Биология [ҚГБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

 Биология [ҚГБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Биология» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10 - класс
(қоғамдық – гуманитарлық бағыт)

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 10-сынып Білім алушыларына қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы «Биология» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге арналған көмек құралы ретінде құрастырылған. Тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, Білім алушылардың оқу мақсатына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.

Жинақта ұсынылатын сипаттама Білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жинақ жоғары сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.

Қолданылған шартты белгілер:

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.

** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

Мазмұны

1 Тоқсан
Бөлім Молекулалық биология және биохимия
Бөлім Жасушалық биология

2 Тоқсан
Бөлім Заттардың тасымалдануы
Бөлім Тыныс алу
Бөлім Бөліп шығару

3 тоқсан
Бөлім Жасушалық цикл
Бөлім Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

4 тоқсан
Бөлім Координация және реттеу
Бөлім Қозғалыс
Бөлім Биофизика
Бөлім Биотехнология


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру