Көктем аруы: 10 күн дайындалып, жеңіске жеттім


2009 жылдан бастап Шымкент қаласында «Көктем аруы» байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп жатыр. Байқаудың мақсаты- қыз баланың жан сұлулығы және 40 үйден тыйылуды дәріптеу. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиені, салт-дәстүрді ұғындыру. Сұлулық пен зияткерлік ұштасқан
«Көктем аруы-2021» байқауының жеңімпазы Орынбасар Қарақат Оралтайқызы байқау жайында ағынан жарылмақ.

-Бұл сайыс жайында қайдан естідіңіз? Кім себепкер болды?

- Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы байқауға кастинг жарияланғанын көріп қалдым.Сол сәтте бағымды сынап көремін деп шешім қабылдадым.
-Әлеуметтік желілерде белсендісіз. Sulumodels_shym модельдік агенттігінде, сән саласында жұмыс жасайсыз. Бұл салаға неше жасыңызда және қалай келдіңіз?
-Бұл салаға инстаграмдағы белсенділігімнің арқасында қадам бастым.
Модельдік саласында жұмыс жасап жүргеніме небәрі 4 ай болды.
-Байқауда модель болғаныңыз өз көмегін бере алды ма?
-Әрине.Себебі біз сабақ барысында сенімділікті, әдемі жүріс –тұрысты қалыптастырдық.
-Ата-анаңыз қарсы болмады ма?
-Сән саласы менің арманым болатын. Балалық шағымнан киім, әшекейге әуеспін. Модель болам деп нақты шешім қабылдағанда ата-анаммен өз ойымды, арман-мақсаттарымды бөлістім. Олар мені қолдап, көмегін беріп жатыр.
-Модель болудың 3 артықшылығы мен 3 кемшілігі ?
-Өзіңе сенімді боласың
-Ұстамды, әдемі,лайықты боласың
-Халықпен үнемі қарым-қатынаста боласың


3 кемшілігі
-Көп еңбектенесің
-Көп күтесің
-Үнемі дене бітіміңді сақтауың тиіс
-Атақты адамдардан кімді үлгі тұтасыз?
-Кез келген жетістікке жеткен адам -мен үшін үлгі.Бірақ бір адамды атап, үлгі аламын деп айта алмаймын.
-«Көктем аруы-2021» байқауының жеңімпазы атандыңыз. Сайыс қанша кезеңнен тұрды? Қанша ару бақ сынады?
-Байқауда 4 кезең бойынша бәсекеге түстік. Кастингке 100ден аса қыз қатысуға ниет еткен. Бұл кезеңнен іріктеліп, 30 ару бақ сынады.
-Қай кезең сіз үшін қиындық тудырды?
-«Өз өнері» сайысы мен үшін аздап қиын болды.Себебі қойылымда рөл сомдадым. Образға кіре алмай, көз жасын төккен кездер де болды.
-Дайындық үшін қанша уақыт жұмсадыңыз?
-10 күн дұрыстап ұйықтамай, тамақтануға уақыт таба алмай, дайындықта болдым. Дегенмен, еңбегім ақталды.
-Жеңістігіңіз өміріңізге қандай өзгерістер алып келді?
-Түрлі телеарналар, газет-журналдар сұхбатқа шақыра бастады. Адамдар тани бастады. Болашаққа деген үлкен жоспарлар құрылды.


 

 

 

 

 



Әбдіжаппар Мерей Мұсақызы "Дарын" мектеп-интернаты



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу