Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады: «Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру; Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ....
КІРІСПЕ Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі – шетел азаматтарына қазақ тілін оқытатын оқу орындарында қазақ тілін өзге тіл ретінде игеру деңгейін сертификаттау стандартын бірізділікке салу, яғни коммуникативтік қабілет-құзіретті қалыптастыру дәрежесін объективті түрде өлшей алатын және тілді игеру деңгейін анықтай алатын бақылауды негіздеу. Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін өзге тіл ретінде оқыту тәжірибесіне тесттік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр. Соңғы жылдардағы бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының өзге тілді игерудің нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді. Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды: - ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды; - АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы; - Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC); - Кембридж университетінің емтихандық синдикаты; Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан [1,12]. Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тесттер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті. Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.....
Зерттеудің көкейкестілігі. Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан күрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады. Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше эсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой - осының барлығы жиылып көптеген ....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі төртінші басымдық ретінде атап көрсетілген. Елбасы өзінің осы Жолдауында осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аудара отырып: “Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет…”, - деп нақты міндеттер жүктеді. Сонымен бірге Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойылған. Соған сәйкес елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және т. б. міндеттер жүктелген. “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының “3.3. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет басылымдарының дестелерін әзірлеу”атты бөлімінде: “Тіл білімі” топтамасындағы осы бағыттың дестелерінде қазақ әдеби тілінің дамуы жөнінде жан-жақты мәлімет беретін және оның лексикасының баюына ықпал ететін қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері, синонимдер сөздігі, диалектологиялық және этимологиялық сөздіктер беріледі”, - делінген. Сол себепті диплом жұмысымызда Елбасының Жолдауы мен мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосуды мақсат еттік. Қазақ тілі байлығының құнарлы қорына жататын, көркем сөз бен шешендік өнердің қайнар бұлағы болып саналатын тұрақты тіркестердің бір саласы – фразеологизмдер. Бұл тіліміздегі тұрақты тіркестердің мағыналық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл болмысы сақталып суреттелген. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілік негізінде жан-жақты өрбіген түсінік пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың өзгешеліктері тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Сондықтан тұрақты тіркестер – халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі. Әр ұлттың тіліндегі фразеологизмдердің тұтасжиынтығы сол ұлт тіліне тән өзіндік бейнелі сөз орамдары арқылы оның бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді. Сонымен қатар, тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мұның барлығын халық өз орнымен жүйелі пайдалана білген және пайдалана да біледі. Және әрбір қолданыстың өз дәуірі болады. Алайда, қазақ тіл білімінде, түркологияда, орыс тіл білімінде фразеологизмнің жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексикалық көлемде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Фразеологизмдер дегенде тұрақты тіркес және еркін тіркес деп аталатын сөз тіркестері пайда бола алады. О баста оның ортақ қасиеттері деп – екеуінің құрылысы күрделі, кемі екі я болмаса одан да көп сөздердің тіркесуінен тұратынын, компоненттердің арақатынасы, оған ұйытқы болатын амал-тәсілдер жағынан да бір-біріне дат еместігін, негізі бір болатынын жатқызуға болады. Басында төркіні бір, заты сөз тіркесі болғанымен, тұрақты тіркес одан ажырау барысында бір-біріне ұқсамайтын белгі қасиеттерге ие болып, ақыры басқа категорияға қалыптасқан. Содан еркін тіркес затында синтаксистің қарайтын объектісі болады да, тұрақты тіркес лексикологияның объектісі болады. Демек, олар тілдің әр түрлі салаларына жатады.....
