Бизнеске кеңес: Шағын, орта және ірі бизнес деген не?

Бизнеске кеңес: Шағын, орта және ірі бизнес деген не?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» жолдауында шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі кемшіліктерге әділдікпен назар аударды.
Мемлекет басшысы Үкіметке заңнаманың ұсақ, шағын, орта және ірі бизнестің нақты айыруға қатысты бөлігіне өзгерістер енгізуге тапсырма берді.
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП ШҚО бойынша филиалына кәсіпкерлер субъектілерін шағын, орта және ірі бизнеске бөлудің қазіргі қолданыстағы критерияларының мүлдем жетілмегендігіне қатысты өз проблемаларымен жиі шағымдарын білдіреді.
Шағын және орта бизнес үшін заң бойынша корпоративтік салық бойынша аванстық төлемдер алынып тасталған. Ірі бизнестегілердей емес, олар үшін ҚР Әкімшілік кодексі бойынша әкімшілік айыппұлдар көлемі әлдеқайда төмендетіліп белгіленген. Лицензиялау, жер учаскелеріне құқықты рәсімдеу және т.б. бойынша барынша аз мерзімдер айқындалған.
Бұл мүлдем дұрыс шешімдер, алайда шағын, орта және ірі бизнеске жатқызудағы тым төмендетілген критериялар қазақстандық бизнестің шағыннан – ортаға, ортадан ірі бизнеске өсуі үшін тиімсіз болмақ. Себебі жеңілдіктерден қағылады. Бизнес өкілдері өзінің ірі бизнесін шағын бизнеске бөлшектеп, заңдық артықшылықтарды пайдаланған әлдеқайда пайдалырақ секілді. Әйтсе де қазіргі ірі бизнес деп жүргеніміздің көпшілігі халықаралық стандарттар бойынша шағын бизнес болып табылады.
Отандық заңнамамыз бойынша жылдық айналымы 350 еселенген ТЕК (2 млн.еуродан сәл асатын көлемде) кәсіпорын ірі бизнеске жатады және мәртебесі бойынша Қазмырыш, Қазмұнай кәсіпорындары мен өзге де ірі өндірістік алпауыттармен теңестірілген.
Салыстырар болсақ:
Германияда шағын бизнес субъектілеріне жылдық айналымы 7 млн. еуродан асатын ұйымдар жатқызылады;
Португалияда шағын бизнес субъектілерінің жылдық айналымы 12,3 млн. еуроға дейін құрайды;
АҚШ-та шағын бизнес субъектілері үшін критерия жылдық айналым 20 млн. АҚШ доллары болып белгіленген (ЕО елдері бойынша орташа алғанда шағын кәсіпорындарға тауарайналымы 40 млн. Евроға дейін немесе баланстық құны 27 млн евроға дейін құрайтын ұйымдар жатады).
Қазақстанның Кеден одағы бойынша серіктесті болып табылатын Ресей Федерациясы да назар аударуға тұрарлық.
Көрші елде шағын, орта және ірі бизнеске жатқызу үшін жұмысшылар саны мен жылдық айналым көлемі критериялары белгіленген.
Бұнымен қоса, Ресей Федерациясында:
Жұмысшылар саны 15 адамнан аспайтын және жылдық айналымы 60 млн. рубльге (шамамен 300 млн. теңге) дейін болса ұсақ кәсіпорындарға жатады.
Шағын кәсіпорындарға жұмысшылар саны 100 адамды құрайтын және 400 млн. рубльге дейін айналымы бар ұйымдар жатады (шамамен 2-млрд. теңге);
250 адам жұмысшылары бар және жылдық айналымы 1 млрд. рубль (шамамен 5000 млрд. теңге) орта кәсіпорындар болып саналады.
Ал ірі бизнес деп жұмысшылар саны 250 адамнан асатын және жылдық айналымы 1 млрд. рубльден жоғары ұйымдар танылады.
Қазақстанның Ресеймен Кедендік Одақтас екендігін және Бірыңғай экономикалық кеңістік құру ниетін ескерсек, кәсіпкерлер үшін бірдей жағдайлар жасау үшін біздің ойымызша ұсыған ұқсас критерияларды қолданған пайдалы болмақ.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру