Үсік шалғанда алғашқы көмекті қалай көрсетеді?
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үсік шалған кезде алғашқы көмек көрсетуді және қатты аязда өзін қалай сақтаудың жолдарын ұсынады.
Үсік шалу – төмен температураның әсерінен ағзаның кез келген жерінің бүлінуі.
Үсік шалу дәрежесі:
І дәрежелі үсік шалу (ең жеңіл түрі), әдетте, суықтың қысқа уақытта әсер етуінен туындайды. Зақымдалған тері учаскесі ақшыл болып, жылынғаннан кейін қызарады, кей кезде реңі бозғылт-қызыл болады, ісік туындайды. Тері жансызданбайды. Үсік шалғаннан кейін бір аптадан кейін тері қабаты түсе бастайды. Науқас үсік шалғаннан кейін 5-7 күннен кейін жазылып шығады. Мұндай үсік шалудың негізгі белгілері – күю сезімі, зақымдалған тері учаскесінің шаншып, соңынан ұйып қалуы. Содан кейін тері қышуы мен ауырсыну пайда болады, олар әлсін-әлсін бірақ анық болады. І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
ІІ дәрежелі үсік шалу, әдетте, суықтың ұзақ уақытта әсер етуінен туындайды. Алғашқы уақытта тері ағарады, тоңады, жансызданады. Бірақ, бұл белгілер үсік шалудың барлық дәрежелерінде байқалады. Сондықтан, бұл үсік шалу дәрежесінің ерекшелігі – алғаш күннен бастап зақымдалған тері орнында іші түссіз сұйыққа толған көпіршіктердің пайда болуы. Тері қабатының толық жазылып шығуы 1-2 аптаға созылады, зақымдалған жерде тыртықтар қалмайды. ІІ дәрежелі үсік шалғанда жылытқаннан кейін ауырсыну І дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады, тері күйіп, қышу мазалайды.
ІІІ дәрежелі үсік шалу – суықтың әсер ету уақыты ұзарады және төмен температура жұмсақ етті терең зақымдайды. Алғашқы уақытта пайда болған көпіршіктердің іші қан аралас сұйыққа толады, түбі қызғылт-көк, түршігу сезінбейді. Терінің барлық элементтері өле бастайды және соңында үсіген жер түйіршектеліп, тыртық пайда болады. Түскен тырнақтар өспейді, ал өскен жағдайда деформацияға ұшырайды. Өліп қалған тері қабаты 2-3 аптада түседі, ал соңынан тыртықтану 1 айға дейін созылады. ІІІ дәрежелі үсік шалғанда ауырсыну ІІ дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады.
ІV дәрежелі үсік шалу – суықтың әсер ету уақыты өте ұзақ және төмен жұмсақ етті өте терең зақымдайды. Бұл дәрежеде үсік шалудың ІІ және ІІІ дәрежесі қатар жүреді. Жұмсақ еттің барлық қабаттары өледі және сүйек пен буындардың зақымдануы жиі кездеседі. Зақымдалған қол-аяқтар ерекше көк түсті, кей кезде мрамор сияқты сұр түсті болады. Жылытқаннан кейін ісік пайда болып, өте тез ұлғая бастайды. Тері температурасы зақымдалмаған жерден әлдеқайда төмен. ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған орындарда көпіршіктер пайда болады. Үсік шалған жерде көпіршіктердің жоқ болуы және ісіктің үлкен болуы – үсік шалудың төртінші дәрежесін көрсетеді. Ауаның төмен температурасында ұзақ болу үсікке шалдырып қоймай, ағзаның толық сууына әкелуі мүмкін.
Үсік шалған кездегі алғашқы көмек
Ең алдымен, үсік шалу белгілері бар науқасты жылы жайға жеткізіп, аяқ киімін, шұлығын және қолғабын шешу керек. Дереу жедел жәрдем шақырту қажет.
І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
ІІ-ІV дәрежелі үсік шалғанда тез жылыту, массаж немесе уқалау жасаудың қажеті жоқ. Зақымдалған жерге жылу шығармайтын дәке таңу қажет (қабатталған мата, қалың мақта қабаты, тағы да мата, үстінен клеенка немесе резеңке мата).
Үсік шалғанда не істеуге болмайды?
Науқасты жылыту мақсатында ішімдіктер беруге, сонымен қатар, үсуге ұшыраған тері аумақтарын интенсивті түрде қармен, маймен, спиртті ерітінділерімен уқалауға мүлдем болмайды. Үсіген адамды алдын ала жылы температурада жылытып алмай, ыстық сулы ваннаға салуды әрекет етпеңіз. Науқасты жылыту мақсатында лаулап тұрған отты пайдалануға тыйым салынған. Осы аталған жылыту әдістері үсіген аумақта температураның бірден жоғарылауына алып келіп, ол өз кезегінде кіші капиллярлардың жарылуына, ішкі қан ағудың көріністеріне, тіпті ауыр жағдайға дейін алып келеді.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: усик шалганда алгашкы комек, үсік кезіндегі медициналық көмек, үсік шалғанда не істеу керек