Шаш күтімі
Əдемі шаш үлгісі сіздің мінсіз образыңызды толықтыра алады. Егер ол əрине, сау шаш болса. Əйелдің денсаулығы мен сұлулығының көрсеткіші - ол, мықты, сау шаш. Шашыңызды қалай күтесіз? Көпшілік сауда орындарынан алып жүрген күнделікті қолданыстағы сусабын мен шайғыштар қаншалықты пайдалы?
Қазіргі уақытта кез келген қыз-келіншек өз шаш күтіміне қатысты өзіне қолайлы тəсілді біледі десек қателеспейміз. Бұрынғыдай жарнамаға көзсіз еретіндер жоқтын қасы. Ал шаш күтімін тек қана салон мамандарына сеніп тапсыратындар да кемде кем десе болады. Ендеше үйде шаш күтудің ең болмағанда бір əдісін шашының денсаулығына алаңдайтын əрбір əйел білу керек деп ойлаймыз.
Шаш типіне қарай сусабын, шайғыш, маска таңдау, тез майланғыш, құрғақ немесе қайызғақ тез түсетін шашты қалай жəне қандай суда жуу керектігі баршаға мəлім. Бізді қызықтыратыны үйде аптасына болмаса айына жасалуы тиіс маскалар түрі. Əсіресе масканы қолдануға осындай қыстан кейін бас киіммен қоштасқан кезде көңіл бөлуге тиіспіз.
1. Сонымен тез майланғыш шашқа арналған масканы былайша дайындауға кеңес береміз.
Бір шай қасық кастор майы мне алоэ шырынын бір ас қасық балмен араластырамыз. Бұл қоймалжың массаны шашыңызға жағып полиэтилен пакетпен орап алыңыз. Жылуды сəл ұзағырақ сақтау үшін орамалмен орауды ұмытпаңыз. 15 минуттан соң сусабынмен жуып тастаңыз. Бұл масканы бір ай бойына 10 күн сайын қайталап тұру керек.
2. Егер сіздің шашыңыз көп түсіп əрі тез ұштанғыш болса қалақай тұнбасынан асқан пайдалы нəрсе жоқ.
50 грамм қалақай жапырақтарын үгітіп, оған тең мөлшерде түйежапырақ тамырын қосыңыз. Оны 400 мл. суға қайнатып, алынған тұнбаны тұндырып шашыңызды шаятын суға қосасыз.
3. Қайызғақтан құтылу жолы.
Қалақай, түйежапырақ тамыры жəне түймедақ гүлдерін тең мөлшерде қосып қайнатамыз. Алынған тұнбаны бірнеше сағат тұндырып, онымен бір ай бойына шашыңызды шайып отырыңыз. Бұл əдіс боялған шашқа қолдануға келмейді.
4. Құрғақ шашқа арналған ашытқыдан жасалған маска.
Бір ас қасық ашытқыны бір шай қасық жылы суға салып араластыру керек. Оған жұмыртқаның ағын көпіртіп алып қосамыз. Шыққан массаны шашыңызға, бас терісіне жағып қоясыз. Кепкенше күте тұрып артынан сусабынмен жуып тастаңыз.

P.S. Біз іріктеп алған маскалардың барлығының құрамы кез келген дəріханадан табылатын қол жетімді заттар. Сонымен қатар үйде қолдануға болатын қарапайым ғана тəсілдер. Əйтсе де əрбір əйелдің өз шашына қатысты білетін бір əдісі болуы мүмкін. Олай болса бөлісе отырайық
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шаш күтімі туралы кеңестер, шаш күтімі туралы мәлімет, шаш күтімі жайлы кеңес, шаш күтімі үй жағдайында, шаш кутими туралы кеңес, шаш кутими жайлы, шаш кутими уй жагдайында казакша, советы по ухаживанию за волосами на казахском