Кеңестер


Масадан қорғанамын десеңіз, мыналарды сынап көріңіз

1.Маса қышықыл иске жоламайтындықтан, жаңа лимонды сығып, шырынын маса көп кіретін жерлерге

Тамызып қойсаңыз, немесе жұқалап кесіп алған соң шырынын терезе ернеулеріне жағып қойыңыз.
2.Сарымсақты ұсақтап тұрап алып, бөлмелердің терезесіне шашып қойсаңыз.
3.Витамиын B мен витамиын C ды ылайықты мөлшердегі сумен Ертіп, денеңізге жағып алыңыз.
4.Маса шағып алған жеріңізге азырақ тұз суын немесе тыс пастасын жағып қойсаңыз қышыған......
Кеңестер
Толық

Әжім кетіретін Сегіз түрлі нәр

1. Қызанақ (помидор). Құрамында дәрумен мол болады, оның ішінде С дәруменінің құрамы көкөніс түрі бойынша алдыңғы орында, ол теріні ұтымды түрде қорғай алады; Ондағы мол А дәрумені терінің серпінділігін сақтап, тері клеткаларының семіп мүйізгектенуінің алдын алады. Қызанақты ұсақтап турап, жаншып шырынын шығарып алып, оған азырақ бал араластырып бетке жақса әжімді тіпті жақсы кетіреді.

2. Мандарин. Мандарин құрамындағы В дәруменінің теріні жию және жұмсарту рөлі болады. Мандаринді қабығымен жаншып, спиртке шылап, үйлесімді мөлшерде бал қосып, бір апта қойып, бетке жақса, теріні жұмсартуға және әжімды кетіруге өнімі болады.......
Кеңестер
Толық

Өмір алма кезек

Бірде қаладағы колледждердің бірінде 4 жыл оқып танысқан, екі дос болыпты. Біреуі клуб, түңгі көше дегеннен аулақ жүретін, ай сайын оқудағы айлық бағаларын тапсырып тастап, өз ауылына асығатын қарапайым ауылдың жігіті екен. Ал екінші дос керісінше - клуб, көше, әр қыздармен жүру баққаны, ал ауылдық жерді жақтырмайтын қаланың жігіті екен.
Ауылдың жігіті - сабақ үлгерімі нашар болыпты, бірақ қарапайым ауылдың жұмыстарына қолы епті екен, ауылында мал бағып, егін егіп күн көреді екен. Ал қаланың жігіті керісінше - сабақ үлгерімі жақсы болыпты, айлық бағалары толған 5 екен, бірақ 5 болғаны не керек - ай сайын ақша қыстырады екен, жұмыс жасауға икемі жоқ, баққаны оңай олжамен ақша тауып, бар ақшасын қайдағы жоқ клубтармен қыздарға береді екен. Ауылдың жігіті - 1 айға тамағы мен киіміне жететін қарапайым 10000 теңгесін таба алмай жүрсе, қаланың жігіті мұндай ақшаны күнде әр нәрсеге бәс тігіп, тектен-текке ақшасын шашады екен. Қаланың жігіті өте таккаппар екен, қалтасында 100000-даған ақшасы жатсада, досына көмекке 1000 теңгесінде бермейді екен. Сөйтіп өмір өтеді... Сағаттап күндер өтеді, айлап жылдар өтеді. 4 жыл зу етіп өте шығады... ......
Кеңестер
Толық

Табысты адамды қалай тәрбиелейміз

Көрген өнегесі мен алған тәрбиесінің арқасында адам табысқа жете алады. Баланың жетістікке жетіп, мақсатқа қол жеткізуі – ата-ананың берген бағыт-бағдарына байланысты. Жалпы, табыс деген не? Бақыт, денсаулық, өз еңбегімен жетістікке жету. Осы сөздермен баланы қанаттандыра білген ата-ана баласының еңбегін, жетістігін көре алады. Ата-ана тағы қандай бағыт бере алады?

1. Спортпен шұғылдану

Спорт – табысты адамға таптырмас серігу. Бала мұнда жауапкершілік, топ болып жарысу, топтың намысын қорғау секілді құндылықтарды боына сіңіре алады. Топ болып жарысып жүріп, бала жеңіс пен жеңілістің не екенін біледі. Спортқа деген ниеті бар бала қабілетті болады. Жеңіске жетіп, дандайсып ктепеу, жеңіліске ұшырап, тауы шағылмау.......
Кеңестер
Толық

Шаш күтімі Экрандау

Шашты экрандау (экранирование) процедурасы — шашты қалпына келтіру мен емдеудің бір әдісі. Бүгінгі материалда экрандау процедурасы және оның ламинирлеуден айырмашылығы туралы білетін боласыздар.

