1 Сәуір — Күлкі күні
Көп адам жүретін мекемеде тақтайшаға «дәретхана» деп жазып, мүлдем басқа есікке іліп қою керек. Бұл қызметкерлердің бөлмеден көп шыға бермейтін жері болса жақсы, тақтайша көбірек ілініп тұрады, ал қызметкерлер жүгіріп кіріп, таңғалып атып шығып жатқан адамдарға өздері де таңғала қарайды. Бірнеше жол көрсететін сілтеме-тақтайша болғанда қызығырақ болады. «Дәретхана» жазуының орнына «Асхана» деп жазуға болады. Екі жағдайда да жұмыскерлердің олай емес екенін бірнеше рет түсіндіруге тура келеді.
Егер көршіңіздің болмаса әріптесіңіздің бөлмесінің есігі сыртқа қарай ашылатын болса мынандай бір қалжың жасауға болады. Жеңілдеу, жіппен қозғауға болатын (кітап, қаламдар, жеңіл жиһаз) нәрселерді өзара бір-бірімен байлап,содан соң есіктің тұтқасына байлайсыз. Қатер істі білмейтін біреу есікті ашып қалған кезде байланған нәрселер жан-жаққа шашылады. Бөлменің астан-кестені шығады. Ең қиыны жіппен байланған нәрселерді есіктің тұтқасына байлап, абайлап бөлмеден шығып кету.
Лагерде істеген қалжыңдардың бірі. Секеңнің ұйықтағанын күтіп, (әдетте оның ұйқысы өте қатты болатын) үстіне бір қора дәретқағаздарды тастап, (көбірек тастауға тырыстық) бәріміз «Секең! Оян, үстіңе төбе құлап бара жатыр!!!» - деп айқай салдық. Қалған түнде Секеңнің қатты ықылықтауынан ешкім ұйықтай алмады!
Бір колода карта (54 даналы), ойыншылар және ішімдіктердің көп түрі.
Жүргізуші ойыншылардың көңілін көтеріп отырса ойын қызығырақ өтеді.
Сонымен, карта үлестіріле басталады (жүргізуші оны аса шеберлікпен, асықпай, өзінің іс-әрекетімен ойыншылардың жүйкесін тоздырып, әртүрлі қалжыңдармен тиіскілеп отырады) ойыншылардың біреуіне тұз түскенге дейін. Тұз түскен адам коктейлдің құрамына тапсырыс жасайды (мысалы: қымыз, шұбат, шырын, сарыағаш, айран, лимон, шарап т.с.). Жүргізуші мұның бәрін есінде сақтайды. Әрі қарай екінші тұз түскенге дейін карта үлестіріледі. Екінші тұз түскен адам коктейлдің көлеміне тапсырыс береді (100 грамнан 0,5 литрге дейін). Жүргізуші есінде сақтайды. Карта әрі қарай үшінші тұз түскенге дейін үлестіріледі. Ол ойыншы коктейлдің ақшасын төлейді, не өзі оны араластырады, және де коктейлге қосылатын ішімдіктердің қосылу мөлшері де өз еркінде. Карта үлестіріле береді. Төртінші тұз түскен адам осы коктейлді ішуі тиіс.

Бұл ойын ұзаққа созылып, біртіндеп жасалады және де бір қолайлы нәтижесі: ойыншының ұқыптылығын нығайтады. Әрдайым сіздің қасыңыздан табылатын адам таңдалады (күйеуі, зайыбы, ағасы, әпкесі, қарындасы, бауыры т.с.). Ойынның шарты бойынша бұл жаңғалақ адаммен ойналады. Өйткені ондай адам әрқашан өзінің заттарын (көзілдірігін, тарағын, ұялы телефонын т.с.) аңдаусызда көрінген жерге тастап кетеді. Күнделікті жоғалтқан нәрсесін іздеумен айналасындағы адамдардан «көрдіңдер ме?» деген сұрақпен мазаларын алады. Міне, дәл сондай сәтте сіз оған оның жоғалтқан нәрсесінің мүлдем ол затқа қолайсыз жерде екенін айтасыз, мысалы: тоңазытқышта деген сияқты. Әрине ол адам сіздің оны мазақ қылып тұрғаныңызды түсініп сіз айтқан жерден қарамайды. Бірақ іздеп таба алмаған соң сіз айтқандай тоңазытқыштан да қарауына тура келеді. Осыдан кейін жаңғалақтың жоғалтқан нәрселерін өзіңіз айтқандай небір жерлерге қоя беріңіз. Ерте ме, кеш пе ол адам өзінің жоғалтқан нәрселерін сіз қойған жерден тауып алып жатады. Оның ол жерге қайдан келгеніне таң қалады, бірақ та іздестіруді сол жерден бастайтын болады. Ал, енді айналасындағылардың ол адамның тарағын тоңазытқыштан іздегенін көргендегі таңғалғанына көз салыңыз. Немесе іздеген нәрсесін басқа біреу мүлдем ойламаған жерден алып шығып «мынау сенікі ме?» деп аң-таң болып жатса... Бұл ойын жаңғалақ адамның түбінде өз нәрселеріне ие болуына әсер етеді.
Сыныптың ең соңындағы партаға отырып, хат жазыңыз. «Төбеде шұлық ілініп тұр! Әрі қарай бер!» Хат сынып ішінде қолдан қолға беріліп кете береді. Хат алған оқушы оқыған соң төбеге ұзақ қарап күледі де, хатты басқа біреуге береді. Мұғалім хатты оқып, күліп отырған оқушыларды байқаған соң хатты алып-алып оқиды да, төбеге қарайды.
Фараон
Бір адамның көзі байланады. Байланған көзімен ол алдындағы адамның мүшелерін қолымен ұстап анықтауы тиіс. Ең бастысы ол адамның басын, аяқ-қолын анықтаған соң қолына жылы, қабығы аршылған шұжықты ұстатыңыз.

Үнемі басына бір түсті қалпақ киетін адам болыпты. Өзі қырсық адам болғандықтан айналасындағылар оны алдап соқпақшы болады. Дәл сол адамның қалпағындай бас киім, бірақ екі размер кішісі сатып алынады. Жұмысқа келген соң ол кісі әдеттегідей сыртқы және бас киімін ілгішке іледі. Сол сәтте оның бас киімі ауыстырылады. Ойын ұйымдастырылушылар бірінен соң бірі «сіздің басыңызға не болған?» деп сұрап жүреді. Жұмыстың аяғында ол адамның әбден мазасы кетеді. Қайтарда бірінші сыртқы киімін, сосын бас киімін кимекші болады (әрине бас киімі тар болып шығады). Таң қаларлық оқиға, бірақ жағдайды ұшықтырып алмаған да жөн.
Жіптен тарт
Бұл ойынды балалар бар жерде де ойнауға болады, бірақ алдын ала дайындық керек. Бірінші пенжагыңыздың қалтасына бір шарғы жіп салып алыңыз. Жіптің түсі пенжактың түсіне сәйкес келгені дұрыс. Жіптің ұшын көзге түсетіндей сыртқа шығарып қойыңыз. Міндетті түрде сіздің салғырттығыңызды аңғаратын біреу табылады. Одан көмек сұраңыз. Үлкен де, бала-шағада күлкіге бір батады.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: 1 сәуір күлкі күні әзілдер, 1 сәуір қалай алдауға болады, 1 сәуір күлкі күні қалай алдауға болады, 1 сәуір күніне апайларды қалай алдауға болады, 1 апреля день смеха анекдоты на казахском