Күнделікті жұмысқа не киемін?

Күнделікті жұмысқа не киемін?

Жұмысқа не киіп барғаныңызға қарай, әріптестеріңіз сіз жайлы ой қалыптастыратын болады, сондықтан күнделікті стиліңізге бей-жай қарамағаныңыз абзал. Жұмыстың өзіндік киім кию ережесі бар және сол ережелер қиялыңызды шектеп, ойлағаныңызды іске асыруға ерік бере бермейді. Күнделікті жұмыс күніне кішкене жарқындық сыйлап, әдемі болып жүру үшін мынадай кеңестерді ұстансаңыз жеткілікті.

Дүйсенбі

Бастан аяқ бір түсті киімдер киеміз, бірақ тек қара түсті емес. Бұл дүйсенбілік күйбелең тірлікті жеңудің ең қарапайым әдісі. Мысалы, ашық көк түсті киімдерді үйлестіріп көріңіз.

Күнделікті жұмысқа не киемін?

Сейсенбі

Сейсенбіні белдемше күні деп жариялаңыз. Классикалық костюмнің белдемшесін пайдалануды ұсынамыз, бірақ үстіге кішкене еркін стильдегі кофта таңдаңыз. Бұл шығармашылық көңіл-күй сыйлайды.

Сәрсенбі

Аптаның ортасында біраз шаршаңқы көңіл-күйге түсетініміз анық, бірақ атқарылатын жұмыстар бұған дес бермейді. Қара-ақ палитра көңіл-күйді біркелкі етіп, істің алға басуына ықпал етеді. Сонымен қатар сұр түстер де жарайды.



Бейсенбі

Бастан-аяқ қара түске киінеміз. Классикалық қара түс ешқашан сәннен кетпейді. Онымен қоса, бұл түс пішініңізді биязы етіп, нәзіктік береді. Қара түске сәйкестендіріп, жинақы аксессуар пайдалансаңыз да болады.

Жұма

Жұма күні адамдар біраз босаңсып, жұмысқа зауқы болмайды. Бұл және көңіл-күйде де білінеді. Сондықтан өз-өзіңізді қинамай еркіндікке жол беріңіз. Шектен шықпайтын креативті және жеңіл киімге жол беріп, қалауыңызды іске асырыңыз.

Дайындаған: Анар Мұстафина, дереккөзі

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру