Арықтаудың өнімді тәсілі

Арықтаудың өнімді тәсілі

Дене шынықтыру – сау денелі болудың маңызды кепілі. Ал, арықтаудың да ең өнімді тәсілі деп айтуға болады. Бірақ, дене шынықтырудың, жаттығу жасаудың да өз мезгілі бар. Мысалы, көптеген адамдар таңсәріден тұрып алып, қара терге түсіп, жаттығу жасап жатады. Мұның басты себебі, таңғы ауа ең таза болады деп есептегенінде. Бұл дұрыс көзқарас емес. Ал шынын қуғанда, таңғы алакеуім шақ ауаның лас кезі есептеледі екен. Тәңертең ерте тұру, серуендеп жүру пайдалы болғанымен, қаратерге түсіп жаттығу жасау денсаулыққа кері әсерін тигізері анық.

Ал арықтауды мақсат етіп, дене арықтауды мақсат етіп дене шынықтыратын адамдардың ең тамаша мезгілі аш қарында көптеп әрекет ету. "Аш құрсақпен дене шынықтыру – қандағы майдың төмендеуін тездетеді",-дейді англиялық ғалымдар. Бірақ, бір ескерері өте ауыр дене қимылдарын аш қарында істеу – асқазанның созылуын және бұдан да басқа ауруларды келтіріп шығаруы мүмкін. Тамақтанудан бұрын алыс аралыққа жүгіруді жалғастырсаңыз, он күннің ішінде салмағыңыздың едәуір жеңілдегенін байқайсыз. Ал жапон ғалымдары бұл әдісті арықтаудың ең өнімді, ең ұтымды және денсаулыққа еш залалсыз тәсілі деп қарайды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру