінің бір-ақ себебі бар. Ол - әкесі. Айманның орнына өзімді қойып көргем, сондықтан оның не ойлап, не сезетіндігін жақсы білем. Десе де, жас қыздың күннен күнге шынайы өмірден алшақтап бара жатқандығын көру, жаныма ауыр тиуші еді.
Міне, бүгін екінші күн Айманның өмірге деген құлшынысы артқандай, күлімсіреп әндетіп жүр. Бұны көргенімде, барлық жаманшылықтың артта қалғандығын, енді Айман үшін жаңа өмір басталатындығын сезгендей болдым. Бірақ Айманды өмірге қайта алып келген не нәрсе болды екен? Ұзақ ойланып, бойжетіп тұрған шағы ғой, бәлкім махаббат болар деп түйдім. Жақын барып, өзінен сұрап едім, айтқаным дәл келіпті – махаббат екен. Тек сүйген кісісі жәй адам емес, танымал әнші болып шықты. Мен бұл - махаббат емес, фанатизм екендігін анық байқаған едім. Бірақ ол кезде Айман олай ойламайтын, ақымақ қызша күндердің бір күнінде ғашығына қосылатындығына риясыз сенуші еді. Мен үшін Айманның бұның бәрі бос қиял, арман екендігін түсінгендегі, жүрегінің екінші рет жаралануын қалай қабылдайтындығын елестетудің өзі қорқынышты еді. Оған түсіндіргім-ақ келді, бірақ аз уақыт ішінде басынан өткеретін тамаша сезімдерді одан тартып алуға дәтім бармады.
“Аз уақыт”- мен ойлағандай аз болмады, екі жылға созылды. Осы екі жылдың ішінде ол жігіт Айманның жанының бір бөлшегіне айналды, суреті бөлмеде, керек десеңіз стақанының сыртында, көпшік пен көрпесінің тысында тұрды. Айман оның қатысқан концерттерін, түрлі ток-шоуларын, БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарын үзбей қадағалап отырушы еді. Жанкүйерлерге арнап өткізген кездесулерінен мүлде қалмайтын. Бір қызығы, әлгі әншінің оны мүлде танымайтындығын біле тұра, өзін әлемдегі ең бақытты адамдай сезінетін.
Бір күні Айманның әкесі жүрегі ауырып, науқастанып қалады. Айман жаны қысылып менің қасыма келіп: “Осы күнге дейін ертегі кейіпкеріне сенген жас қыздай, ақымақ болып келген екенмін. Қара басымның ғана қамын ойлап, әкем туралы мүлде ұмытып кетіппін. Әкем де о дүниеге аттанса, өз-өзімді кешірмеспін! Одан да жұмыс тауып, өмірімді қалпына келтірейін”, - деп еңкілдеп отырып жылайды. Ең алдымен, арманына айналған, қияли кейіпкермен қош айтысу керектігін өзі жақсы түсінетін. Бірақ бұнысынан түкте шықпайтындығын біліп, танымал әншінің жанкүйерлермен кездесуіне соңғы рет келеді. Кездесу біткеннен кейін, жанкүйерлер әншімен суретке түсіп, қолтаңбасын кезекпен алып жатады. Кезек Айманға да келіп жетеді. Қыз жігіттің көзіне ұзақ, телміре қарайды. Жігіт болса:
- Сізге не керек? Суретке түсеміз бе? Әлде қолтаңба берейін бе? - дейді
- Жоқ, ешқайсысы да керек емес. Тек жай ғана менің көзіме қарап, “Мен сені мүлде танымаймын? Сенің кім екеніңді, тіпті сен туралы еш нәрсе білмеймін! Сені сүюім мүлдем мүмкін емес деші!” - өтінемін деп жасқа толы көзімен жалына қарайды. (Айман дәл осы жолмен ғана, жиіркеніш сезімін оятып, одан бас тарта алатындығына сенімді еді). Жігіт:
- Мен сені сүйем, - дейді де, қыздың қолындағы қағазды алады. Айман алғашында, есі ауысқан адамдай, өз құлағына өзі сенбей бір орнында тұрып қалады. Есін жиған уақытта, одан бетер қиналып, ойы сансаққа жүгіріп, көз жасын көл қылады. Үйіне келіп, жігіттің беріп жіберген қағазын қараса, телефон нөмірі тұр екен... Бүгінде, екеуі бақытты отбасын құрды. Айманның әкесі болса, дертінен құлан таза айығып, немерелерінің қызығына тоймай, шалқып ғұмыр кешуде.
Өмір – алып ойын алаңы. Бізді қай жерде және қандай тосын сый күтіп тұрғандығы сізге де, маған да беймәлім! Бастысы, жеңіске жетудің екі алтын қағидасын есіңізден шығармаңыз. Оның бірі - ережемен ойнау, екіншісі - ешқашан берілмеу.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: махаббат хикаясы Қайталанбас махаббат хикаясы туралы казакша история любви на казахском, история любви Кайталанбас махаббат хикаясы на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Қайталанбас махаббат хикаясы