КІРІСПЕ Тақырыптың зәрулігі. Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өткен өміріне көз салғанда, оның рухани дүниесінде ауыз әдебиетінің – фольклордың орны айырықша болғаны айқын аңғарылады. Жазу-сызуы, оқу мектебі, театры кенделеу қоғамда ұлттың рухани сұранысының алуан қырлы, сан түрлі мұқтажын фольклор арқалаған. Фольклордың тағы бір өзгеше қасиеті - халықтың дағдылы тұрмыс-салтымен, ғұмыр-тіршілігімен тонның ішкі бауындай ажырамайтын бірлікте болуы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәтінен бастап дүниеден көшкенге дейінгі аралықтағы халықтың сан сала әдет-ғүрпында, салт-дәстүрінде өлең-жырдың, өрнекті сөздің араласпайтын тұстары кемде-кем. Фольклордың қоғамдағы ықпалы пәрменді, атқарар уәзипалары қаншалықты тармақты болса, оның түрлері мен жанрлары да соншалықты мол. Халық мұраларының үлкен бір бұтағы - жұмбақтар. Жұмбақтар телегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады. Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары турасында бұрынырақта жүргізілген зерттеулерді былай қойғанда, тек XX ғасырдың соңғы ширегінде ғана қыруар жұмыстар атқарылды. Эпос, дастан, айтыс, халық өлеңдері, арбау өлеңдері, халық прозасы, күй аңызы хақында Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Р.Бердібай, Ш.Ыбыраев, О.Нұрмағамбетова, С.Садырбаев, Н.Төреқүлов, М.Жармұхамедов, Б.Әбілқасымов, А.Сейдімбек, Б.Әзібаева сынды ғалым-зерттеушілердің арнаулы зерттеулерінің жазылуы соны растайды. Дегенмен ұлттық фольклорлық көмбелерімізді ақыл-тақыл тексеріп болдық деуге әлі ертерек. Фольклордың қанша қарастырылып, зерттелгенімен кезінде назарға ілінбеген, еленбеген, түпкілікті шешілмеген тың, соны мәселелері жетерлік. Бір кезде сөз болғанымен жаңа методология тұрғысынан, ғылымның соңғы жетістіктері биігінен уақыт өте келе қайта оралып, тағы зерттелуді тілейтін мәселелерінің де туындап отыруы зандылық. Ғылымның бір орында тұрып қалмай, үнемі қозғалыста толысып, жетіле түсуі теориялық деңгейінің тереңдеуімен кіндіктес. Жұмбақтың ауыз әдебиетінде, жалпы ұлтымыздың рухани өмірінде алатын орны мен маңызын айқындау осы еңбектің көтерер жүгі. Бұрын-соңды жұмбақ жайлы жазылған пікірлерге шолу жасап, саралай отырып қастерлі мұрамыздың жиналу, басылу тәжірибесін қорытындылап таразылайтын кез жетті деп санаймыз. М. Әуезов 40-жылдардың өзінде-ақ: «Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Бұл жақтарын тексеріп, тану да ғылыми міндет» - деп, оның көркемдік құнарлығына, бейнелігіне үңілудің қажеттігін айтқанымен, күні бүгінге дейін бұл мәселе қозғаусыз қалды. Жұмбақ бізді тек ұшқырлығымен ғана емес, әр түрлі құбылыстарды берудегі икемділік пен дәлдік, сезімге әсерлігімен, оралымдығымен сүйсінтеді. Сол себепті жанрдың бейнелеу тәсілдері мен көркемдік құралдарына тоқталып, нақты талдаулар жасау арқылы эстетикалық тегеурінін көрсетпекпіз. Жұмбақтағы халық өмірінің бейнеленуін, яки оның шындықпен астасқан тұсын, поэтикалық құрылымын, басқа жанрлармен қарым-қатынасын айқындау қажеттілік болып табылады. Әрбір жанрдың даралық белгісі, өзіндік қасиеті стильдік айшықтарынан айқын бой көрсетеді. Сондықтан жұмбақтың жанрлық ерекшелігін бажайламақ болсақ, оның поэтикалық, стильдік сипаты мен өлеңдік-ырғақтық түзілімін, бейнелеу кестелерін айналып өте алмаймыз. Күні бүгінге дейін жұмбақ тек сөз өнері тұрғысынан ғана зерттеу өзегі болып, оның қазақтың ескі наным-сенімімен, тұрмыс-салтымен тығыз ұштасқан қырлары толық ашылмай келді.....
КІРІСПЕ Өзектілігі. Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту қажеттігіне орай пайда болған. Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді. Қазақстан қазір демократиялық даму жолына түсті. Демократияның ең жоғарғы құндылығы − адам. Қазір өзгерістің бәрі және қол жеткен жетістіктеріміз сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі − азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық тиімділігі мен мәдени даму ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүдделерді, тілдің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қарым-қатынасты жан-жақты дамыта отырып, әрбір халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалған. Мұны біздің республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыстарында сезіне түсуде. Теориялық маңыздылығы. Қазір әлемнің түкпірінен қырғын оқиға мен келеңсіз жәйт тудырған «өркениеттер қақтығысы» деп те аталып жүрген қақтығыстарды біздің елде болдырмай, алдын алып отырған елдігі сындарлы саясаттан хабар береді. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзара сыйластық, наным мен толеранттылық негізінде болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық диалог негізінде құрылған. 1996 жылы желтоқсанда Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы дөңгелек үстел болып, онда «ҚР басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың мүддесін көздеген оң саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етіп отыр», − деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалған. 2006 жылғы 25-маусымда бекітілген «Азаматтық дамудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», 2006 жылдың 28-маусымында Үкімет бекіткен «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекетіміздегі ұлттық саясатты жүргізудің ең маңызды құжаттары болып табылады.....
Қазақ әдебиетін жанрға бөліп сөз еткенде революцияға дейін поэзиядан ауызша да жазбаша да мол мұраға ие болса, прозаның төркіні Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Спандияр Көбееев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бейімбет Майлин шығармаларымен танылады. Ал драматургиямыз болса, дәстүр мұра дегеннен тұлдыры жоқ тақырда туып, тек қана қазан революциясынан кейін қалыптасты. Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға уақиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану – айрықша тән қасиет. Драмалық шығармаларда кейіпкер өздерінің айтатын сөзі арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөзі (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі (диалог) – бұлар оның характерін, басқа адамдарға, өмірдегі әр түрлі жай-жағдайларға қатынасын, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Автордың уақиға барысын, кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын, күй-жайын тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы. Біз болып жатқан, болып өткен уақиға жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың көзімен көріп, кейіпкердің хал-жайын, сағыныш, қуаныш-қайғыға берілуінен, ойлау-сезінуінен байқаймыз. Сөйтіп драмалық шығармада жеке адамның ойлану-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен уақиғаны баян ететін эпикалық жанрға тән көркемдік тәсіл қабысып, ұштасып жатады.1 Драматаругия қазіргі әдебиетімізде жетекші жанрдың біріне айналып, күрделі белге көтерілген. Драматургия өте қиын жанр. Оның даму жолы да күрделi. Ол диiрменге барғанша әлденеше сынақтан, електен өтiп, мықтап тазарып, өз кондициясына жеткенде ғана дұрыс болмақ.2 Драматуригяның басқа жанрдан ерешелігінің ең бастысы оның тууы, дамуы, тіршілік тынысы театрға байланысты. Ұлы Қазан революциясының бостандыққа жеткізіп экономикалық, мәдени, рухани өміріміздің сан-саласына енгізген көп өзгерістерімен қатар қазақ халқына тартқан үлкен бір сыйы 1926 жылы ұлттық театрдың құрылуын 3 ескерсек бұл жанрдың өмір өлшемі белгілі. Әдебиет пен өнеріміздің осы жаңалығын реалистік әдістің идеялық, эстетикалық көркемдік құралы ретінде М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Ж.Шанин, Т.Ахтанов, С.Шаймерденов, Ә.Тарази т.б. шығармаларынан танып білсек, соңғы жылдары қазақ әдебиеті біраз жаңа есімдермен толықты. Өзіндік сәтті ізденістермен танылған әдебиетіміздің тегеурінді толқыны. Сол толқынның ішінде тың туындыларымен көрінген Кәрібай Ахметбеков, Баққожа Мұқаев, Кеңес Юсупов, Т.Нұрмағамбетов, Н.Оразов, Роллан Сейсенбаев1 сияқты қаламгерлеріміздің шығармаларына назар аударуға тіпті әрқайсысы туралы жан-жақты талдап, әңгіме өрбітуге тұрарлық. Бұлардың қайсысы да бергісі төл әдебиетіміздің тәжірибесін тұғыр еткен, әрісі одақ, қала берді әлемдік әдебиеттің үлгілерінен хабардар қызықты да күрделі қолтаңбалары бар жазушылар. Сүйсінерлігі сол, осынау бір толқын лектің ішінде қазірдің өзінде суреткерлік қарымы сараланған өмір туралы, өнер туралы азаматтық кредосы айқындалған жазушылар бар. Одақтың семинарияларға қатысып, республикалық конкурстардан жүлде алып жүрген де осылар. Тіпті Оралхан Бөкеев пен Баққожа Мұқаев алғашқы сәтті драмамен республикалық Ленин комсомолы сыйлығына ие болды. Қазақ театр сахнасынан орын алып жүрген де көбіне-көп осы драматургтеріміздің шығармалары. Демек, драматругияның көші тығырыққа тіреледі деп дабыл қағудың реті жоқ.....