Құқық бұзушылықтың алдын алу


Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

 Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды.  Оқушылар арасындағы құ­қық бұзушылық пен қыл­мыстың алдын алу мақса­тын­да мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және мектеп ұстаздарынан құралған. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияға Жәрдемдесу Жедел Тобы» құрылды. Мектепте нарколо­гиялық бекеттер жұмыс іс­тей­ді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде  спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған  оқушы тар­ты­лып отыр.

Қылмыстың алдын  алу­дың бірден-бір жолы – оқу­шылардың мектептен тыс уа­қытта қосымша біліммен қам­тылуын дұрыс ұйым­дас­тыру. Бүгінгі күні мектептегі мектептен тыс  оқушы қосым­ша біліммен қамтылып отыр.

 Осы атқарылған жұмыс­тар­дың нәтижесінде кәме­лет­ке толмаған жасөспірімдер  ара­сындағы қылмыс саны азая түскен. Мысалы,қалалық ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрұған бала жоқ.

  Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұр­ған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыға­ды. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүрген­дерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер орган­дарын­да есепте тұрған оқу­шылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты.

 «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар  еліміздің болашағы.  Жастар қоғамымыздың  жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан».  Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек» - деген еді.

Азаматтың міндеті -  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.  Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгін мен ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңына тоқталып өтсем деймін.

 Бұл заң 10 тарау 53 баптан тұрады Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

Бұл заңның 3-тарауы. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы

9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқылы

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы

13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы

14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсызқалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету.

15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы

16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы

16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы

17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы

18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу

19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы

20-бап. Баланың мiндеттерi

      Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

 

23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау

      Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.

24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi

  1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерiнің қабiлетi мен қаржы мүмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.
  2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi.

37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау

  1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
  2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
  3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.

                      

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235

2-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiңбалаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

  1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 13874 тенге
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 39640 тг не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады

442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріпжүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы

  1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде
    болуы –заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады- 5946
  2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
  3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 29730 тг.

Жоғарыда аталған заңды нормативтік құжаттардың мақсаттары мен міндеттерін толық баяндап жеткізуде жастар арасында тәртіп орнату, тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру, қылмысты болдырмау жолдарын дамытып, жандандыру ол сіздермен біздің бірлесе отырып, яғни мектеп пен ата-ана болып жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Сонда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып балаларымыз құқылы,дербес орта өмір сүреді. Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны – бесіктің қалай тербелетіне байланысты дегендей, бүгінгі ұрпақ ертең мемлекеттің тұтқасын ұстар бір азамат. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан.  Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар» деген екен. Жігері жалын боп жанып, өрелі өрге талпынған бүгінгі белсенді жастар мемлекет еңсесінің  биік тұғырының берік қалануына сүбелі үлес қосып жатса, қазақтығы қанында азаматтығы жанында буырқанған бөрі тәңірлі еліміздің рухының мықты екендігінің айғағы емес пе? Меже биік, межеден табылу – абырой. Ендеше, Жастар қоғамымыздың  жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алибаева Айнур Алдабергеновна



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу