Бахаргүл Төлегенқызы

 Бахаргүл Төлегенқызы

Бахаргүл Төлегенқызы – танымал топтамашы-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының бірден-бір жеке мұражайының иегері болып табылады. Қазақ ұлттық кәдесыйларын жасап шығаратын «Әдемі-Ай» компаниясының президенті.

Балалық шағы мен жастық шағы Қытай Халық Республикасында өткен Бахаргүл Төлеген бала кезіндегі арманын жүзеге асырды, 1994 жылы тарихи отанына оралды. Сол сәттен бастап Бахаргүл өмірін қазақ ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді сақтауға арнады.

Бахаргүл Төлегеннің барлық жұмыстарынан ұлттық рухтың нақыштарын, қазақтарда сирек кездесетін бұйымдардың құпиясын ашқысы келетін тілегін көреміз. Бахаргүл ханым қазақ мәдениеті мен этнографиясын ағарту және насихаттау мақсатында Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ шетелдік көрмелерге де қатысқан. Сирек кездесетін бұйымдар топтамасымен: Бүкіләлемдік қазақ қауымдастығының 15-жылдығына арналған қазақ шеберлерінің қолданбалы және заманауи өнер әлемінің «Елім-ай» көрмесіне, «Тараз-2000» көрмесіне; Бүкіләлемдік қазақтардың ІІ құрылтайына (Түркістан, 2002 ж.), Шағын қазақ құрылтайына (Швеция, Вестерос 2003 ж.); «Наурыз» көрмесіне (Алматы, 2004 ж.); Бүкіләлемдік қазақтардың ІІ құрылтайына (Астана, 2005 ж.), Шағын қазақ құрылтайына (Германия, Мюнхен, 2007 ж.); Кәдесыйлардың халықаралық «Ару-2007» (Алматы), «Қиял ғажап әлемі» (Астана, Думан, 2007 г.) көрмесіне; Кәдесыйлардың халықаралық «Ару-2008», «Ару-2009», «Ару-2010», «Ару-2010» көрмесіне қатысқан. Әрбір өткен көрмеден Бахаргүл ханым қазақ мәдениетін дамытуға қосқан бағалы үлесі үшін ұйымдастырушылар тапсырған алғысхаттар мен дипломдарды алып келеді.

2009 жылы Бахаргүл Төлеген Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда және Астанадағы Мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайында «Жүрегімде – Отаным» атты ерекше этно жәдігерлік жеке көрме ұйымдастырды. Экспозицияға зергерлік бұйымдар ғана емес, сондай-ақ көшпенді қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары, атты ерттеуге арналған керек-жарақтар, тоқылған бұйымдар, семсер, сауыт және басқа да ерекше бұйымдар ұсынылды. 2010 ж. Алматы қаласындағы Мемлекеттік Орталық мұражайда «Жүрегімде-Отаным» атты жеке көрмесін тағы да жалғастырады.

Бахаргүл Төлегеннің балалық шағы Қытай Халық Республикасының негізгі тұрғыны қазақтар болып саналатын Шәуешек қаласында өтті. Бахаргүлдің бойындағы қазақтардың қолданбалы ұлттық өнеріне деген қызығушылығы кесте тігумен, киіз жасаумен айналысқан анасының арқасында пайда болды. Орта мектепті тәмамдаған Бахаргүл ҚХР астанасына барып, Пекин Мемлекеттік университетінің биология факультетіне оқуға түседі. Оқу жылдары Бахаргүл тарих мен этнографияға үлкен қызығушылық танытады, әсемдігі жағынан ерекше қытайлық сирек кездесетін бұйымдар сақталған мұражайларға барады. Осы салаға қызығушылық танытудың салдарынан Бахаргүл қоладан жасалған қытай мүсіндерін жинай бастайды.
Қазақстанның тәуелсіздік алғандығы туралы хабар – тарихи отанына оралу туралы арманына жаңа күш беріп, Бахаргүлді қуантып жібереді. 1994 жылы университетті тәмамдағаны туралы диплом ала салысымен Бахаргүл бірінше рет Қазақстанға келіп, өз пәні бойынша кандидаттық диссертациясын зерттеу жұмысына кіріседі, сонымен қатар қолданбалы өнерді және ежелгі жәдігерлерді жинауды зерттейді.

Сол кезден бастап Бахаргүл өзінің құмарлығы – қазақ қолданбалы өнеріне толығымен беріледі, жергілікті топтамашылармен танысады. Адамдардың бұндай жабық «қоғамдық топтарымен» ортақ тіл табысуға оның Қытайдан әкелген «қазынасы» - қола және мыс мүсіндері көмектеседі. Бахаргүл осындай сирек кездесетін заттарға деген сұранысты қанағаттандырады, тапсырыстар алады, ал топтамашылар, өз кезегінде, Бахаргүлге күмістен жасалған ұлттық зергерлік әшекейлер әлемін ашады. Біртіндеп, қазақ қолданбалы өнерінің және күміс әшекейлердің заттар топтамасы қалыптасады. Ол кезеңде сирек кездесетін 10-нан астам ғана бұйым болатын.
2000 жылы Бахаргүл «Әдемі-Ай» компаниясының негізін қалайды, 2002 жылы «Әдемі-Ай» өнер салонын ашады, онда үш жыл бойы ізденіс үстінде жиналған бұйымдарының көрмесін ұйымдастырады. Экспозиция біртіндеп өседі, оның қатарында Бахаргүлге сирек кездесетін бұйымдар мен ежелгі жәдігерлерді әкелетін салонның келушілерінің еңбегі де зор. Экспонаттарға үлкен қызығушылық танытатын келушілерге қарап, Бахаргүл Қазақстанда әртүрлі себептермен кәдесый өнімдерінің өндірілмейтініне ойланып қалады. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ол кәдесый өндірісін қолға алады. Әртүрлі халықтарда және мәдениетте ырым бойынша сәттілік әкелетін немесе бәле-жаладан сақтайтын заттар болады, мысалы, қытайлық шаян немесе құрбақа. Қазақ мәдениетінде де осы тәріздес бұйымдар бар. Оның жарқын мысалы, асық, оның мағынасын «Асығың алшысынан түссін!» деген мақалдан түсінуге болады. Осы идеяны неліктен кәдесый бейнесіне айналдырмасқа?

Осы сәттен бастап жігерлі әрі пысық Бахаргүл ханымның өмірінде жаңа кезең басталады. Ол кәдесыйлардың көлемді өндірісін ашады. Бұл үдеріс білім мен дүниетанымды ғана емес, сондай-ақ бизнесті жүргізу шеберлігін және алпауыт іскерлік қабілетті талап етеді. Бұл шеберліктер Бахаргүл ханымның Қазақстандағы мүсіншілермен, тарихи қайраткерлердің монументтерін жасаған авторларымен (олардың жұмыстары мерейтой және тарихи даталармен ұштастырылатын) ынтымақтастық орнатқанынан көрініс тапты. 2003 жылы мемлекетіміз Махамбет пен Исатайдың мерейтойын атап өтеді, Бахаргүл ханым монумент авторларының келісімін алып, сол авторлармен ынтымақтаса жүріп, ескерткіштердің кәдесыйлық нұсқаларын дайындай бастайды. Кейінірек, басқа да бұйым түрлері (қобыз, асық, Бәйтерек, Тәуелсіздік алаңы, Пирамида, «Алтын адам» статуэткасы, металдан жасалған ұлттық аспаптар және т.б.) пайда болды. «Әдемі-Ай» салонында жаңа зал ашылып, Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған, тарихымызға қатысты, салт-дәстүр деген тақырыптар бойынша топтастырылған қазақ ұлттық кәдесыйлары сатылымға қойылады. Осылайша Қазақстандағы кәдесый нарығындағы бірден бір көшбасшы компанияға айналады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру