Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін. Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды. ....
Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді ұлттық мүддеге негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді. Тақырыбымның өзектілігі сол қазіргі кезде, тіпті бұрын да көгілдір экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр– сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай, замана талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуында. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік ....
Экономикалық процестердің жандануы тауар өндірісін индустриализациялау негізінде объективті түрде кәсіпкерліктің дамуына алып келеді. Кәсіпкерлік фирмалар қазіргі кезде қоғам процесін экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы. Кәсіпкерлік фирмалар – ірі көлемдегі бастапқы инвестицияны талап етпейді, және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына еркіндік бере отырып, экономиканың қайта құрылымдық проблемаларын жылдам және тиімді шешуге қабілетті. Кәсіпкерлік фирмалар нарық коньюктурасының өзгерістерін шұғыл қабылдай отырып, экономикаға қажетті ормдылықты береді. Ол сұраныс пен ұсыныс өзгерістеріне тез бой бұрып, соның есебінде нарық тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, экономикада бәсекелестік ортаның қалыптасуына мәнді мүмкінлік береді. Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. ....
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы: Қытай Халық Республикасы - Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған мемлекет. 1992 жылғы қаңтарда, дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері екі ел өз экономикаларының дамуында зор табыстарға қол жеткізді. Екі ел бір-біріне етене жақындай түсті. Шекаралық аймақтарда өзара сенім ахуалын орнатты. Екі ел арасындагы экономиқалық ынтымақтастық нығайтылып, өзара сауда-саттық байланыстары жыл өткен сайын өсіп келеді. Жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық-географиялық байланыстарға баға бере отырып, екі ел арасындағы жыл сайын артып келе жатқан сауда қатынастарына және оның жоспарлы бағыт-бағдарына тұжырым жасап, екі ел арасындағы ынтымақтастық, достық қарым-қытынысының дами түсуі және халықтың әл-аухатының жақсара түсуі үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға аз да болса көмегі тиер деген оймен осы тақырыпты зерттеуді жөн көрдім.. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселлелер қарастырылды: .екі елге географиялық сипаттама бере отырып, екі ел байланысына әсер ететін факторларға талдау жасау. ....
КІРІСПЕ Тақырыптың көкейкестілігі. Кітапхана — адамзат баласы жаралғалы бергі аралықта жинақталған ақыл-ойымен мәдениетінің таусылмас қазынасы. Халық сондықтан да оны қасиеттеп, қастерлейді. Ал кітапханашыларға сол қазынаны шашып шығармай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру міндеті жүктелген. Олардың қызметінің мәні мен мазмұны ең алдымен міне осы міндетті қалай жүзеге асырып жатқандығымен айқындалмақ. Ал ол міндеттерді жоғары деңгейде атқару көптеген факторларға тікелей байланысты. Кітапханалар бүгінгі таңда өзінің бірегей, көп салалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып саналады. Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз. Ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтерінің бірі — ақпарат кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы қызметке жаңаша көзқараспен қарап, әлемдік ақпарат жүйесіне сәйкес, оны жаңа мазмұнмен толықтырсақ, кітапхананың көрсететін қызметтеріне деген әлемдік сұраныс деңгейіне қол жеткізуге болар еді. Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның ұйымдастыру мен басқару іс-әрекетінің дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Оның бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы өзінің болашағын анықтайды. Кітапхананың көрсететін қызметінен, жалпы оқу үрдесі, типті қоғамның барлық саласындағы қол жеткен табыстардың алғы шарты ақпаратқа байланысты. Қай саланың болмасын шығарған өнімін оқырмандардың сұранымына, жаңа технологияға сай етіп электронды ресурстармен қанағаттандырып, насихаттау басты мақсатымыз. Диплом жұмысының мақсаты — Кітапхана ұжымдары ерекшеліктерін зерттеу, олардың даму динамикасын және кітапхана қызметкерлері өзара қарым-қатынасы сипатын бақылау. Зерттеу міндеттері: — кітапхана саласын басқару мен ұйымдастыру процесінің теориялық аспектілерін ашу; — кітапхана ұжымын ұйымдастыру, басқару және жоспарлау процесіне жалпы түсінік беру; — кітапхана ұжымының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау; — кітапхана ұжымының әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның психологиялық ахуалы мен мүмкін болатын ішкі қақтығыстардың туу себептерін айқындау. Осыған орай, біз кітапхана ұжымын басқару тәсілдері мен оның жетекшілерінің мінез-құлықтарына бақылау жасап көрдік. Әрине, бұл мәселені толық шешуді біз өз міндетімізге алғанымыз жоқ, оны соңына дейін жеткізу мүмкін де емес. Сонда да болса, диплом жұмысының деңгейінде, шамамыздың келгенінше, кітапхана ісіне байланысты кейбір мәселелерді шешудің жолдарын қарастыруға, өзімізден кейінгілерге ой тастауға әрекеттендік. Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын жазу үстінде бақылау, ауызша және жазбаша сұраққа жауап алу, кітапханашылармен және кітапхана жетекшілерімен сұхбаттасу сияқты нақты әлеуметтік зерттеулер мен кітапхана ісін бақылаудың дәстүрлі әдістемелері пайдаланылды. Сондай-ақ біз сараптама әдісін де қолдандық. Арыс ауданының ардагер кітапханашылары сарапшылар қызметін атқарады. Өз ұжымдарындағы кейбір мәселелер төңірегінде болған эңгіме мен сауалнама жүргізу кезінде олардың әділ баға бергенін атап айтқан жөн.....
ХХ ғысырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуды. Төлем жүйесін реформалау қолма қолсыз есеп айрысуларды тиімді және қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім. Кеңестік дәуірде негізі қалыптасқан қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесінің бүгінгі нарықтың талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Бұл төлем жүйесі сенімді және тиімді емес болатын. Орталықтан жоспарлау жүйесі тұсында төлемдерге мемлекет тарпынан кепілдік берілсе, нарықтық қатынастар жағдайында ең басты мәселе уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға келіп тірейді. Қазақстан ұлттық валютасын енгізген күнен бастап өзінің төлем жүйесін құруды қолға алды. Бұл жолда ҚР Ұлттық банкі тарапынан күрделі реформалау жүзеге асты. Төлем жүйесі кез келген мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйедеге жүргізілген реформаларға басты себеп 90-жылдың басындағы жаппай төлем дағдарысы ықпал еткен болатын. Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйесі Еуропалық Одақтың стандартына жақын болып келеді. Бұл жерде өзекті мәселе ретінде жаңа төлем құралдарын тәжірибемізге енгізу және банктің есеп айырысумен байланысты жаңа қызметтерін дамыту сұрақтары әлі де болса толық шешілген емес. Сондықтанда таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.....
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады. Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды. ....
Қазақстанға балықтарды жерсіндіру тарихы бойынша үш кезеңге бөліп қарастырылады. Республикамыздың суқоймаларына балықтардың алғашқы жерсіндірілуі революциялық кезеңге дейінгі уақытта болған. Ол 1885 – 1890 жылдары Алматы қаласының тоғандарына бірнеше дана сазан балықтарын жіберуден басталған. Екінші кезең 1848 – 1956 жылдары аралығында әр түрлі суқоймаларға балықтардың 18 түрі, сонымен қатар бірінші кезеңнен екі есе көп отырғызылған. Арал бассейініне балықтардың 13 түрі енгізілген. Осы уақыт аралығында Арал теңізіне шоқыр балықты жерсіндіру жұмыстары оралдың дельта бөлімінен алынды. Үшінші кезең 1950 жылдардан басталды. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке және өсімдікжемді балықтарды жерсіндіру жүзеге асырылды. Осы уақытта Қазақстанда әдейі ұйымдастырылған топтың қатысуымен Кәсіптік жерсіндіру станциясына әкеліп отырғызды. Қазақстанның тоған шаруашылықтарына және Орталық Азия суқоймаларына – Қытай елінің суларынан және Амур бассейіндерінен әкеліп ақ амур және ақ дөңмаңдай балықтарын жерсіндіргенде кездейсоқ әкелінген тағы басқа бірнеше түр балықтары болды. Солардың ішінде амур жалған теңге – балық кездескен. Амур жалған теңге – балық Abbottina rivularis (бұрынғы атауы Pseudogobio rivularis) кең тараған түр. Олар Жапония, Қытай және Амур өзенінің төменгі бассейінде мекендейді [1]. Қазақстанда бір ғана түрі кездеседі. Ол Abbottina rivularis. 1956 – 1958 жылдары өсімдікжемді балықтарды Қытайдан жерсіндіру кезінде Қазақстан мен Орта Азия тоған шаруашылығына кездейсоқ әкелінген [2-5]. Амур жалған теңге балығы 1968 жылы табылған. Түр – жылу сүйгіш. Маусым – шілде айларында өрістейді [1,6,7]. Бұл ұсақ балықтар ихтиофаунаның әртүрлілігін толықтырып тұрады. Өндірістік маңызы жоқ, бірақ Амур өзеніндегі өндірістік маңызы бар балықтардың қорегі ретінде маңызы бар. Қорек ретінде бағалы бентофагпен бірге конкуренциялық қатынаста болады. Мақсаты: Амур жалған теңге – балықты оқып зерттеу, көптеген ғылыми кітаптар арқылы терең танысу, зерттеу методикасын үйрену, құралдармен жұмыс істеп үйрену. Міндеті: Балқаш бассейндігі әр түрлі суларында мекендейтін амур жалған теңге – балықтың экологиялық өзгерістерін морфоанализ арқылы зерттеу. ....