Бизнес және қаржы


Бизнес кеңес: Өз ісімізді ашамыз, негізгі және қосымша шығындарға не жатады?

Жаңа бизнесті ашпастан бұрын болашақ жобаға кететін барлық шығындарды есептеп алған жөн. Себебі жобаның пайда әкелуі мен өзін-өзі ақтау мерзімі сіздің есептеулеріңізге тікелей байланысты болады.
Бизнес және қаржы
Толық

Бизнесмен болу үшін білу керек 10 нәрсе

Әлемнің ең табысты адамдары өз балаларына қандай кеңес береді екен? Сізге де осы сауалдың жауабы қызық па? Ендеше, 6 жасында бизнес ашқан адамның бірнеше нұсқауын оқыңыз.

Инвестор әрі саяхатшы Джим Роджерс "Балаларыма өсиет. Әкенің өмір сүру және табысты болу туралы сабақтары" ("A gift to my children. A father's lessons for life and investing") атты кітап жазған. Роджерс еңбекте қыздарына тіл қатқанда өзінің басынан кешкен оқиғаларды, инвестициялық тәжірибелерін, өз әкесінің өсиеттерін қосып отырады. Ал Forbes басылымы аталған кітапты....
Бизнес және қаржы
Толық

Дағдарыс кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі жөнінде 5 кеңес

Менен соңғы кезде не сатып алу керек, қайда салу керек және т.б бойынша жиі кеңес сұрай бастады. Барлығына бірақ жауап беруді шештім. Менің 11 жылдық биржалық, 8 жылдық банктік және 23 жылдық бизнестегі шынайы тәжірибемді, жалпы барлық саладағы тәжірибемді ескере отырып, дағдарыс кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі бойынша келесі кеңестерді беремін:

1. Дағдарыс кезінде дұрыс ойлай білетіндердің акциялары ерекше өседі. Дұрыс ойлау арқылы дүрбелеңге ермеңіз, сенімділігіңізді жоғалтпаңыз. Дұрыс ойлай білудің көзі – табиғат, кітаптар, мақалдар, ертегілер, ұлттық дәстүрлер, үлкендердің ақылы және басқалар.

2. Әлсіздікке қарсылардың акциялары бірден өседі. Әлсіздікке қарсылығыңызды күшейтіңіз. Бұл түсінікті Нассим Николас Талеб «Әлсіздікке қарсылық» кітабында.....
Бизнес және қаржы
Толық

Қыздарға кеңес: Амандаса білесіз бе?

Әдетте, қазіргі кезде қыз балаға қойылатын сын көп. «Қызға қырық үйден тыю» дегендей, қыз баланың тәрбиесіне ата – бабамыз көп мән берген. «Қыз өссе, елдің көркі» деп тегін айтпаған, ұлтты өрбітетін де, халықтың атын шығарар ұрпаұты дүниеге келтіріп, тәрбиелеп, мейірімін төгетін де қыздар. Сондықтан, қазақ атына заты сай азаматтар өсіру үшін қыздардан мейірімділік, инабаттылықты талап етеді.
Өздерің үнемі ауылдарыңда өтетін тойлардан көріп, көңілдеріңе түйіп те жүрген шығарсыңдар, әдетте қыз келін болып жігіттің үйіне түсерде «Беташар» айтылады. Той басқарушы асаба немесе той иелеріне етене жақын туыстары беташарды айтқанда, мысалы:
«Беташарға келгенде,
Сөз сөйлеймін сарнатып,
Ана отырған атасы –
Қара жердің....

Бизнес және қаржы
Толық

Бизнеске кеңес: Шағын, орта және ірі бизнес деген не?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» жолдауында шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі кемшіліктерге әділдікпен назар аударды.
Мемлекет басшысы Үкіметке заңнаманың ұсақ, шағын, орта және ірі бизнестің нақты айыруға қатысты бөлігіне өзгерістер енгізуге тапсырма берді.
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП ШҚО бойынша филиалына кәсіпкерлер субъектілерін шағын, орта және ірі бизнеске бөлудің қазіргі қолданыстағы критерияларының мүлдем жетілмегендігіне қатысты өз проблемаларымен жиі шағымдарын білдіреді.
Шағын және орта бизнес үшін заң бойынша корпоративтік салық бойынша аванстық төлемдер алынып тасталған. Ірі бизнестегілердей емес, олар үшін ҚР Әкімшілік кодексі бойынша әкімшілік айыппұлдар көлемі әлдеқайда төмендетіліп белгіленген. Лицензиялау, жер учаскелеріне құқықты рәсімдеу және т.б. бойынша барынша аз мерзімдер айқындалған.
Бұл мүлдем дұрыс шешімдер, алайда шағын, орта....
Бизнес және қаржы
Толық

Бизнеске кеңес: Ақшаны жас кезден жинау керек

Көптеген қаржы сарапшылары неғұрлым ертерек жинай бастасаңыз, соғұрлым пайдалы екендігін айтады. Неге? Мұның түрлі себептері жетерлік, әйтсе де соның ең бастысын 7kun.kz мысал түрінде назарларыңызға ұсынады.

Мысалы, сіздің Ғалым, Нұрбол деген екі досыңыз бар. Ғалым 21 жасынан жыл сайын 1000 доллардан жылдық сыйақысы 10% мөлшерлемелік депозитті таңдап, ақша жинай бастады. Қарапайым формула арқылы есептесек....
Бизнес және қаржы
Толық