Ырыс кімде
Ерте заманда Сырлыбек дейтіннің бір бөлек ауылы Қызылқұмңың бір алқабына келіп қонып жатады. Әркім өздерінің баспаналарын тігіп, азды-көпті азықтарын пісірісіп, кешкі астарын даярлайды.
Сырлыбек басшының өз үйі осы топтың дәл орталығында болады екен. Кешкі тамақтарын алдарына ала бергенде, Сырлыбек үйінің сыртынан біреу дауыстап үй иесінің шығып жолығуын сұрайды. Сырлыбек шықса, жалғыз атты жолаушы екен, қонуға рұқсат сұрайды. Үй иесі қарсылық етпейді, қош алады.
Жолаушы өзінің ұзақ уақыт қоныс іздеп қаңғырғанын, соның өзінде де жайлы орын таппағанын әңгіме етеді. «Енді осы маңды шолмақпын, әлі де іздестіре бермекпін» дейді. Ұзақ күнгі көшіп, қонудан шаршап-шалдықкан ауыл да, жол соққан қонақ та қалың ұйқыға енеді. Бір уақыт қонақ оянса, ауыл маңында шулап ұлыған қасқырдың даусын естиді, оған қосылып Сырлыбектің иттері ұлып азан-қазан болып тұр екен. Қонақ ғалым адам болса керек, қасқыр мен иттің ұлысында бір терең сыр барын ұғады.
Қасқыр: «Үйіңдегі қонағыңның атын жеймін. Сен шабаланбай тыныш жат», – дейді екен итке.
Ит: «Қонағымның атына тисең, мен қазір хабарлаймын», – дейді екен. Қасқыр итке: «Осы түнде, таң біліне аулыңды жау шабады. Сонда сен жұртта қаласың, хабарласаң, өзіңді жейміз. Егер үндемесең саған тимейміз», – деп ұлиды екен.
Мұның мағынасына түсінген қонақ үй иесін оятып, дереу ауылды көшіріп басқа бір орынға ауып қонудың керектігін ескертеді.
Сырлыбек қонағының айтқанын мақұл тауып, бүтін ауылды түн ішінде көшіріп алысқа, аулаққа қондырады. Ертеңгісін ауылды түгендегенде екі үй көшкен жұртта қалып қойғаны анықталады да, іздеп барса қалған үйлерді қарақшылар тонап кеткен екен.
Сырлыбек қонағының жай адам еместігін енді ғана түсінеді.
— Сіз біздің аулымызды жаудан арашалап аман алып қалдыңыз, сондықтан мен қарыздармын. Не бұйымтайыңыз бар, қалауыңызды қайтарамын, айтыңыз ойға алғаныңызды, – дейді Сырлыбек қонағына.
Қонақ «итін алармын», – деп ойлайды да, «кетерде айтармын не қалайтынымды», – дей салады.
Ит жүгіріп келіп үйдің туырлығын иіскелейді.
Қонақ ойлайды: Ырыс итте еді, енді туырлыққа ауысты туырлығын алармын», – дейді ішінен. Сол мезетте туырлықтың ит иіскеген жерін бір тоқты келіп жалайды.
Қонак үй иесін шақырып алып былай дейді:
— Мен сенен басы артық қаларым жоқ. Мына бір тоқтыңды сой да етін түгел қазанға сал, соның басын мүжіп аттанайын. Бір айтарым – осы еттен менен бұрын еш адам жемейтін болсын, – дейді.
Сырлыбек тоқтыны сояды да, етін қазанға түгел салдырып әйеліне:
— Піскесін еш адамға ауыз тигізбей түгелімен қонақтың алдына әкеп қой, – деп тапсырады. Сырлыбектің әйелі бағып тұрып пісіреді де табаққа салып үйге алып кіре бергенде, Сырлыбектің кенже ұлы жүгіріп келіп, бастың құйқасынан бір жұлып алып, аузына салып жұтып жібереді.
Асты әкеп қонақтың алдына, дастарқан үстіне қойғасын қонақ Сырлыбекке:
— Сенің мына итіңде зор ырыс бар екен. Өйткені жаудың шабарын да осы ит арқылы біліп едім. Мен сенен итіңді қалармын деп ойлап едім, ит туырлығыңды иіскеді де қасиетін соған берді. Туырлығыңды алармын деп едім, оны мына сойған тоқты жалап бойына тартып алды. Содан соң тоқтыны сойғыздым. Соның басын елден бұрын мен жеген болсам ырыс маған ауған болар еді. Енді маған болмады, жаңа мына балаң бастың құйқасынан бір жұлып алып қойды. Енді ырыс осы балада қалды, – деп, қонақ Сырлыбектің кенже ұлының маңдайынан сипап: «Өмір жасың ұзақ болсын», – деген екен.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Ырыс кімде туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Ырыс кімде для детей на казахском языке, балаларга Ырыс кімде арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Ырыс кімде казакша оку, Ырыс кімде