Құралбай Орынбасар

 Құралбай Орынбасар

Құралбай Орынбасар – самбодан Азия және Еуропа чемпионы
Ол Азияны үш рет бағындырған, Еуропа кубогының қола жүлдегері атанған, қазақ күресінен Еуропа және Азия чемпионы атанған, дзюдо спортынан Рио-де-Жанейродағы паралимпиадаға қатысып қайтқан ардагер балуан. Самбодан «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», сондай-ақ дзюдо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1976 жылы 1-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Отырар ауданының «құрметті азаматының» бапкерлігімен талай сындарда топ жарып жүрген спортшылар жектілікті. Олар: Әбілдаұлы Сабыржан самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Самбодан 2009 жылы өткен Азия чемпионатының және осы жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2011 - 2012 жылғы "Қазақстан барысы" жарысының қатысушысы; Тұрмаханова Гаухар самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Самбодан екі дүркін Азия чемпионы, 2013-2014 жылғы Әлем чемпионатының Алтын және күміс жүлдегері; Абдіразақ Бағлан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2016 жылғы өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, ҚР чемпионатының жеңімпазы; Дуктурбаева Руза самбодан 2017 жылы өткен Азия чемпионатының және ҚР чемпионатының жеңімпазы, әлем кубогының күміс жүлдегері; Құдретілла Айжан самбодан "Жастар ойындары " І-орын, Азия чемпионатының қола жүлдегері және ҚР чемпионатының жеңімпазы.

Құралбай Орынбасарұлы бапкерлігімен әлі де қазақ туын биіктерден желбірететін спортшылар шығады деп сенеміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру