Ертегілер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Қырғи мен бөктергі

Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос өткен-кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұйғарады. Кештің керегін әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді.

Қырғи көп кешікпей 10 торғайды ұстап......
Ертегілер
Толық

Көк кептер балапаны

Бір көк кептер ұяға екі балапан салыпты, бұл екі балапан қанат, құйрығы жетіліп, ұшар мезгілі келгенде, біреуі-біреуіне айтыпты:

– Әй, шырақ, енді біздің қанат, құйрығымыз жетілді, ұшып дүниені кезіп, сауық қылып келелік, – дейді. Сонда біреуі (інісі):

– Қой, аға, тамашаны, сауықты қоялық, әркімнің үйренген жері жақсы, ешқайда кетпей-ақ қоялық, – депті. Ағасы:

– Жоқ, сен бармайтын......
Ертегілер
Толық

Иттің сынағы

Бір кісінің Майтабан деген танадай нән қара төбеті болыпты. Өзі асқан сақ ит екен. Қора маңына қасқыр жоламапты. Біреу келе жатса, дыбысын алыстан естіп, абалап жар салады екен. Ал ондай ештеңе сезбесе, қара жолдың үстіне барып, көлденең түсіп, тапжылмай жатып алады.......
Ертегілер
Толық

Мысық пен қоян

Жаз күнінде мысық пен қоян кез келіп, екеуі сөйлеседі. Қоян айтады: «Екеуіміз ажыраспайтын дос болалық», – депті. Сонда мысық айтады: «Олай болса, жақсы болды. Менің балаларымды сенің балаларыңның үстіне алып барайық», – дейді. Екеуі балаларын жөнелтіп, бірге жатып жүреді......
Ертегілер
Толық

Есек пен саршұнақ

Бір күні саршұнақ бақшаға кіреді де өсіп тұрған көкөністің әптер-тәптерін шығарып бүлдіреді. Бақшашы ұстап алыпты да сілейте сабапты. Сарышұнақ есінен танып қалыпты. Бақшашы оны өлдіге санап, қоршаудың сыртына лақтырып тастапты. Есеңгіреп жатқан сарышұнақ аздан кейін ......
Ертегілер
Толық

Жылқы мен бұғы

Баяғы заманда жылқы емін-еркін өз бетімен жүрген жабайы аң екен. Ешқандай айдау-қайыруды білмепті. Қысты күндері қары жұқа жазық даланы, шөбі қалың тоғайды, өзен бойындағы құрақты жерлерді, көл жағасындағы қалың қопаны мекендепті. Ал жазды күндері тауға шығып, шалғыны мол сай-салада жайылып жүріпті. Қалың қарағай арасындағы алқаптар мен құйқадай жон-жотаны шарлап, сол маңда жусапты.

Бір күні жылқы қатпар-қатпар тау арасындағы бір алқапқа барып, сондағы шүйгін шөпке, көгорай шалғынға малтыға көміліп, бейқам жайылып жүріпті. Өрісі кең, жайылымы......
Ертегілер
Толық

Екі бұғы

Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.

– Мен жеймін мұны, мен бұрын көрдім, – депті бірі.

– Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге, – депті екіншісі......
Ертегілер
Толық

Өгіз бен есек

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болып, ауыл маңында бірге жайылып жүріпті. Бірде екеуі оңашарақ шығып кетеді де ағашы қалың бір бауға кіріпті. Баудың іші жайқалған шалғын екен, екеуі өлең шөпке сылқия тойып алыпты.

Қарны тойған соң, енді есектің бақырып, көңіл ашқысы келеді. Соған ыңғай білдіргенде өгіз:

– Сен ақырма, – дейді аузын басып......
Ертегілер
Толық

Құйыршық

Ерте-ерте ертеде. Ешкі құйрығы келтеде. Байбурыл деген шал бопты. Кедейліктен ақылы дал бопты. Бес ешкісі бар екен, бәрі де оның сары екен. Шал бес ешкісін бағыпты, кемпірі ешкі түбітін биялай жасап, жұртқа жағыпты. Азықтары ешкінің лағы екен, балалары жоқ екен, әйтеуір айран-шалапқа тоқ екен.

Бір күні құла......
Ертегілер
Толық

Ақ тас

Орманның шетіндегі кішігірім кішкентай үй бар. Сол үйде ұлы мен ағаш кесуші қария тұрады. Қария қартайған сайын оның жұмысы қиындай түседі. Ұлы Хуан мейірімді, қайрымды, батыр болса да, əкесіне көмектеспейді.

Бір күні қария Хуанға:

— Ағаш азайып қалды. Орманға барып ағаш кес.

— Мен қазір барамын, – деп уəде етті Хуан, бірақ тіпті қозғалмады.

Əкесі біраз күтті тағы сұрады.

— Ағаш кесуге қашан барасың?......
Ертегілер
Толық