Қиял-ғажайып ертегі: Қарабай батыр
Ертеде Қарабай деген батыр болыпты. Өзі атқан оғы жерге түспейтін мерген де сияқты. Қысы-жазы жапан кезіп, аң аулаумен болады екен. Бір күні аңнан қайтып, үйіне таяп қалғанда, сол жердегі бір құдықтың маңынан екі көзі тостағандай, екі құлағы тебінгідей бір қара дию кезігіп, екеуі алыса кетіпті. Неше күн, неше түн алысып, әрең дегенде Қарабай диюды жеңіп, құдыққа тастайды да, қақпағын жауып, қазандай таспен бастырып тастапты. Қарабайдың үйінде шешесі мен қарындасы ғана бар екен. Қарабай оларға «Мен жоқта анау құдықтың қасына барушы болмаңдар»—деп тапсырыпты да тағы да аңға кетіпті. Шешесі мен қарындасы құдықтың маңына бармауға уәде берсе де көңілдерінде «Соның ішінде не бар екен, бір көрсек?» деген ынтық түсіпті. Сонымен Қарабай аттанып кеткен соң барып қазандай тақтайды аударып, қақпақты ашса, құдықтың ішіндегі дию: «Мені шығарып алыңдар! Байы жоққа бай боламын, байы барға ашына боламын», – деп жалбарыныпты. Жапан даладағы жалғыз үйде іші пысып жүрген қыз бен қатын мұны естіп қуанып кетеді де диюды арқан тастап шығарып алып, көңіл қосып, мауқын басып жүріпті. Бір күні дию: «Бүйтіп бұғып өткізген өмірден мезі болдым. Абзалы Қарабайды өлтіріңдер. Сонан соң емін-еркін күн өткізейін»,—депті.
«Батыр-ау, сіздің шамаңыз жетпегенде біз қайтіп өлтіреміз?»,—депті қыз бен қатын сасқалақтап.
«Оның амалы бар,—депті дию.—Сен Қарабайдың шешесісің. Ол сенің сөзіңді жырмайды. Қарабай келерде ауырған болып, төсек тартып жатып ал да «Маған Көбіктінің көк өгізінің еті ем, соны тауып әкел» де. Ол көк өгізді тапқан күнде де өгіз оны жарып өлтіреді, өгіз оны жарып өлтірмеген күнде оның етін жеген адам өлмей қалмайды. Ажалын тауып етті Қарабайдың өзіне жегізіп жіберсеңдер ісіміздің оңға басқаны».
Қарабай аңнан келсе шешей төсек тартып жатыпты. Науқасының жайын сұраған ұлына шешесі: «Маған Көбіктінің көк өгізінің еті ем. Соны тауып әкел», – депті. Қарабай шешесінің сөзін жыра алмай жолға шығады. Жолшыбай қалыңдығына қош айтқалы қалыңдығының ауылына соғады. Қарабайдың жұмысының жайын білген соң қайын атасы «Қайтарыңда маған бір соғып кет», – деп тапсырады.
Қарабай ай жүріп, жыл жүріп ақыры Көбіктінің көк өгізін табады. Өгізбен талай күн алысып жүріп, ақыры әбден дәрмені кетіп жығылуға айналған бір кезінде қылышын сермеп қалады. Сонда көк өгіздің сан етінен бір кесек ет бөлініп түседі де өгізше өкірген беті безіп береді.
Қарабай етті алып, қайтар жолында қайталап аулына келіп түнейді. Түнде қайын атасы көк өгіздің етін бір жерге жүйткітіп жіберіп, орнына басқа бір малдың етін ауыстырып қояды. Қарабай ертесі етті алып үйіне келеді. Шешесі етті пісіріп, амалдап, Қарабайға жегізіп жібереді. Бірақ Қарабай өлмейді.
Мұны көрген дию қайран қалып, кемпірге тағы бір амал үйретеді. Ертесі кемпір Қарабайды шақырып алып: «Көк өгіздің етінің күші жетпеді. Аурудан айыға алмадым. Енді мені өлсін демесең Көксеңгір диюдың көк сиырының сүтінің көбігін әкеліп бер», – дейді диюдың ақылы бойынша.