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: 60-80-жылдардағы қазақ прозасы, оның көркемдік деңгейі, шеберлік аясы туралы сөз қозғағанда алдымен қаламгерлеріміздің үлкен бір шоғыры ойға оралады. Үлкені бар, кішісі бар, олардың қаламынан қазақ әдебиетіне тиесілі мол мұра қалды. Ендігі кезекте тарих еншісіне өткен осынау шығармалардың авторларына қайта оралып, олар туған әдебиетімізге айтарлықгай не қосты, не алды деп сұрау салсақ, кезінде еленбеген көп құндылықтарымыз кайта бағамдалып, кайтара бағасын алуға тиісті. Бұған дәл бүгін ешкім дау айта алмайды. Осынау қаламгерлердің бел ортасында Тәкен Әлімқұловтың есімі жеке-дара аталуға әбден лайықты. Алдымен Тәкен Әлімкұлов өзімен замандас жазушылардың қатарында қалам тербеді. Бірақ оның басқалардан айырмашылығы жазған дүниелерінің ешқайсысы саясат жетегінде кетпеді, сондықтан бұл туындылар уақытынан озып, бүгінгі оқырманымен де табысып отыр. Яғни жиырмасыншы ғасырдан аттап, жиырма бірінші ғасырға асқан қайталанбас, аса қымбат ұлттық-рухани құндылықтарымыздың калың ортасында Тәкен туындылары да бар десек қателеспейміз. Қайталап айтсақ, Тәкен Әлімқұлов шығармалары қазақ халқының өнер көшімен бірге ілесіп, шаршамай, шашасына шаң жұқпай, уақыт озған сайын қырлана түсіп, ұрпақтан-ұрпақ ауысқан сайын жарқырай түсетініне күмән жоқ. Оның әңгімелеріндегі, повестеріндегі, романдарындағы Абай, Махамбет, Ақан сері, Қорқыт, Ықылас, Тәттімбет, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Әбікен Хасенов, Төлеген Момбеков сияқты, тағы да басқа өнер иелерінің образдары қазақ әдебиетіндегі қадау-қадау көркем тұлғалар ретінде қала береді. Оның басты себебі — бұл тұлғалар көркемдік биігінен табылды, заман шындығымен, уақыт тынысымен үндес, сабақтас сомдалды. Саясатқа бой алдырмады, саяси ортаға бейімделмеді. Жиырма-отызыншы жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты майталман қаламгерлердің жазған көркем дүниелері әлдеқашан әдебиетіміздің алтын қорына қосылды. Бұл туындылар енді ұлтымыздың мәңгі рухани құндылықтары санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық талап пен талғамның айнымас өлшеміндей жарқырап тұра беретіндігінде дау жоқ. Ал енді осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы орта, әдеби дәстүр, яғни жоғарыда есімдері аталған классиктеріміз уығын қадап, шаңырағын биікке көтерген Алаш ұранды әдебиет қазақ прозасының 60-80-жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер шындығын, айтулы өнер адамдарының өмір-тағдырын арқау еткен прозалық шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті. Айтулы, талантты деген туындылар да, қарап отырсақ, осы тақырыптың еншісінде екен. Осы ат төбеліндей, аса дарынды, оза шапқан шоғырдың бел ортасында қаламгер Тәкен Әлімқұловтың да шығармашылығы оқшау көрінеді. Оның басты себебін қаламгердің көркемдік деңгейімен оқ бойы озық көрінген туындыларынан іздеу абзал. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық шығармалары казіргі тұста әдебиет тарихының, әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына, тану өзегіне айналуы өте қажет. Бұл салада алғашқы қадамдар басталды.....
Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың шаруашылықтық іс әрекетінің және қоғамның қарқынды даму барысында көптеген су жануарларының, соның ішінде балықтар түрлерінің тіршілік ету жағдайының өзгеруі көбею экологиясы мен кейбір балық түрлерінің дамуының өзгерісіне әкелді. Балық қорын рациональды пайдаланудың ғылыми негізін дамыту және балық өсіру шаруашылығының даму қарқындылығы балықтар жайлы білімдерді және олардың әртүрлі қоршаған орта факторларының әсеріне реакциясы туралы мәліметтерді білуді қажет етеді. Балықтардың алуан түрлілігін қорғай және сақтай отырып рациональды пайдалану балық шаруашылықтарының негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Бұндай мәселелерді шешу бүкіл онтогенез кезеңін қамтитын балықтар физиологиясы, морфологиясы, экологиясы сияқты нақты білімсіз болуы мүмкін емес. Соның ішінде балықтарының сазан, көксерке, тыран, жайын биологиялық ерекшеліктері зерттелмеген. Дипломдық жұмысымның мақсаты Балхаш көліндегі кәсіптік маңызы бар балықтарының биологиялық жағдайын зерттеу. Жұмысымның мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды: - Іле-Балхаш бассейіне физикалық-географиялық сипаттама беру; - Сазан, көксерке, тыран, жайын кәсіптік маңызы бар балықтар түрлеріне биологиялық талдау жүргізу.....