Сізге қандай иіс ұнайды?
Халық емі
Сізге қандай иіс ұнайды?
Адамның көңіл - күйіне кейбір өсімдіктердің иісі тікелей әсер етеді. Айталық, жаңадан шабылған шөп иісінің жан сергітетінін жұрт біледі. Ол сондай - ақ ой - сана шаршағандағы ақыл - зейіннің төмендеуінен де қорғайды екен.
Сондай - ақ цитрус жемістері де хош иісімен адамды сергітеді. Олар ағзада қуат түзіп, оны сақтауға әсер етеді.
Жалбыз иісі тыныс жолдарын ашып, жүйкені сергітеді, жұмысын жақсартады.
Ал лаванданың иісі тыныштандыратын қасиеті бар, ол ұйқысыздықтан құтқарады екен.
Корица иісі есте сақтау қабілетін, зейін - зердені күшейтеді, көздің көргіштігін жақсартады.
Қылқанжапырақты ағаштар иісі адамды тынықтырады.
Адамды мейірімді ететін де иіс бар. Ол – ваниль иісі. Сондай - ақ оның жинақылық пен босаңсудың тепе - теңдігін сақтауда да әсері зор.
Асқабақ иісі мен лаванда иісінің қосындысы көптеген ер - азаматтардың құмарту сезімін күшейтеді дейді ағылшын ғалымдары.
Жасмин иісінің жинақы, аңғарымпаз ететін әрі жаман ойлардан арылтатын қасиеті бар екен.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: иіс, халық емі