Жақсы күйеу қандай болуы керек?
Шаңырақтың шаттығы мен берекесі әйелдің қолында дейміз. Дұрыс-ақ. Алайда сол әйелді әйел ететін, қамқоршысы әрі қолдаушысы, өмірлік серігі, жұбайы емес пе? Отбасында әйелмен қатар ер адамға да жүктелген міндеттер аз емес. Кез келген ер жігіт жақсы жар, отағасы, ардақты әке, елге сыйлы азамат болғысы келеді емес пе? Ол үшін не істеу керек?
1. Отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету толықтай ер адамның мойнында.
2. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – жұбайларыңа жақсы қарайтындарың» – деген. Сондықтан әйеліңіз бен балаларыңызға мейлінше мейірімді, жұмсақ болыңыз.
3. «Мен бұл үйдің отағасымын, менің дегенім болады» деген дөрекілік пен менмендікке жол бермеңіз. Ер адамға, әкеге тән қаталдық, әрине, керек, бірақ өз орнымен, жөнімен болуы тиіс.
4. Жаныңыздағы жұбайыңыз бен балаларыңызды нәсіп еткен Аллаға шүкіршілік етіңіз. Әйеліңізге ризашылығыңызды білдіріп тұрыңыз. Себебі, әйел кіріңізді жуып, тамағыңызды дайындап, ұрпағыңызды жалғап, жаныңыз бен тәніңіздің тыныштығын қамтамасыз етеді емес пе?
5. Дінімізде әйел адамға дауыс көтеріп, ауыр сөздер айтып қорлауға, қол көтеруге тыйым салынған, күнә болып саналады.
6. Жұмыстан қанша шаршап келсеңіз де әйеліңіз бен балаларыңызға көңіл бөлуге тырысыңыз. Олармен сөйлесіңіз, керегін сұрап, қандай мәселелер бар екенін сұрап тұрыңыз. Олардың тәрбиесін ұмыт қалдырмаңыз.
7. Мінсіз адам болмайды. Егер жарыңыздың сізге ұнамсыз жақтары, іс-әрекеттері болса, бір қателік жасап қойса жай сөзбен айтып, түсіндіруге тырысыңыз. «Сенің мына жерің дұрыс емес сияқты. Осындай болғаныңды қалар едім» деген сияқты.
8. Кешірімді болыңыз.
9. Түсіністік пен сыйластық – бақытты отбасы болуға апаратын жол.
10. Әйеліңізге сырлас дос бола біліңіз. Қиналған сәттерінде демеу болып, ауырып қалса жанынан табылып, қамқорлық танытыңыз. Себебі әйел – Алланың ер адамға берген аманаты.
11. Жарыңыздың туыстарын сыйлаңыз, олармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жаксы куйеу, Жақсы күйеу қандай болуы керек, жаксы куйеу кандай болу керек, жақсы күйеу, адамға, жақсы, деген, болыңыз, керек, болып, болғысы, сыйлы, отағасы, ардақты, қамтамасыз, азамат, сұрап, тұрыңыз, Әйеліңізге, сияқты, Себебі, Шаңырақтың, жігіт, әйеліңіз