Қарабай тағы жолға шығады. Жолшыбай тағы қайнына соғады. Қайын атасы қайтар жолда тағы келіп кетуді ескертеді. Қарабай қайнына тағы қош айтысып әрі кетеді. Ай өтіп, жыл өтіп, азып-тозып, Көксеңгір диюдың ауылын әрең табады. Көксеңгірдің тоғыз ұлы бар екен. Қарабай барса көк сиырдың сүтін бір қазан ғып ошаққа асып қойып ұйықтап жатты. Қарабай сүтінің көбігін ат үстінен қалқып алыпты да аялдамай тұра қашыпты. Аттың дүбірінен оянған диюдың тоғыз ұлы түгел жалқау екен. «Сен қу, сен қу» десіп бір-біріне сілтеп бірталай уақыт өткізіп алыпты. Артынан біреуі қуған екен, жете алмай қалыпты.
Қарабай қашқан беті қайнына келіп, сол ауылға түнепті. Түнде қайын апасы көк сиырдың сүтінің көбігін жүйткітіп жіберіп, орнына басқа малдың сүтін ауыстырып қойыпты. Ертесі Қарабай сүттің көбігін алып, үйіне барыпты. Шешей ебін тауып әлгі сүтті Қарабайдың өзіне ішкізген екен, бірақ өлмепті.
—Сен ағаңның арқасын қасыған болып байқа—депті діңкесі құрыған дию енді Қарабайдың қарындасына.—Арқасының еті қашып жүдеген болса, маған айт. Енді белдескеннен басқа шара қалмады,—дейді.
Ертесі қыз диюға ағасының арқасының еті қашып, жүдегенін айтыпты. Дию үйде бейғам отырған Қарабайдың үстіне кіріп келіп, алыса кетіпті. Кешке дейін текетірескен екеуі бірін-бірі ала алмапты. Сонда Қарабай қарындасына: «Менің аяғымның астына бір қап ұн, диюдың аяғының астына бір қап тары төк», – депті. Қарындасы керісінше, ағасының аяғының астына тары төгіп, диюдың аяғының астына ұн төгіпті. Сонымен Қарабай тайып жығылғанда, дию кеудесіне міне түсіп, буындырып өлтіріпті де, қатын-қызды, мал-мүлікті алып көшіп кетіпті.
Олар көшіп кеткенде Қарабайдың қасында бүркіті мен тазысы қалыпты. Олар ақылдасып, тазы Қарабайдың сүйегін күзетуге қалып, бүркіт елге хабар айтуға кетеді. Ол ұшқан беті Қарабайдың қайын жұртына істің жайын ұқтырып, оларды Қарабайдың жанына алып келеді. Келіп қараса, Қарабайдың бір бұғанасы жоқ, тазыдан сұраса: «Жаңа бір мүлгіп кеткен екенмін. Ояна келсем, бір бұғанасы жоқ. Қайда кеткенін біле алмадым»,—дейді.
Таң-тамаша болған ел жан-жағына қараса, ештеңе көрінбейді, тек төбелерінде биікте жалғыз құс айналып ұшып жүреді.
«Анау құстан сұрап келші. Біреу-міреудің жақын келгенін көрді ме екен?»,—деп келгендер бүркітті жұмсайды. Бүркіт ұшып барып, әлгі құспен сөйлесіп келіп: «Жаңа тазы мүлгіп кеткенде бір түлкі келіп бұғанасын иіскеп көріп, анау бұтаның түбіне тастады», – дейді. Қарабайдың қалыңдығы бұтаның түбіне барып, бұғананы әкеліп, орнына салып: «Мен келгенде шалжиып жатқаның не? Тұр орныңнан!»,—деп жауырынға қағып қалған.
«Ойбай, қатты ұйықтап кеткен екенмін ғой»,—деп Қарабай орнынан қарғып тұрыпты. Ол тұра сала болған жайды ұғып, дию көшіп кеткен жақты бетке алып қуалауға асығыпты. Сонда қалыңдығы: «Олар кеткелі үш ай болды. Ізі де өшіп қалды. Оның үстіне әл-қуатың толық қалпыңа келген жоқ. Аз күн күтініп, содан соң жолға шықсаң да кеш қалмайсың»,—деп жалынады. Бірақ Қарабай алған бетінен қайтпай жүріп кетеді. Ол ай жүріп, жыл жүріп, азып-тозып әлгі дию қоныс тепкен жерге таяйды. Осы тұста алдынан азуы сақылдаған бір қара бура шығып, ат үстіндегі Қарабайға ауыз сала бергенде қамшымен қасқа маңдайынан тартып жібереді. Бура шөке түсіп, сұлап кетеді. Қарабай бураны сойып жеп, екі-үш күн күтініп, әбден кемеліне келіп, бұрынғысындай қалшылдап шыға келеді. Содан атына: «Есек бол», – дейді. Аты бір демде есекке айналады да, өзі бір тазша бала кейпіне еніп, диюдың аулының маңына келсе, ұлан-асыр той болып жатады. Ол ауыл шетінде ойнап жүрген балалардан: «Бұл не той?»,—деп сұрайды.
Балалар: «Осында бір диюдың көшіп келгенін, көшке ере келген қатынның қызын алғалы той жасап жатқанын»,—айтады. Қарабай той болып жатқан ауылға келгенде бір топ жігіт: «Ей, тазша ет пысырғанды білсең, мына қазандағы етті пісіріп жібер. Тойдың жұмысына жетісе алмай жатырмыз»,—дейді. Қарабай табанда мақұл боп, ет пісіруге кіріседі. Қазан-ошақ қолына тиген соң, еттің бәрін өзі жеп алады да қазанға көң-қоқыр салып, былапыттап тастайды. Мұны көрген жігіттер: «Бұл бір былапыт, мешкей тазша екен»,—деп қуып жібереді. Ол содан ауыл шетіндегі бір ағаштың түбіне барып ұйықтап қалады. Қарабай тазша боп түсін өзгертіп алғанымен ұйықтағанда өз қалпына келеді екен. Оның ұйықтап жатқанын шешесі көріп қалып: «Ойбай-ау, Қарабай өлмепті. Пәлен ағаштың түбінде ұйықтап жатыр»,—дейді диюға. Дию сенерін де, сенбесін де білмей барса, ағаштың түбінде көзін уқалап бір тазша отыр.
—«Әй, алжыған қақпас-ай, зәремді бір алдың-ау»,—дейді де дию жайына кете береді.
Қарабай аяңдап садақпен теңге атып жатқан бір топ жігіттің қасына келіп: «Мен де бір атып көрейін»,—дейді.
«Ей, тазша түріңе қарасаңшы, мына садақтарды тарта алар ма екенсің, әуелі!»—деп күлісіп садақты береді. Қарабай тартқанда, шыдамай садақтардың бәрі опырылып қалады. Жігіттер амалсыз диюдың қолында кеткен Қарабайдың өз садағын атан түйеге артып алып келеді. Атан түйенің белі қайысып, әрең көтеріп келген садақты Қарабай сыңар қолмен жұлып алғанда, тазша боп түсін өзгертіп алған—Қарабай екенін білген дию бір аунап, түлкі кейпіне енеді де зытып беріпті. Қарабай бүркіт кейпіне еніпті де, қуып беріпті. Қуа-қуа бір көлдің жағасына келіп, шүйіліп барып, енді іле бергенде дию балық болып, суға түсіп кетіпті. Қарабай жайын болып, қуып барып, жұтып алыпты.
Содан қайтып келіп, шешесін төрт борбайынан керіп, төрт айғырдың құйрығына байлап, қоя беріпті. Одан қарындасының да төрт борбайын керіп, төрт айғырдың құйрығына байлап қоя беріпті де, диюдың қарастылығындағы елге бостандық беріп, өзі қайтып барып, қалыңдығын алып, немерелі-шөберелі болып, мұратына жетіпті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Қарабай батыр туралы қиял ғажайып ертегілер, ешкім білмейтін ертегілер, қиял ғажайып ертегілер текст, ертеги Карабай батыр туралы киял гажайып ертегилер, Қарабай батыр