Шашты экрандау – арнайы препаратпен қаптау. Ол препарат «экран» деп аталатын қорғаныш қабатын түзеді. «Экранды» жасау үшін тотық және аммиак қолданбайды. Оның құрамына аминқышқылдары мен өсімдік компоненттері кіреді. Шаш құрылымы мен бұрым жағдайына қарамастан бір ай бойы процедура әсерін жоғалтпайды. Мұндай күтімді «shining (шайнинг)» деп те атайды. Себебі, бұл процедурадан соң шашыңыз жұмсақ әрі жылтыр бола түседі.......
Кеңестер
Толық

Тойға дайындық Қалыңдық қорқынышы

Қалыңдықтар той дайындығы кезінде мынадай мәселелер бойынша алаңдайды екен:

– Көңілім бұзылып, көзіме жас келсе кірпігімдегі тущ ағып кетеді. Мұндай мәселе туындамас үшін суға ақпайтын тущ жағыңыз немесе қазір барлық қалыңдыққа ұсынылатын жасанды кірпікке бір күнге рұқсат беріңіз.

– Туфлиімнің өкшесі сынып қалса... Тойда қарбалас кезінде түрлі жағдай болуы мүмкін. Сондықтан барлығын ерте ойластырып қойыңыз. Бойыңыз тым кіші болса, бұл мәселе алаңдатпай қоймайды. Мүмкіндік болса, тағы бір өкшелі туфли жаныңызда жүрсін. Бойыңыз жолдасыңызбен қарайлас болса, жай табан аяқ киім алып, мейрамхананың (той өтетін жердің) сенімді жеріне қойыңыз.......
Кеңестер
Толық

Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы

Үйлену оңай, үй болу қиын дегенмен, үйлену тойының да қиыншылықтары жетерлік. Әр ұсақ-түйегіне дейін ұйымдастырып, реттеп қою қыз баласының, әйел адамының мойнында. Сондықтан олар той жөнінде ер азаматтарға қарағанда көбірек бас қатырады. Бірі тойды уайымдап біраз салмақ тастаса, бірі уайымнан көп тамақ жеп қойғанын да білмей қалады.

Өмірде бір рет келетін отау құру тойы сценариі жазылған концерт секілді бірқалыпты өтіп кетпей, нағыз мерекеге айналып, қуаныш сыйласын десеңіз бүге-шүгесіне дейін алдын ала ойластырып қоюға тура келеді.

Тойға дайындық басталғаннан өзіңізді ханшайымдай сезініңіз. Барлық істі үтір нүктесіне дейін қалай орындалуы керегін түсіндіріп, ең сенімді адамдарыңызға тапсырыңыз. Той кезінде өзіңіз тек тапсырмалар орындалғанын қадағалап отыратын басқарушы боласыз.......
Кеңестер
Толық

Артық май жиналу себептері

Іштегі қабаттанған май әйел адамның сыртқы пішініне зиян келтірмейді. Бұл – қалыпты жағдай. Оның себебін түсіндіреміз. Егер белгілі бір себептермен іштегі майдан арылғыңыз келсе, сіздерге мынадай кеңес береміз.

Әйелдердің 90%-ы майды қарнына, беліне жинайды. Әйел ағзасының бір ерекшелігі табиғатынан сондай. Оның бір пайдасы жүкті болған кезде құрсақты сыртқы күштерден немесе суықтан қорғайды. Демек, майдан қорқудың қажеті жоқ.

Майдан арыламын деген қыздар ең алдымен ағзасына мән бергені жөн, жиі күш жұмсап, дұрыс тамақтануы керек. Күш жұмсау дегеніміз – жиі жаттығу жасау. Бұның бәрі ниетке байланысты: егер қыздар май орнына текшелер шығарғысы келсе немесе майдан толық арылғысы келсе, жаттығуды жиі әрі көп жасауы тиіс. Майдан толық арылғым келеді дегендері бимен (әсіресе шығыс биімен), жеңіл жаттығулармен шұғылданса болады, ал егер кішкене текшелер шығарғысы келсе, жаттығу залынан шықпай, көп тер төгуі тиіс.......
Кеңестер
Толық

Хрустальды әйнек ыдыстан қалай ажыратамыз

Хрусталь сатып алғанда оның таза хрусталь екеніне күмән келтіріп жатамыз. Сондықтан хрусталь ыдысты қарапайым әйнектен ажырату жолдарын бірге іздеп көрейік.

Хрусталь – қорғасын қосылған әйнек. Оны XVII ғасырда Георг Равенскрофт есімді ағылшын әйнек құрамын зерттеп отырғанда кездейсоқ ойлап тапқан. Ол әйнекке қорғасын тотығын қосқанда, әйнек ерекше мөлдір түске ие болып шыға келген. Ол заманда хрустальды тек бай адамдар қолданған. Бүгінде технология дамып, хрустальды қарапайым халық та сатып алатын болды. ......
Кеңестер
Толық

Ірімшік қосылған баялды

Баялдының көмегімен түрлі тағам дайындауға болады. Қызанақпен араластырып, майонез қосып салат дайындасақ, енді бірде ішіне фарш саламыз. Бұл жолы кезекті мәзірімізде баялды мен ірімшік дәмін үйлестіруді жөн көрдік. Етті тағамдар денсаулыққа зиян болғандықтан, олардан бас тартып, көкөністерді көбірек жегеніміз жөн. Олай болса, іске кірісейік!

Ірімшік қосылған баялдыны дайындау үшін бізге:

- 3 баялды;

- 4 қызанақ;

- 1 бас сарымсақ;......
Кеңестер
Толық