Рамазан айы. Харам істеу оразаны бұзады ма?

Рамазан айы. Харам істеу оразаны бұзады ма?

Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұзады ма?
Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен қарау оразаны бұзады»- делінген. (Дәйләми)
Имам Ағзам хазреттері бұл хадис шәрифті ашып түсіндірген және «Бұл күнәлар оразаның сауабын бұзады, өзін бұзбайды, ораза мәкрух болады»- деген. Яғни бұл күнәларды істеген адам ораза қарызынан құтылса да, оразаға тән болған үлкен сауапқа қауыша алмайды. Хадис шәрифте: «Сондай ораза ұстаған адамдар бар, олар аштық пен шөлден басқа ештеңеге қол жеткізбейді» делінген. (Ибн Мажа)
Ораза мүминдер үшін ниғмет, аманат. Бұл аманатқа мән беру керек. Оның зая кетпеуі үшін шарттарына мән беру керек. Харамға қараудан сақтану керек! Хадис шәрифте: «Харамға қарау – шайтанның уланған оқтарынан бір оқ. Аллаһтан қорқып бұны тәрк еткен адамға Аллаһу та’ала сондай иман береді, иманның дәмін дереу көңілінде сезеді»- делінген. (Хаким)
Ораза ұстаған адам тілінен де сақ болу керек! Хадис шәрифте: «Ораза – отқа қалқан. Ол ғайбатпен бөлшектенбегенше қорғайды. Ораза ұстаған адам, надандық қылып жаман сөз айтпасын! Өзіне тиіскендерге “мен ораза ұстадым“ десін!»- делінген. (Бұхари)
Көзіміз бен тілді күнәлардан сақтағанымыздай, құлағымызды да қорғауымыз керек. Айтылуы харам болған нәрсені тыңдау да харам болады. Қол, аяқ және басқа мүшелерді де харамнан қорғау керек! Ораза ұстап денесімен күнә істеген адам дәрі орнына у ішкен науқасқа ұқсайды. Өйткені күнә - у, ол сауапты жоқ қылады. Бір күнә істегеннен кейін өкіну, жақсылық пен ғибадат етуді жалғастыру керек.
 
Ауыз ашарда
Сұрақ: Оразада ауызды немен ашу керек?
Жауап: Сүннет болғаны құрма, су немесе сүтпен ашу керек. Бұлар да жоқ болса, жеміс-жидекпен немесе көкөніспен ашуға болады. Отта піскен нәрсемен, мысалы нанмен, шаймен, сорпамен ашпау керек. Хадис шәрифте: «Оразаларыңды құрмамен ашыңдар, өйткені ол береке. Егер құрма табылмаса онда сумен ауыз ашыңдар, өйткені ол тазалаушы.»-делінген. (Ибн Мажә)
Осы тақырыпта тағы да үш хадис шәриф:
«Пайғамбарымыз жас (жаңа піскен) құрмамен аузын ашатын. Жас құрма болмағанда, кепкен құрмамен, ол да жоқ болса сумен ауыз ашатын.» (Тирмизи)
«Пайғамбарымыз аузын сүтпен де ашатын.» (Дара Қутни)
«Пайғамбарымыз үш құрмамен немесе от тимеген бір нәрсемен ауыз ашатын.» (Әбу Яла)
 
Ауызашар кезіндегі дұға
Сұрақ: Ауыз ашудан бұрын дұға етуге бола ма?
Жауап: Өте жақсы болады. Ауызашардан бұрын айтылған дұға қабыл болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Ораза ұстаған адамның ауызашар уақытында кері қайтарылмайтын (қабыл етілетін) бір дұғасы бар.» (Ибн Мажә)
«Ораза ұстаған адамның дұғасы қайтарылмайды» (Тирмизи)
Мысалы мына дұғаны оқу өте жақсы болады: Әузу мен Бисмилләһ толық айтылып, «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ, иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны береді.
Бір-екі жұтымдық нәрсе жеген соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы: Аштық бітті.Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру