Лайфхак: Смартфон арқылы төлем жасаудың төрт әдісі

Лайфхак: Смартфон арқылы төлем жасаудың төрт әдісі

Google мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандықтардың 65 пайызында смартфон бар. Ол фотоаппаратты, телевидениені, музыкалық плеерлерді алмастырды. Енді әмиянның да орнын басып келеді.

1) Банкинг

Сіз қолданатын банктің мобильді қосымшасы арқыл төлем жасау.

Қалай қолданады: Қосымшаны жүктеу арқылы есеп-шотыңыздағы қаржыны басқарып, түрлі төлемдер жасай аласыз.

Несі қолайлы: Егер электронды әмиянды қолдану үшін бірінші оған ақша салу керек болса, банкинг қызметі сіздің есеп-шотыңызбен тікелей байланысты. Сондықтан мобильді қосымша арқылы банкаралық аударымдар, валюталық аударымдар жасауға, несие төлеуге, кейбір дамыған банктердің қосымшасында депозит ашуға, коммуналдық төлемдер жасауға, телефонға бірлік, интернетке ақша құюға болады. Бұндай қосымша Қазақстандағы бірнеше банктерде бар: MyHalyk, B1nk, Homebank, Sberbank.

Лайфхак: Смартфон арқылы төлем жасаудың төрт әдісі

2) Мобильді коммерция

Мобильді телефон бірлігінен төлем жасау.

Қалай қолданады: мобильді телефоныңызға бірлік салып, интернет-дүкендерде қандай да бір төлем жасау үшін «мобильді коммерция» қызметін таңдайсыз. Сол кезде сіздің телефондағы есебіңізден қажетті қаражат алынады.

Несі қолайлы: мобильді коммерция — шағын төлемдерді жасауға таптырмас құрал. Ол арқылы үйге тамақ алдыруға, кино немесе концерт билетін алуға, онлайн-ойындардың төлемін жасауға, интернет-дүкендерде сауда жасауға, жарнама беруге болады. Ол үшін нөміріңізді енгізіп, төлемді SMS немесе арнайы код арқылы жасайсыз. Мұндай қызмет әзірге тек Beeline абоненттеріне ғана қолжетімді.

Айта кетейік, мобильді коммерция арқылы өте көлемді сауда жасай алмайсыз.



3) SMS

SMS арқылы төлеу. Ол мобильді коммерцияның бір бөлімі.

Қалай қолданады: қысқа нөмірге SMS жібересіз.

Несі қолайлы: қазіргі таңда SMS арқылы көлік тұрағын, қоғамдық көліктегі жол жүру билетін төлеуге болады. Артықшылығы — жылдамдығы мен қызметтің қарапайымдылығы: қысқа нөмірге SMS жібересіз, бірлік алынады, комиссия жоқ. Бұл көпшіліктің ортасында сөмкесінен әмиянын шығарғысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Әзірге бұл қызмет тек Астана мен Алматы қалаларында ғана қолжетімді.



4) Смартфон-карта

Apple Pay мен Samsung Pay арқылы жасалатын байланыссыз төлемдер.

Қалай қолданады: Apple немесе Samsung смартфондарына байланыссыз төлем жасауға мүмкіндік беретін жүйе орнатып, оған банктегі есеп-шотыңызды байлап қоясыз. Осы арқылы терминалдағы төлемдерді банк карточкасы арқылы емес, телефонмен жасауға болады. Код орнына саусақ таңбасын енгізесіз.

Несі қолайлы: смартфон-карта арқылы бұрын банк карточкасы арқылы жасап жүрген барлық төлемдерді жасауға болады: бір шынаяқ кофеден бастап, супермаркеттегі саудаға дейін. Мысалы, шоколад сатып алғыңыз келсе, терминалға смартфоныңызды апарып, саусақ іздерін енгізесіз -болды, шоколад сізде! Бұл сізді әмиян, ақша, карта алып жүруден құтқарады. Тек смартфоныңыз болса, жеткілікті.

Бұл төлем жүйесі банк карточкасына қарағанда қауіпсіз. Себебі, смартфоныңызды ұрлатып алған күннің өзінде, онымен төлем жасау үшін ешкім сіздің саусақ ізіңізді жасай алмайды.

Өкінішке орай, бұл қызмет түрі Қазақстанға әлі келген жоқ. Алайда, қызығушылық танытып отырған жандар көп.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру