Роза Рымбаева Қуанышқызы (28 қазан 1957 ж)
Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазан, 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.
Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.
Биографиясы
Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан обылысындағы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, мұнда 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.
1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы - «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.
Отбасы
Жолдасы - Тасқын Оқапов (1948-1999)
Ұлдары - Әли Оқапов (1991), Мәди Рымбаев (2000)
Жолдасының қарындастары - Мәншүк (1975), Әлия (1979)
Хронологиясы
1974 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
1975 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
1976—1979 — «Гүлдер» ансамбілінің солисті
1977 — «Гран-при», «С песней по жизни» бүкілодақтық телевизиялық конкурсы
1977 — «Гран-при» Болгариядағы «Золотой Орфей» фестивалі
1977 — «Гран-при», Сопоттағы халықаралық әндер фестивалі, Польша
1979 — Т. Оқапов жетекшілігіндегі «Арай» ансамбілінің құрылуы
1979 — Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі
1979—1984 — Қазақ Театралды-көркемдік институты
1981 — Лениндік Комсомол премиясының лауреаты.
1983 — «Гран-при» «Гала-83», Куба
1984 — Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі
1986 — Казақ КСР-нің Халық әртісі
1986 — «Гран-при» «Алтын микрофон», Түркия
1995 жылдан бастап Республикалық эстрада-цирк колледжінде оқытушы
2000 — «Эстрада жұлдызы» номинацисында «Жыл Адамы»
2000 — Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
2000 — Платиновый Тарлан премиясын алды
2004 — Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты
2005 — Мәскеуде Эстрада жұлдыздары алаңында жұлдызы ашылды
2007 — "Роза Рымбаева 30 жыл сахнада" мерейтойы
2008 — Пекин олимпиадасының факелын алып жүрді
2008 — Қарағандыда жеке жұлдызы ашылды (Бибігүл Төлегеновадан кейін)
2008 — Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
2008 — "Коктем шакырады"концерттік бағдарламасына 10 жыл
2011 — Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының гимнін орындап, факелды алып жүрді
2011 — "Роза Рымбаева 35 жыл сахнада" мерейтойы
2012 — Жапония, Ресей, Түркия және Белоруссиядағы концерттік турне
2013 — Imperial Сәң Үйінің бет бейнесі болды .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: өмірбаян Роза Қуанышқызы Рымбаева туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Роза Қуанышқызы Рымбаева өмірі мен шығармашылығы, Роза Куанышкызы Рымбаева биография омирбаяны акпарат малимет, Роза Куанышкызы Рымбаева биография на казахском языке, Роза Қуанышқызы Рымбаева