Марат Ілиясов (1956 жылы)

 Марат Ілиясов (1956 жылы)

Марат Ілиясов (1956 жылы туған, Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы) – сазгер-әнші. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.
Өмірбаяны
Шымкенттің әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітірген.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетік қызмет Академиясының «мемлекеттік басқару саласын» бітірген.
Еңбек жолын Қазақ теледидарында редактор болудан бастаған.
Қазақ радиостудиясының директоры ретінде жалғастырды.
Шығармашылығы
Ілиясов ең алғашқы әнін Мұзафар Әлімбаевтың «Айнұр құсты аяйды» деген өлеңіне 11 жасында шығарды. Мұнан кейін балалық шақтың әсерінен туындаған:
«Кең мекенім»
«Құстар келді»
«Өз елім»
«Ана тілі»
«Шілде»
«Кел көктемім» атты әндерін дүниеге келтірді.
Лирикалық сазды әуендер санатына жататын:
«Мен саған өкпелемеймін»
«Құштарым сен»
«Арманға бірге барайық»
«Аққуымды аяла»
«Сені ойладым»
«Мерекем сен»
«Бір өкініш, бір үміт»
«Қимас қалқам»
«Ақ ботам»
«Сұлуым»
«Сезім» сияқты әндері Ілиясовті кең танымал композитор санатына жеткізді.
«Дала дастарқаны»
«Ерлікке ескерткіш»
«Балуан Шолақ» әндері сазгердің философиялық, азаматтық үлгіге кеңінен құлаш сермегендігін көрсетеді.
Жетістіктері
республикалық «Дарын» сыйлығы
Республикалық жас композиторлар конкурсы
«Жігер» фестивалінің әлденеше дүркін лауреаты атанды.
Кітаптары мен әндер жинағы
1988 ж. «Мерекем сен» деген атпен әндер жинағы жеке күйтабаққа түсіріліп таратылды.
1990 ж. «Өнер» баспасынан «Аққуыңды аяла» атты әндер жинағы жарық көрді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру