Түлкінің күлкісі
Елпеңдей жүгіріп келе жатқан түлкінің сирағы сарышұнақтың ініне түсіп кетіп, кептеліп қалыпты. Қанша әуреленсе де қайта тартып шығара алмайды. Інінде жатқан саршұнақ сұғынып тұрған түлкінің табанын қытықтай бастайды. Қытыққа шыдай алмаған түлкі өзінен-өзі ыржаңдап, күле береді. Сөйтіп, күліп тұрғанда, қасына қасқыр келеді.
— Оу, түке, неге күле бересің, қандай қызық көрдің? – деп сұрайды таңданып.
Сонда түлкі:
— Әлемде болып жатқан қызықты көрсең, сенің де ішек-сілең қатар еді, – дейді ыржалақтап.
Бұған қасқыр нанып қалады да сол қызықты көзімен көргісі келіп ынтығады.
— Қане, қане, маған көрсетші! – деп жалынады. Түлкі қылмаңдай қарайды қасқырға.
— Ол үшін мына тесікке аяғыңды тығып, тура қарсы алдыңнан көз алмай қарап тұруың керек.
— Ендеше былай тұр! – деп, қасқыр кимелеп кеп, түлкінің аяғын іннен суырып алады да өзінің жуан түкті сирағын сұғып жібереді.
Мұны көріп, індегі саршұнақ ойланып қалады. «Жаңа қытықтап едім, сонда да кетпей қойды. Енді мұны сұқпастай қылайын», – деп, қасқырдың өкшесін кеміре бастайды.
Қасқырдың жаны көзіне көрініп, түлкіге жалынады:
— Құтқара гөр, досым!..
— Дүние кезек деген осы, өзің малды қалай жеуші ең, енді сені де біреу сирағыңнан кеміріп көрсін! – деп, кете беріпті түлкі алды-артына қарамай.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Түлкінің күлкісі туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Түлкінің күлкісі для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Түлкінің күлкісі казакша оку, Түлкінің күлкісі