Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған.
Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі — көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.
Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш - қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын.
Бұқар жырау Қалқаманұлы Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668 — 1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл - стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Табиғат – бүкіл әлем. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды - адам табиғатының бір бөлігі.
Ғани – Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі. Қазақ халқының көгінде құйрықты жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырып кеткен, ел - жұртын жалын жүрегімен жылытып өткен Ғани Мұратбаев халықты ізіне ерте білді.
Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым, Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады.
Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі – «Диуани лұғати-ат-түрікте» зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген.