ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ

Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып:
— Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті.
Жиылған халық көп дағдарып:
Үш арсыз: үйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, — деп шешіпті.
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.
Сонда Әз Жәнібек хан:
— Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты.
— Келмеген Қарабас шешен қалды, — депті халық.
Әз Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін сұрапты:
Сонда Қарабас:
Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой!
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаушысыз сөз жетім,
Жоқтаушысыз қыз жетім, —
дейді.
Сонда Әз Жәнібек:
— Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен. «Қарабас» дегенше «Алтынбас» десе болмай ма? — деген екен

Автор: Жусипжан Абдрашит
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Жусипжан Абдрашит, үш арсыз үш ғайып үш жетім, арсыз, ғайып, жетім, Жәнібек, халық, депті, Сонда, қонақ, қалды, тамақ, Ноғайлының, Қарабас, сұрапты, болады, халықты, күлкі, Жиылған, табады, дағдарып, Жоқтаушысыз