Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968)

 Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968)

Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968 ж.) — актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.).
Өмірбаяны
1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті
1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын құруға қатысушылардың бірі болды.
1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты.
1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»),
1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты.
Шығармашылығы
Қысқа пьеса, әзіл әжуа сықақтардың авторы (жинақтар: «Острие», 1936; «Шаншарлар», 1962).
Атақтары, марапаттары және естелік
2-4-сайлау КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2 рет Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қуанышбаев құрметіне Қарағанды, Қарқаралы қалаларында көшелер аталған. Қарқаралыдағы ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылған.
Сахна өнеріндегі ойнау таланттары
Сахна өнерінің Қалибек Қуанышбаев шыққан ең биік шыңы — М.Әуезов пен Л.Соболевтің пьесасындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай рөлі болды. Дарынды артист бүкіл қазақ халқының алтын діңгегін арқалап шыққандай көрінді. Бұл рөлді бес жылдан кейін кинода қайтадан ойнағанда режиссер Г.Л.Рошаль: "Қалибекпен қызметтес болу басшы адамға бір зор бақыт екен ғой" — дейді.
Мәскеудегі көркем театрдың 50 жылдық тойында Одақтағы басты- басты театрлардың ең жақсы спектакльдерінен үзінділер көрсететілген. Қазақстаннан Шекспирдің Мұхтар Әуезов аударған "Асауға тұсауынан" үзінді көрсетіледі. Сондағы Катаринаның әкесі Баптистаның рөлін сомдаған Қалибек Қуанышбаевты жиналған сахна мамандары, ғалымдары орыстың ұлы артистері В.Н.Давыдов пен М.М.Тархановқа теңеген екен.
Сахна өнерінің әйгілі саңлағы, Кеңес Одағының халық артисі Құрманбек Жандарбеков "Сахна мақтанышы" деген мақаласында: "Қалибек театрға басқаларымызға қарағанда артықша қабілетімен келген адам. Алғашқы қазақ театры бірнеше өнердің басын қосқан синтездік театр болатын. Пьеса да қоямыз, концерт те береміз, цирк ойындарын да көрсетуші едік. Қалибек осы ойындардың бәріне де қатысып, жұрт көзіне ерекше түсетін. Көрушілерді ол өзінің "Қыз ұзату", "Қой күзету" сияқты күлдіргі сықақ әңгімелерімен таңғалдыратын. Құлаққа жағымды, бояуы мол қоңыр кең дауысын сан қилы кейіпкерлері характеріне лайықтап пайдалана білетін.
Қалибек — имитацияның асқан шебері. Бір өзі "Қыз ұзатудағы" бажылдақ кемпір мен балпылдақ шалды, қыз сыңсуын, бұзаудың мөңірегені мен иттің үргенін, қасқырдың ұлығанын — бәрін де айнытпай шебер бейнелеп көркем шығаратын. Ол мысқыл, тақпақ өлеңдер де шығарып, соларды сахнадан шебер орындап жүрді.
Қалибек Қуанышбаев халқымыздың ауыз әдебиетін жақсы біледі. Ол Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт және де қазақ ақын-жазушыларының талай өлеңдерін жатқа айтатын. Тіл өнерінде Қалибектен асқан актеріміз болған жоқ. Бүгінгі жас актерлер алар үлгі, дәстүр осы болмақ. Өйткені актердің сөз кереметін ұқпай, сахна шеберлігін игерем деуі мүмкін емес.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру