Қашықтан білім алудың артықшылықтары
АҚШ-тың ірі 33 университеті талапкерлердің барлығын қашықтан білім беру бағдарламасы бойынша оқытады, Түркияда ЖОО студенттерінің жартысы ешқашан оқытушысын көрмеген, ал Ұлыбританияда көптен бері оқушылар пәндердің жартысын үйден шықпай-ақ оқиды...
Ғаламтор арқылы білім алу немесе e-learning өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Әлемдегі миллиондаған адамдар жаңа білім алудың заманауи әдісін бағалап үлгерді. Оның мұндай керемет танымалдылығының құпиясы неде? Соны талдап көрейік.
Бүгінде қашықтан білім беру біздің өмірімізге сандық технологиямен бірге дендеп кіріп кеткен сияқты. Бірақ шын мәнінде мінсіз ақпарат көзін іздеуде адамзат біраз ғасырларды артта қалдырды. Зерттеушілер қашықтан білім алу деген ой қашан, қайда пайда болғаны жайлы әлі де бірауыздан келісімге келген жоқ. Кейбіреулер тіпті, алыстан білім беру туралы ойдың негізін салушы жазбаларын ғибадатханаларға жіберуді алғаш ойластырған апостол Павел деп есептейді. Қашықтан білім алудың бастамасы тарих қойнауына кеткенімен, біз үшін жаңа білімдерді жедел әрі тиімді түрде үйрену қажеттілігі қашанда өзекті болғаны анық. Осы мақсаттың жолында адамдар өркениеттің барлық жетістіктерін қолданды. Технология дамуының әр кезеңінде оның танымалдылығы арта берді. Тұрақты пошта тасымал жүйесі қалыптасқан XVIII-XIX ғасырларда «корреспонденттік» білім беру дами бастады. Оқушылар дәрістерді пошта арқылы алып, жауап ретінде оқытушыға сұрақтар мен тексеруге жазбаша тапсырмаларды жіберіп отырды.
ХІХ ғасырдың соңында Еуропа, Канада, Австралия және Құрама Штаттар университеттерінде қашықтан білім беру бөлімдері бірінен кейін бірі ашыла бастады. Телевидение мен радионың пайда болуы оқушылар аудиториясын жүздеген есе арттырып, қашықтан оқыту әдістемесіне түзетулер енгізді. Үйретуші бағдарламалардың таяуда ғана шыға бастағанын өздеріңіз де білетін боларсыздар. Алайда мұндай эфирлік бағдарламалардың айтарлықтай кемшілігі – білім алушылар кері байланыста бола алмады. Компьтерлік технология ғасырында бұл олқылықтың да орны толды. Бүкіләлемдік желі ақпараттардың үлкен көлемін бір жерге біріктіріп, Web-технологиялар арқасында желіге жалғанған кез-келген компьютер арқылы білім алу мүмкіндігі пайда болды.
Асықпай таңғы асыңызды ішіп, бір шыны аяқ кофе құйып алып, креслоға жайланып отырып, ноутбукты ашып... сабаққа кірісесіз. Дәріс тыңдайсыз, бейне-сабақтарды көресіз, үй тапсырмаларын орындайсыз. Бірнәрсені анықтау керек болса, оқытушыңызбен пошта немесе скайп арқылы байланысасыз. Осының бәрін аяғыңызды жып-жылы үй тәпішкесінен шығармай-ақ жасай аласыз. Мұндай таңғы рахат өмір — білім алудың тек бір нұсқасы ғана. Сіз жұмысқа бара жатқан жолда да, саяжайда да, Тайландтағы аспалы торда жатып та жаңа біліммен сусындай аласыз... Ең бастысы, оқу сізге ыңғайлы уақытта және негізгі қызметіңізге кедергі келтірместен өте береді. Мектептегі және студенттік өмірдегі ерекше естеліктердің көбі негізінен сауық кештері, жорықтар және достық кездесулерге байланысты болады. Ал білім алу үрдісінің өзі тек бірен-саран адамдар үшін ғана ұмытылмастай есте қалады. Қашықтан білім алу — білім алудың бір ғанибет екенін әлдеқашан дәлелдеген.
Заманауи технологиялар ғасырында әр адам өзіне қажетті және қызықты нәрселермен ғана айналыса алады. Бірнәрсеге қол жеткізгісі келген адам — оның амалын іздейді, ал оны қаламаған адам – түрлі сылтаулар ойлап табады. Сіз бен сіздің арманыңыздың арасы бір-ақ қадам. Компьютеріңіз бен ғаламторыңыз бар ма? Онда бұдан басқа ешнәрсенің керегі жоқ!
Ғаламтор арқылы білім алу немесе e-learning өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Әлемдегі миллиондаған адамдар жаңа білім алудың заманауи әдісін бағалап үлгерді. Оның мұндай керемет танымалдылығының құпиясы неде? Соны талдап көрейік.
Бүгінде қашықтан білім беру біздің өмірімізге сандық технологиямен бірге дендеп кіріп кеткен сияқты. Бірақ шын мәнінде мінсіз ақпарат көзін іздеуде адамзат біраз ғасырларды артта қалдырды. Зерттеушілер қашықтан білім алу деген ой қашан, қайда пайда болғаны жайлы әлі де бірауыздан келісімге келген жоқ. Кейбіреулер тіпті, алыстан білім беру туралы ойдың негізін салушы жазбаларын ғибадатханаларға жіберуді алғаш ойластырған апостол Павел деп есептейді. Қашықтан білім алудың бастамасы тарих қойнауына кеткенімен, біз үшін жаңа білімдерді жедел әрі тиімді түрде үйрену қажеттілігі қашанда өзекті болғаны анық. Осы мақсаттың жолында адамдар өркениеттің барлық жетістіктерін қолданды. Технология дамуының әр кезеңінде оның танымалдылығы арта берді. Тұрақты пошта тасымал жүйесі қалыптасқан XVIII-XIX ғасырларда «корреспонденттік» білім беру дами бастады. Оқушылар дәрістерді пошта арқылы алып, жауап ретінде оқытушыға сұрақтар мен тексеруге жазбаша тапсырмаларды жіберіп отырды.
ХІХ ғасырдың соңында Еуропа, Канада, Австралия және Құрама Штаттар университеттерінде қашықтан білім беру бөлімдері бірінен кейін бірі ашыла бастады. Телевидение мен радионың пайда болуы оқушылар аудиториясын жүздеген есе арттырып, қашықтан оқыту әдістемесіне түзетулер енгізді. Үйретуші бағдарламалардың таяуда ғана шыға бастағанын өздеріңіз де білетін боларсыздар. Алайда мұндай эфирлік бағдарламалардың айтарлықтай кемшілігі – білім алушылар кері байланыста бола алмады. Компьтерлік технология ғасырында бұл олқылықтың да орны толды. Бүкіләлемдік желі ақпараттардың үлкен көлемін бір жерге біріктіріп, Web-технологиялар арқасында желіге жалғанған кез-келген компьютер арқылы білім алу мүмкіндігі пайда болды.
Білім алу бір ғанибет
Өзіңіздің мектептегі шағыңызды және студенттік кезіңізді есіңізге түсіріңізші. Таңертең көзіңізді тырнап ашып, жылы көрпеңізден әрең шығып, асығыс-үсігіс жуынып, аузыңызға нанды тықпалай салып жүгіретінсіз. Ауа-райы қандай болса да, көшеге шығып, сабаққа бару керек. Күннің қалған бөлігін үзіліс пен түскі ас мезгілін сарыла күтіп, сабақта қалғып-мүлгіп отырып өткізесіз. Содан кейін қайтадан 9 баллдық кептеліспен үйіңізге сүріне-қабына әрең жетесіз. Ал енді басқаша елестетіп көріңізші. Ұйқыңыз қанып, сергек тұрасыз.Асықпай таңғы асыңызды ішіп, бір шыны аяқ кофе құйып алып, креслоға жайланып отырып, ноутбукты ашып... сабаққа кірісесіз. Дәріс тыңдайсыз, бейне-сабақтарды көресіз, үй тапсырмаларын орындайсыз. Бірнәрсені анықтау керек болса, оқытушыңызбен пошта немесе скайп арқылы байланысасыз. Осының бәрін аяғыңызды жып-жылы үй тәпішкесінен шығармай-ақ жасай аласыз. Мұндай таңғы рахат өмір — білім алудың тек бір нұсқасы ғана. Сіз жұмысқа бара жатқан жолда да, саяжайда да, Тайландтағы аспалы торда жатып та жаңа біліммен сусындай аласыз... Ең бастысы, оқу сізге ыңғайлы уақытта және негізгі қызметіңізге кедергі келтірместен өте береді. Мектептегі және студенттік өмірдегі ерекше естеліктердің көбі негізінен сауық кештері, жорықтар және достық кездесулерге байланысты болады. Ал білім алу үрдісінің өзі тек бірен-саран адамдар үшін ғана ұмытылмастай есте қалады. Қашықтан білім алу — білім алудың бір ғанибет екенін әлдеқашан дәлелдеген.
Дұрыс бағытты таңдаймыз
Өмірінің үштен бірін білім алуға жұмсаған жандардың көпшілігі өзіне керек емес нәрсені үйреніп жүргенін түсіне бастайды. Әдетте, беделді ЖОО-ны бітіруден естелік ретінде сонша армандаған диплом қана қалады. Ал мида — алған білімнің үзік-үзік сарқындысы ғана. Өткізіп алған мүмкіндіктер үшін өкінудің қажеті жоқ. Өзіңізді өзіңіз тану үшін қазіргі технологиялар шексіз кеңістік ашып қойған. Жаңа білім алу үшін немесе қызмет көрсету саласын өзгерту үшін кейде қашықтан оқыту курстарын өту жеткілікті болады. Оның үстіне бағасының арзандығы да білім алудың бұл түрін қол жетімді етеді. Бүгінгі таңда қашықтан білім беру бағдарламаларына көп таңдау бар. Кейбіреулері ландшафтық дизайнер, есепші, фотограф сияқты жаңа мамандықтарды игеруге көмектесіп, белгілі бір пәндер бойынша білім береді. Сіздің әрі қарай дамуыңызға қозғау салып, жүйелі әрі шығармашылық тұрғыда ойлануға үйрететін қашықтан үйретуші бағдарламалар да бар. Айтпақшы, көптеген жұмыс берушілер осындай оқу оқыған үміткерлердің айтарлықтай бәсекелестік артықшылығы болатынын мойындаған. Өзіңізге ұнаған қашықтан оқыту курстарын таңдаңыз. Қашықтан білім алу арқылы сіз өзіңізге қызықты пәнді ғана емес, тіпті оқытушыны да таңдай аласыз. Ешқандай мәжбүрлі пәндер жоқ, тек өзіңізге пайдалы болатын ақпараттарды ғана аласыз.Білімге жол
Қашықтан білім алудың тиімділігіне күмән келтіретін адамдар әлі де бар. Әдетте мұндай көзқарас оқытушы тарапынан бақылау болмайтын сияқты көрінуге байланысты. Материалды меңгерудің толық жауапкершілігі тек тегін курстарда ғана студентке жүктеледі. Тіпті олардың өзінде белгілі бір тесттер мен тапсырмалар орындау тапсырылады. Бірақ егер қашықтан білім алғыңыз келсе және сол үшін белгілі бір мөлшерде ақша салуға дайын болсаңыз, ыңғайлы, бірақ нағыз білім алуға өзіңізді дайындаңыз. Жақсы курстардың оқытушылары сізді ақпараттар ағынының астына жалғыз қалдырмайды. Қашықтан білім алу үлгісі жаңа білімді өз бетіңше алу қажет дегенді білдірмейді. Тәлімгеріңіз (тьютор) дайындығыңызға қарай жеке кеңестер беріп, барлық сұрақтарға on-line режиминде жауап береді. Әдеттегі білім беру жүйесіндегідей тәлімгеріңіз сіздің жұмыстарыңызды ұйымдастырып, оны бақылап және оқу үрдісін қажетті арнаға бұрып отырады. Студенттік отырыстар мен жатахананың орнын арнайы чаттар мен форумдар басады. Мұнда әріптестермен бірге өзекті мәселелерді талқылап, кейде әңгіме-дүкен құруға да болады. Қашықтан білім алу кезінде сіз қатаң сабақ кестесі мен тақта алдында жаттанды сабақты айтудан құтыласыз. Әрине, оны сағына қоймасыңыз да анық...Ғаламтор арқылы білім алудың сізге деген басқа да тосынсыйлары бар шығар. Әзірге біз бұл үлгіні қосымша ретінде қарастырамыз. Бірақ болашақта бәрі өзгеріп, қашықтан білім беру курстары, тренингтер, семинарлар, шеберлік-сыныптары, вебинарлар мен конференциялар дәстүрлі сабақтардың алдын орап кетуі әбден мүмкін.Заманауи технологиялар ғасырында әр адам өзіне қажетті және қызықты нәрселермен ғана айналыса алады. Бірнәрсеге қол жеткізгісі келген адам — оның амалын іздейді, ал оны қаламаған адам – түрлі сылтаулар ойлап табады. Сіз бен сіздің арманыңыздың арасы бір-ақ қадам. Компьютеріңіз бен ғаламторыңыз бар ма? Онда бұдан басқа ешнәрсенің керегі жоқ!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру