Бөрібай Оразымбет (1954 жылы)

 Бөрібай Оразымбет (1954 жылы)

Бөрібай Оразымбет - 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай өңірінде туған.

Еңбек жолы
Ауылдағы орта мектепті аяқтағаннан кейін, еңбек жолын шопан болып бастаған. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, орта арнаулы оқу орындарынан есепші және агроном мамандықтарын алған. Көп жыл бойы Шардара және Мырзашөл аудандарында сауда саласында қызмет еткен. 1992 жылы Мырзашөл аудандық Киноландыру жүйесінің директоры қызметін атқарған. Қазіргі таңда мәдениет қызметкері. 1998 жылдан бері Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі. «Ақ-Бөрі» атты телефильмнің бас кейіпкері. 2001 жылы өткен Республикалық термешілер сайысының, 2003 жылы Ташкентте өткен «Өзбекстан — ортақ үйіміз» Халықаралық фестивалінің лауреаты. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының I және ІІ құрылтайының делегаты. Бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы, Халықаралық ақындар айтысының жүлдегері.

Еңбектері
Ақынның өлеңдері «Мырзашөл — менің мекенім», «Теңіздің дәмі — тамшыдан», «Бекет ата», «Ел мен Елбасы», «Мырзашөл — атамекенім», «Алтын алқа» жинақтарына енген. «Махаббатым, мәңгі-сің», «Елім, менің сырымды ұқ!», «Ақ-Бөрінің айтыстары», «Қайың болды бір шыбық», «Менің мың бір түндерім», «Тамшы-таным», «Қос арман», «Усойқы ойлар», «Ақ-Бөрі ақын айтқан екен» атты кітаптардың авторы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру