Өмірбаяндар (биография)


Әбу Насыр әл Фараби

Әбу Насыр әл Фараби (870-950 жж.)


Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ, ал арғы атасының аты – Тархан . Оның туған жері – ежелгі қазақ қаласы Отырарды Арабтар Барфа, (Фараб) деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.

Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазды.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айдие Айдарбеков (1992 жылдың 8 қараша)

Айдие Айдарбеков - Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты
Шығармашылығын кітап жазудан бастап, сценарий жазумен сабақтаған Айдие Айдарбеков қазіргі уақытта бағын кино саласында сынап жүр. Күні кеше кішкентай ауылдан шыққан программист жігіт, бұл күнде киноиндустрияның жүрегі орналасқан "HOLLYWOOD" төбешігінде тұрып, Нью-Йорк киноөнері академиясының "Кино. Режиссура. Телевизия" мамандығы бойынша магистратурада білім алады. Оның ең үлкен арманы бүкіл әлем қызығатын сапалы қазақстандық кино жасау. Туған жерінен жырақта жүрсе де еліміздің кино саласының дамуына үлесін қосуда тынымсыз еңбек етіп жүрген, арманы асқақ отандасымыз - Айдие Айдарбеков.
Айдие 1992 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысында дүниеге келіп, Ақмола облысында, Жақсы ауданында өскен. Қарапайым ауылдың баласы 18 жасқа дейін туған ауылынан шет шықпаған. Ал шетелде небәрі 2 жыл бұрын ғана болып көрген екен.
Өзінің шығармашылық адам екендігін біле тұра, ата-анасының қалауымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және кәсіби білім» факультетіне түсіп, бакалавр, одан кейін магистратураны аяқтап, техникалық ғылымдар магистрі атанған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Аида Балаева Ғалымқызы

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.

Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дана Нұржігіт (1972)

Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мұхтар Шаханов (1942)

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген.
КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986), Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)

Майлықожа - Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туып, алпыс жасқа келгенде, 1898 жылы Арыс ауданында дүние салған. Әкесі Сұлтанқожадан он төрт жасында жетім қалып, Майлықожа жоқшылық - мұқтаждықты көп көреді. Бірақ талапты жас өлең өнерін ерте машық.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.
Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ғабит Мүсірепов Махмұтұлы (1902-1985)

Ғабит Мүсірепов Махмұтұлы - 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Жаңажол" ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958). Социалистік Еңбек Ері (1974). Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды. 1916 жылы екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа)түсіп, онда үш жыл оқыды. С.Сейфуллинмен танысты. 1926 жылы рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқып, 1927- 1928 жж. Бурабай техникумында....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әбіш Кекілбайұлы (1939)

Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай....
Өмірбаяндар (биография)
Толық