Қызықты және махаббат жайлы SMS хаттар

Қызықты және махаббат жайлы SMS хаттар

 Махаббат жайындағы SMS-тер

Мені, бір сағатта 60 минут, ал бір минутта – 60 секунд бар деп үйретті. Бірақ сенсіз өткізген бір секунд – тұңғиық екенін ешкім үйретпепті.
* * *

Сүю мен жек көрудің арасы бір-ақ қадам: сенімен бірген болғанды сүйемін, бөлек болғанымызды жек көремін.
* * *

Түн болғанда аспанға қарашы. Егер аққан жұлдызды көрсең жәй ғана арманда. Мен де армандап сені таптым…
* * *

Менің көздерім жүрегіме қызғаншақтықпен қарайды. Білесің бе неге? Өйткені сен менің көздерімнен алыс болсаң да, әрдайым менің жүрегімдесің.
* * *

Егер сен менің жасым болсаң, сені жоғалтып алмас үшін… ешқашан жыламайтын едім. Сен өте қатты сүйемін!!!
* * *

Сені неге қатты сүйетінімді білесің бе? Өйткені басқалай сүйе алмайды екенмін…
* * *

Маған қазір ғана жұмақтан хабарласты. Олардан ең әдемі періште қашып кетіпті. Бірақ мен оларға сен екеніңді айтқан жоқпын.
* * *

Мен кейде ойланамын, осы періштелер қайда деп, аспанда ма, ауада ма, жер де ме??? Бірақ бір білетінім, қазір ең әдемі періште менің SMS-імді оқып, жымиып отыр…
* * *

Сәлем! Мен ұрымын. Бұл жерге сенің жүрегіңді ұрлау үшін келдім.
* * *

1 SMS: Мынаны қаттырақ, дыбыстап оқы: “Уртаказ снаворовс лаи ретам”.
2 SMS: Сен жана ғана үндіше сиқыр сөздерін айттын, болды, енді сен мәңгілік мендіксің!
* * *

Жаным менің саған тым жақын екен!
(Мүмкін бұл махаббаттың басы ма екен?)
Тасытатын жүректі, жасытатын,
Сағыну бір өзіңді бақыт екен!



Әзілді және қалжын SMS-тер

Мен қазір милициядамын. Маған қарсы іс қозғалды. “Тым әдемісің” деген айып тағылды. Оларда барлық дәлел бар. Енді не істеймін? Маған көмектесші!!!
* * *

Ештемені баспа!!! Бұл – вирус – Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Хе-хе… Қалжын айтам…
* * *

Досым!!! Маған сенің көмегің керек. Мені бәрі іздеп жүр, маған 2 күнге тұрақтайтын орын тауып берші. Сен менің ең сенімді досымсың ғой, өтінем, көмектесші! Усама Бенладен
* * *

Мен саған бірдеңе айтуым керек. Мұны енді жасыра алмайтын сияқтымын. Саған ауыртпашылық жасағым келмейді, бірақ сен оны білуің керексің: МЕНІҢ СЕНІ ҚАТТЫ САҒЫНҒАНЫМДЫ!!!
* * *

Сәлем! Мен SMS-вируспын. Менің атым … Мен қазір сенің миыңа кіремін де… Ой, кешір, мен шығып барамын… миыңды таппадым. Қалжың )))
* * *

Бір күні микроп үйленіпті. Тойына инфекция, вирус, саңырауқұлақ, патоген, бәрін-бәрін шақырыпты. Бірақ мына SMS-ті оқып отырған паразит келмей қалыпты.
* * *

Мені алып қашып кетті. 86-жылғы жігіт. Енді не істеймін? Қала беремін-ау деймін. Өзім де білмей қалдым. Сен қазір маған звондашы, көмектесші, өтінем! – депті 39 жастағы әйел күйеуіне.
* * *

Бүгін Шрек пен Фионаның кездесіп, есекке бірге отырған күні. Осыны 10 адамға жібер. Сонда олар есектен түседі. (тексерілген)
* * *

Сен сондай ақылсыз, айтқанды орындамайтын, ақымақ, жиіркенішті, үсті-басы лас, қарны ашса тыныштық бермейтін, көпшіліктің көңіліне ұнамайтын, қаңғырып, әр жерде ұйықтап қалатын мысығымды көрмедің ба?
* * *

<’.’.’-< мынау өлейін деп тұрған балық. Сен оны өлтірмей бағыуың керек. Ол үшін сотканды күн сайын 3-4 сағат суға салып қой.
* * *

Қайырлы таң, …! Айтпақшы, бүгін 11-і екен ғой, осы SMS-ті 11 адамға жіберсең, ертең 12-сі болады (тексерілген)


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру