Сүйікті ісіңмен айналысып жүргеніңді айғақтайтын 7 белгі!

Сүйікті ісіңмен айналысып жүргеніңді айғақтайтын 7 белгі!

Бұл мәлімет Қазақстандағы Нейро-лингвистикалық бағдарлау орталығының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

1. Оған әрқашан уақыт таба аласың. Онымен кез-келген жағдайда, кез келген көңіл күйде айналыса аласың.

2. Ол іске бірден кірісесіз. Ұзағынан кірісесіз. Ол іс назарыңды кіріскен бойда толығымен жұтады. Басқаға алаңдауың қиын.

3. Үнемі жетілудің жаңа жолдарын іздеуден, жаңа білім сіңіріп, жаңа дағдыларды игеруден ләззат аласың. Сүйікті ісіңе қатысты піккірталастарда белсенділік танытасың.

4. Білгеніңді, тапқан тәжірибеңді басқалармен ешқандай ақысыз бөлісесің. Білім мен тәжірибе саған жеңіл келген сияқты болады, сондықтан бөлісуден де еш қиындық көрмейсің. "Мынау менің білгенімді пайдаланып, менен асып түсетін болды-ау" деген уайыммен басыңды қатырмайсың.

5. Сүйікті ісіңнен жүйкең де, бұлшық етің де оңайлықпен шаршамайды, керісінше үлкен күш аласың. Тағы да, тағы да әрі қарай қызығына бата бергің келеді. Жаңа таныстар, саяхаттар, эксперименттерге мейілінше ашық боласың.

6. Ақша сен үшін барлығын анықтайтын фактор болудан қалады. Қатты беріліп кеткен кезіңізде, тіпті ол іске кідірместен өз маңдай тер табан ақыңды жұмсауға барсың. Біраз уақыттан соң, сүйікті ісің саған кіріс әкеле бастайды.

7. Аңсаған армандарың біртіндеп, өзінен өзі орындалып жатқанын бақылап ғана отырғаныңды байқайсың. Жаңа таныстар, жаңа шығармашылық идеялар еш қиындықсыз, өзіне өзі пайда болып жатқандай күйде боласың.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру