Қаракөз Тілеубекова Байжұмақызы

 Қаракөз Тілеубекова Байжұмақызы

Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен.
Фильмография:
2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?»
2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев)
2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов)
2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)
Телехикаялар:
2009 - "Откройте дверь - я счастье!" (7-бөлімінде) (реж. Вячеслав Матухин)
2012 - "Вузеры" 1, 2 маусым
Актриса Қаракөз Тілеубекова отандық телевизиялық шоулардың бірінде ененің рөлін сомдауда. Шын өмірде әлі келін түсіріп үлгермеген Тілеубекова «қатал ене болар едім» дейді.
«Мен ене болсам «жаным, күнім» деп айтпас едім. Ол біреудің қызы, не болмаса баласы… Иә, сыйлайтын жерде сыйлаймын. Бірақ арамызда субординацияны сақтар едім. Басқа шығармайтын едім. Дұрыс емес нәрсесін көрсем басымнан асырмаймын. Мінезім сондай», – деді Тілеубекова.
Ал Қаракөздің әпкесі, актриса Гүлбаушан Тілеубекова сіңлісіне қарағанда жұмсақтау екенін айтты. Десе де, оның да бүгінгі келіндерге көңілі толмайтын болып шықты.
«Біз де келін болдық. Құдайға шүкір, өз орнымызды білеміз. Үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп сыйлаймыз. Орнымыздан атып тұратынбыз біреу кіріп келсе, өйткені тәрбиеміз солай. Ал қазіргі келіндер ондай емес», – дейді.
Қаракөз болса ешқашан да келіннің қыздай болмайтынына сенімді.
«Кейбір адамдар «келінім қыздай» дейді. Мен сол сөзді онша жақтыра қоймаймын. Өйткені, келін ешқашан да қыздай болмайды», – деп түйіндеді сөзін актриса.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру